235 жатады. Сонымен бірге
нейрогендік анорексия жиі эндогендік
ашығудың себебі болады. Бҧндай тәбеттің болмауы бойжеткен
қыздар мен жас әйелдердің арасында кездесетін дерт. Оған
полигендік тҧқым қуалаушылыққа бейімділік байқалады. Бҧл
науқас әйелдердің кӛпшілігінің қанында май жасушаларымен
және
макрофагтармен
ӛндірілетін
цитокин
кахексиннің
деңгейі кӛп болады. Жҧлын-ми сҧйығында тәбетті басатын
холецистокининнің деңгейі кӛбейген. Емдеуге қарамай дерт
ӛмір бойы жиі қайталанып, қатты азудан және жҥрек
аритмиясына әкелетін гипокалиемиядан науқас адам жан
тапсыруы мҥмкін.
Ашығудың
дамуында
кӛптеген
сыртқы
және
ішкі
жағдайлардың маңызы ҥлкен. Қол жҧмысын атқарған адамдар,
қоршаған ортада суық температурада болып, ауаның ылғалдығы
жоғары және желді болғанда ашығу тез жан тапсыруға
әкеледі. Бҧлар сыртқы ортаның жағдайларына жатады. Сонымен
бірге организмнің ӛзінің кӛптеген жағдайлары да ашығу
кезінде адам ӛмірінің ҧзақтығына біршама ықпал етеді.
Оларға адам мен жануарлардын жынысы, жасы, организмнің
жалпы жағдайы, денедегі майдың қоры, зат алмасуларының
қарқыны
т.с.с. ішкі жағдайлар жатады. Жана туған
нӛрестелердің ашығудан тез шетінеуі оларда заттардың және
жылу
алмасуларының
реттелу
жолдарының
әлі
жақсы
жетілмеуінен болады. Қарттар мен қартайған жануарлар
ашығуға біршама кӛнбіс болып келеді. Ӛйткені оларда жас
ҧлғаюына
байланысты
негізгі
зат
алмасудың
қарқыны
тӛмендеген. Дененін сыртқы беті мен оның массасының
арақатынасы неғҥрлым кӛп болса, солғҧрлым жануарлар
ашығудан тез ӛледі. Сондықтан кішкене жануарлар ірі
жануарларға қарағанда ашығудан тез жан тапсырады. Бірақ
бҧл заңдылық әрдайым дҧрыс бола бермейді. Ашығу кезіндегі
жануарлар ӛмірінің ҧзақтығы олардың сыртқы бетінің
ерекшеліктерінен, тҥрлерінен: ҥй жануары ма, әлде жабайы
дала жануары ма т. б. жағдайларға да байланысты болады.