221
протондарды байланыстыруда әлсіз қышқылдардың аниондары
маңызды
орын
алады.
Организмде
бҥл
мақсатта
гидрокарбонаттар мен нӛруыздардың аниондары ҥлкен қызмет
атқарады. Сондықтан оларды буферлік негіздер деп атайды.
Сутегі иондары зат алмасудағы аралық ӛнімдерден
(кетондық денелер, пирожҥзім, сҥт т.с.с. органикалық
қышқылдардан) және тотығу ҥрдісінің соңғы ӛнімі кӛмір
қышқылынан шығады. Денеде тәулігіне мӛлшермен 1 мМ/кг
ауада ҧшпайтын қышқылдар ӛндіріледі. Тағамда нәруыздар
кӛп болғанда кҥкірті бар аминқышқылдарынан (метионин,
цистеин т.б.) кҥкірт қышқылы тҥзіледі. Лимонның дәмі
қышқыл болғанымен, онда цитрат болғандықтан ол сілтілік
әсер етеді.
Организм
сҥйықтарында
және
тіндерде
ортаның
реакциясын, әдетте, рН мӛлшерімен анықтайды. рН (роwег
Нуdгоgеn — сутегінің кҥші) — сутегі иондары дәрежесінің
ондық теріс логарифмі немесе сутегі кӛрсеткіші делінеді.
Қалыпты жағдайда қан сары суында рН ӛте тығыз деңгейде
ауытқиды (7,35 - 7,45). Оның тҧрақтылығы қанның т. б.
тіндердің буферлік (ағылш. buffег — арашалау, соққыны
әлсірету) қасиетіне байланысты.
рН қанда 0,1-ге ӛзгеруі организмнің тыныстық, жҥрек-
қан тамырлар т. б. жҥйелердің бҧзылыстарына әкеледі.
Қанда рН 0,3-ке тӛмендеуі ацидоздық кома дамуына, ал 0,4-
тен астам тӛмендеуі ӛлімге әкелуі мҥмкін.
Жасушалардың ішінде рН мӛлшері әлсіз қышқылдық жаққа
ығысқан болады. Мәселен, тыныштық жағдайдағы бҧлшықет
жасушасы ішінде ол 6,9 шамасында, эритроциттердің ішінде
– 7,19, қуықасты без жасушасының ішінде 4,9 –дан тӛмен,
остебластарда 8,5 мӛлшерінде болады. Жасуша сыртылық
сҧйықта рН мӛлшерінің 6,8-7,8 аралығында толқуы адам
тіршілігіне ауыр қауіп тӛндіреді, ал одан асып кеткенде
тіршілік мҥлде тоқтайды.
Сутегі
иондарының
деңгейімен
рН
арақатынасы
тӛмендегідей болады (12-кесте).
12 Кесте
Н
+
мӛлшерімен рН-тың арақатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: