Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет205/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Жеңіл немесе емханалық
кезең кезінде организмге 
қажетті энергия кӛмірсулары мен майлардың тотығулары 
есебінен тҥзіледі. Бҧл кезде организмнің жалпы және рухани 
әлсіздігі, қол және ой жҧмыстарына әлсіреуі, дене 
салмағының 20%-ға азаюы, мезгіл-мезгіл дененің ісінуі 
байқалады. Бірақ организмде витаминдердің жетіспеушілігі 
әлі байқалмайды. Адамның қарын ашу сезімі және тамақ ішуге 
деген талпынысы сақталады. Тамақ ішкеннен кейін ол жақсы 
қорытылады. 
Орташа дәрежелі немесе ауруханалық 
кезеңі кезінде 
энергия тҥзу ҥшін қан мен бҧлшықеттердің нәруыздары 
пайдаланыла бастайды. Дене салмағының кемуі 20-40%-ға 
жетеді. Нәруыздық-энергиялық жеткіліксіздік квашиоркор 
тҥрінде болғанда дененің ісінуі болады. Қатты әлсіздік, 
мезгіл-мезгіл іш ӛтуі, кӛптеген витаминдердің жетіспеуі
адамның селқостығы байқалады. Қарын ашу сезімі бәсеңдейді. 
Ӛйткені денеде майлардың азаюынан май жасушаларымен, қарын 
ашу сезімін туындататын, цитокин - кахексин ӛндірілуі 
кемиді. Бҧл кезде ішкен тамақтың қорытылуы нашарлайды. 
Сондықтан ашыққан адамды қоректендірудің арнайы тәртібі 


237
қажет болады. 
Ауыр, қайтымсыз кезеңі 
кезінде дене салмағы 40% -
астам жоғалады, ауыр авитаминоздар дамиды, салдарлық 
жҧқпалардың қосылуы, дененің кҥп болып ісінуі (анасарка), 
іш 
ӛтуі, 
ішкі 
ағзалардың 
дистрофиялық 
бҥліністік 
ӛзгерістері байқалады. Бҧл кезде ішкен тамақ мҥлде 
қорытылмайды. 
АШЫҒУДЫҢ НЕГІЗГІ КӚРІНІСТЕРІ.
Ашыққан организмде мидағы тағамдық орталықтың қозуынан 
қатты қарын ашу сезімі ерте пайда болады. Артынан толық 
ашыққан организмде бірнеше кҥннен кейін бҧл орталықтың 
тежелуінен 
аштық 
сезімі 
жоғалады. 
Асқа 
жарымаған 
организмдерде аштық сезімі жоғалмай, ҧдайы сақталып 
қалады. 
Ашығудан дене массасы азаяды. Оның бірінші кезеңінде 
энергияны ҥнемсіз пайдаланудан дене салмағының азаюы тым 
қатты болады. Екінші кезеңінде дене салмағының азаю 
қарқыны біршама тӛмендейді және тәулігіне 0,5-1% ғана 
болады. Сондықтан дене салмағының алғашқы мӛлшері белгілі 
болса, кҥнделікті оның азаю мӛлшерін есептеп, ашығудың 
ҧзақтығын 
шығаруға 
болады. 
Ҥшінші 
кезеңінде 
дене 
салмағының азаюы қайтадан артады. 
Бҧл кезде ішкі 
ағзалардың салмағы әртҥрлі мӛлшерде азаяды. Май тінінің 
салмағы 
97%-ға, кӛкбауыр 60%-ға, бауыр - 
54%-ға, 
бҧлшықеттер - 37%-ға, қан - 26%-ға, бҥйрек - 25,9%-ға, 
жҥрек - 3,6%-ға азаяды. 
Ашығудың 
6-8-інші 
кҥндері 
организм 
тіндерінің 
ыдырауынан олардың нәруыздары асқазан сӛліне тҥседі. Олар 
асқорыту сӛлдерімен амин қышқылдарына дейін ыдыратылып, 
қанға сіңіріледі және организмге қажетті нәруыздар тҥзуге 
қайталап 
пайдаланылады. 
Ашығудың 
алғашқы 
кҥндері 
организмде гликолиздік және липолиздік ферменттердің
артынан трансаминдеу ферменттерінің белсенділігі артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет