243
оларға мҧқтаждығы артуынан,
витаминдердің экзогендік
жеткіліксіздігі байқалады. Мәселен, жылдың суық уақытында
организмге
тиамин
жетіспейді.
Солтҥстік
аймақтарда
ретинол, кальциферол, В-витаминдері жетіспеуі дамиды. Ауыр
қол
жҧмысын
атқарғанда
В-витаминдеріне
организмнің
мҧқтаждығы кӛтеріледі. Қатты терлеу кезінде организмнен
суда еритін витаминдер термен сыртқа кӛптеп шығарылады.
Жҥкті
және
бала
емізетін
әйелдердің
витаминдерге
мҧқтаждығы жоғары болады.
● витаминдердің эндогендік
жеткіліксіздігі ішектерде
олардың сіңірілуі бҧзылудан болады. Ішек сӛлінде липаза
ферменті аз болуынан, ішекке ӛт тҥспеуінен
немесе ішек
қабырғалары арқылы витаминдердің белсенді тасымалдануы
бҧзылудан олардың эндогендік жеткіліксіздігі дамиды.
Әртҥрлі
витаминдердің
жеткіліксіздігі
кездерінде
белгілі бір жалпылама кӛріністер байқалуы мҥмкін. Кӛптеген
суда еритін витаминдер әртҥрлі ферменттердің коферменттері
болып
келеді.
Сондықтан
олардың
тапшылығынан
зат
алмасуларының әртҥрлі бҧзылыстары байқалады. Бҧл кезде
дене
салмағы азаяды, иммунитеттің бҧзылуы, бҧлшықеттердің
әлсіздігі, бой ӛсуінің баяулауы байқалады. Сонымен бірге
РР
витаминдерінің
болмауынан
жҥйке
аурулары,
Е
витаминдерінің аздығынан жасуша мембраналарында майлардың
асқын тотығуынан кӛптеген ішкі
ағзалардың қызметтерінің
бҧзылыстары, РР витаминдерінің тапшылығынан — асқорыту
жолдарының бҥліністері байқалады. Сонымен қатар кӛптеген
жекелеген
витаминдердің
жеткіліксіздігіне
ғана
тән
бҧзылыстар да болады (мешелдік, геморагиялық диатездер,
пеллагра т. с. с.).
Сапасыз қоректенудің нәтижесінде
микроэлементтердің де
жетіспеуі байқалады (электролиттер алмасуының бҧзылыстарын
қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: