236
Содан біртіндеп ашығудың тӛртінші салдану кезеңі дамиды.
Ашыққан организм терең комадан жан тапсырады. Бҧл кезде
тыныс
алу орталығы
мен қан тамырларының қимылдық
орталығының
салдануы болып, жҥрек соғуы мен тыныс алу
тоқтайды.
Бҧл
кӛрсетілген
жіктеуге
қарағанда,
ашығудың
кезеңдерін ажырату ҥшін ол кездердегі
заттар мен энергия
алмасу
ерекшеліктерінің
жағдайларына
қарай
патофизиологиялық ажырату
маңыздырақ болады. Осыған орай
ашығудың ҥш кезенін ажыратады:
1. энергияны ҥнемсіз пайдалану кезені;
2. энергияны ҥнемдеп пайдалануға жақсы икемделген
кезең;
3. тіндердің ыдырауы, жануарлардың уыттануы мен ӛлуіне
әкелетін ақтық кезең.
Жануарлардың гҥрлеріне қарай әр кезеңнің ҧзақтығы да
әртҥрлі болады. Адамда бірінші кезең 3-4 кҥнге, екінші
кезең 40-50 кҥнге, ҥшінші кезең 3-5 кҥнге созылады.
Сонымен қатар ашығудың кезеңдеріне орыс ғалымдары Г.Ф.
Ланг және А.Л. Мясников ХХ-ғасырдың 40-шы
жылдарында
ҧсынған жіктеме назар аударарлықтай деуге болады. Бҧл
ғалымдар ашығудың кезеңдерін клиникалық кӛріністеріне
қарай ажыратқан. Олар ашығудың ӛту ерекшеліктеріне
байланысты ҥш кезеңді бӛлген: 1-ші жеңіл немесе емханалық,
2. ораша дәрежелі немесе ауруханалық (аруханада
жатып
емделуді қажет ететін), 3. ауыр, қайтымсыз кезең
Достарыңызбен бөлісу: