239
маңызды қызметтері қалыпты деңгейге жақын мӛлшерлерде
сақталады. Бірінші кезеңінде мидың,
әсіресе тағамдық
орталықтың, қозуы болады. Артынан орталық жҥйке жҥйесі
тежелуінен рефлекстер азаяды, кейбір шартты рефлекстер
жоғалады. Ашығу кезінде жарақаттық сілейме (травмалық шок)
дамуына қолайлы жағдай пайда болады. Кӛпшілік жағдайларда
ашығу адамның ойлау қабілетіне зиянды әсер етпейді.
Ашығудың басында гипофизде кортикотропин
мен тиреотропин
ӛндірілуі артады. Осыдан қалқанша без бен бҥйрек ҥсті
бездерінің қызметтері кӛтеріледі.
Ашығудың екінші кезеңінде барлық эндокриндік бездердің
қызметтері
әлсірейді.
Гипоталамуста
либериндердің
ӛндірілуі
азаяды.
Содан
гипофизде
соматотропиннің,
фоллитропиннің т.с.с. ӛндірілуі тӛмендейді, баланың бойы
ӛсуі, жыныстық бѐздердің қызметтері бҧзылады. Ашығудан:
♣ жҥректің жиырылу қабілеті тӛмендейді, артериялық
гипотензия, ауыр жағдайларда коллапс дамуы мҥмкін;
♣ рестрикциялық
тыныс жеткіліксіздігі, гипоксияға
жауап ретінде ӛкпенің желдетілуі мен тыныстық ауа
кӛлемдерінің
азаюы
байқалады.
Ӛкпенің
тіршіліктік
сыйымдылығы қалыпты мӛлшерінің 1/3 –інен аспайды. Тыныстық
жҧқпалар жиі дамиды;
♣ басында асқорыту сӛлдерінің
шығарылуы артып, ӛзінің
нәруыздарын
ыдыратады,
босаған
аминқышқылдары
қанға
сіңіріліп, олар глюкоза тҥзілу ҥшін пайдаланылады. Артынан
ішек-қарын жолдарының семуі болып, асқорыту сӛлдерінің
шығарылуы
азаяды.
Гипохлоргидрия
дамып,
сӛлдердің
асқорыту қабілеті тӛмендейді. Ашішектердің бҥрлері семуден
тағамдық заттардың сіңірілуі бҧзылады (мальабсорбция), іш
ӛтулері
болады.
Содан
нәруыздардың,
әсіресе
алмастырылмайтын аминқышқылдарының,
тапшылығы одан сайын
кҥшейеді, ішектерде дисбактериоз дамиды;
♣ полиурия, поллакиурия,
никтурия дамып, артынан
олигоурия болады;
♣ гипохромдық анемия дамиды;
♣ бауыр қызметінің бҧзылуы байқалады;
♣ иммундық жҥйенің бҥліністері болады;
♣ бҧлшықеттер мен буындарда ауыру сезімі байқалады;
♣ организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделу
мҥмкіншіліктері азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: