234
Ашығу
Ҧзақ тамақ ішпеуден немесе тым аз ішуден, немесе
әртҥрлі дерттердің әсерлерінен
ішкен астың қорытылмауынан
ашығу дамиды. Ол бірнеше тҥрге бӛлінеді (7-бейнелеме).
7-бейнелеме
Ашығудың ең ауыр тҥрі тамақпен бірге суды да ішпеуден
байқалады. Оны
сусыз толық ашығу
дейді. Бҧл ашығу кезінде
дененің қатты қҧрғауынан және уыттануынан 4-7 кҥн ішінде
адам кӛз жҧмады. Ал, су ішіп, тек тамақ ішпеген адам 70
кҥннен астам уақытқа шыдайды. Бҧндай ашығуды
сумен толық
ашығу
дейді.
Асқа жарымау
(жартылай ашығу) ҧзақ
уақыт аз тамақ
қабылдаудан дамиды және бҧндай адамдарда дененің ісінуі,
трофиканың
(нәрленудің)
бҧзылыстары,
қан
қысымының
кӛтерілуі, бҥйректің т. б. ішкі ағзалардың қызметтерінің
ӛзгерістері байқалады.
Сонымен қатар, қуаттық мӛлшері
бойынша қабылданатын
тамақ жеткілікті болғанына қарамай, тағамның вейбір
бӛлшектері
аздығынан дамитын ашығуды
сапасыз қоректену
дейді. Бҧл кезде қабылданатын тағамда нәруыздар немесе
кӛмірсулары, майлар, витаминдер
және микроэлементтер тым
аз болуы мҥмкін.
ТОЛЫҚ АШЫҒУ
Толық ашығуға әкелетін себептік жағдайлар сыртқы
(экзогендік) және ішкі (эндогендік) болып екіге бӛлінеді.
Сыртқы себептік жағдайға ішетін тамақтың болмауы немесе,
бҥгінгі кҥні кездесіп жҥрген, ашығудың наразылық тҥрі
жатады. БҦҦ мен дҥние жҥзілік денсаулық сақтау ҧйымының
(ДДҦ) есептеуі бойынша ХХ – ғасырдың соңында 400
миллионнан астам балалар және 0,5
миллиардтай ересек
адамдар ашығуға душар болған және жылына 50 млн-нан астам
адам аштықтан ӛледі. Ашығу мен асқа жарымау әсіресе
балалар ҥшін ӛте қауіпті.
Ашығуға әкелетін ішкі себепкер жағдайларға балаларда
кездесетін ас қорыту
жолдарының даму ақаулары, аурулары,
жҧқпалы аурулар, тәбеттің болмауы т. с. с. факторлар
Сапасыз
қоректену
Сумен
толық
ашығу
Асқа
жарымау
Толық
ашығу
Ашығу
Сусыз
толық
ашығу