Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Температураның жоғары деңгейде тҧрақтану сатысы



Pdf көрінісі
бет217/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Температураның жоғары деңгейде тҧрақтану сатысы. 
Қызбаның 1-сатысынан кейін дене қызымы белгілі деңгейге 
кӛтеріліп, сол деңгейде біршама уақыт (бірнеше кҥн, 
сағат) тҧрақтанып тҧрады. Бҧл кезде дене қызымының 
реттелу тепе-теңдігі жаңа жоғары нҥктеге ауысады да, жылу 
ӛндірілуінің кӛтері-луіне сәйкес жылудың сыртқа шығарылуы 
да жоғарылайды; тері қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді. 
Бҧл сатыда дене қызымы кӛтерілу деңгейіне қарай қызбаның 
келесі тҥрлерін ажыратады: 
● шамалы (субфебрильдік) қызба — дене қызымының 38°С-
ға дейін кӛтерілуі; 
● орташа қызба — 38-39°С; 
● қатты қызба — 39-40°С; 
● асқын (гиперпиреттік) қызба — 41°С-тен астам 
кӛтерілуі. 
Температураның жана деңгейі, оның тәулік бойында 
ӛзгеруі кӛптеген жағдайларға байланысты. Олардың ішінде 
пирогендердің 
мӛлшері 
мен 
оларға 
термореттеу 
орталықтарының сезімталдығы ӛзгерістері маңызды орын 
алады. 
Температураның қалыпты деңгейге тҥсу сатысы. 
Қызбаның 
бҧл сатысы жылудың сыртқа шығарылуының жылу ӛндірілуінен 
басым болуымен сипатталады. Осының нәтижесінде дене қызымы 
қалыпты деңгейге дейін тӛмендейді. Организмде жиналған 
жылу тері тамырларының кеңуі, терлеу мен тыныстың жиілеуі 
арқылы сыртқа шығарылады. Температураның тҥсуі екі жолмен 
болуы ықтимал: 
● біртіндеп (лизистік) (бірнеше тәулік ішінде) тҥсуі;
● кҥрт (кризистік) тҥсуі. Соңғысында тері қан 
тамырларының кеңеюі тым қатты болуы ықтимал, егер ол 
организмнің уыттануымен қабаттасса, онда тіршілікке ӛте 
қауіпті коллапс дамуына әкеліп соғады. 
Температуралық сызықтардың тҥрлері.
Ет 
ысуы 
кезінде 
дене 
қызымы 
жоғары 
дәрежеде 
тҧрақталып, оның тәуліктік ауытқулары болып тҧрады. 
Таңертеңгі және кешкі температуралардың айырмашылығы 
бойынша 
бірнеше 
температуралық 
сызықтардың 
тҥрлерін 
ажыратады (2-сурет). 
● тҧрақты қызба (febris соntinua). Дене қызуы жоғары 


250
деңгейге (39-40°С) кӛтерілген, таңертенгі және кешкі 
температуралардың айырмашылығы 1°-тан аспайды. Бҧндай 
температура жәншау (скарлатина), бӛліктік пневмония
бӛртпе сҥзек т. б. аурулар кездерінде кездеседі; 
● 
босаңситын 
қызба 
(febris 
remittens). 
Жоғары 
деңгейдегі дене температурасы таңертең және кешке 1,5-2°С-
ға 
ӛзгеріп 
тҧрады, 
бірақ 
қалыпты 
деңгейге 
дейін 
тӛмендемейді. Бҧндай температура туберкулез, жалқықты 
плеврит т.с.с. аурулар кездерінде байқалады; 
● ҧстамалы қызба (febris intermittens) — дене қызымы 
тез бірнеше сағаттың ішінде кешкісін 39-40°С-ға дейін және 
одан да жоғары кӛтеріледі, таңертең қалыпты деңгейге, 
кейде одан да тӛмен тӛмендейді. Бҧндай температура безгек 
кезінде байқалады. Безгек кҥнбе-кҥн, әрбір екінші немесе 
әрбір ҥшінпгі кҥні ҧстауы мҥмкін. 


251
● қалжырататын қызба (febris hectica). Таңертеңгі 
температура мен кешкі температураның айырмашылығы 3-5°С 
болуы мҥмкін. Бҧндай температуралық сызық сепсиске тән. 
● келбетсіз қызба (febris athypica). Температураның 
тәуліктік ӛзгеруі бей-берекет, ретсіз болады. Бҧндай 
температуралар да сепсис кезінде байқалады. 
Қазіргі 
кҥні 
жҧқпалы 
ауруларды 
антибактериалық 
дәрілермен ерте емдеудің 
нәтижесінде температуралық 
сызықтардың 
«классикалық» 
тҥрлері 
жиі 
кездеспейді. 
Дегенмен, кейде ауруды нақтылай аңғару ҥшін олардың 
маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет