Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жасуша мембраналарының бҧзылыстары



Pdf көрінісі
бет256/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Жасуша мембраналарының бҧзылыстары. 
Биологиялық 
мембрана 
екі 
қабат 
фосфолипидтердің 
молекуласынан 
және 
нәруыздардан 
қҧрылады 
(8-сурет). 
Атқаратын міндеттемелері бойынша нәруыздар әртҥрлі болады. 
Оларға иммундық және қҧрылымдық нәруыздар, иондар ҥшін 
каналдар қҧратын нәруыздар, медиаторлар мен гормондардың 
рецепторлары, 
ферменттер, 
оның 
ішінде 
тасымалдағыш 
ферменттер жатады. 
Мембрана мен ӛзара арақатынастарына қарай нәруыздар 
липидтік екі 
қабатпен ӛте тығыз байланысқан және 
мембрананы бір немесе бірнеше рет жарып ӛтетін тҧтастық 
(интегралдық) және липидтік екі қабаттың бір бетімен ғана 
байланысқан шеткері нәруыздар болады. Тҧтастық нәруыздарды 
бӛліп алғанда мембрананың тҧтастыгы бҧзылады. Шеткері 
нәруыздар тіпті әлсіз әсерлерден (осмостық қысым, ортаның 
қышқылдығы, Са
2+ 
иондарының мӛлшері ӛзгергенде) мембранамен 
байланысын жоғалтады. Мембрананың қҧрылымдық тҧтастыгы 
липидтермен 
анықталады. 
Жануарлар 
жасушаларының 
қабықтарында фосфолипидтер басым болады жӛне липидтердің 
қҧрамына холестерин кіреді. 
Мембранада кӛмірсулары бос кҥйінде кездеспейді. Олар 
кӛбінесе нәруыздармен, липидтермен байланысқан тҥрде 
болады және әртҥрлі қызметтер атқарады. Мысалы, кӛмірсулар 
тізбегі нәруыздармен байланысып, мембрананың қажетті 
бӛлшегіне олардың байланысуын қамтамасыз етеді. Май 
қышқылдары мембранада глико- немесе фосфолипидтердің 
қҧрамында болады. Мембранадағы липидтік екі қабатта 
бірнеше тҥрлі қозғалыстар болады: тербелулік, айналмалы, 
мембрана бойынша кӛрші молекулалармен орын ауыстыру 


310
арқылы, мембрананың бір жағынан екінші жағына ӛту (флип-
флоп қозғалысы). Бірінші ҥш қозғалыс минӛтіне миллион рет 
болса, соңғысы сағатына 1 рет немесе одан да сирек болады. 
Сонымен мембрана кӛптеген әлсіз байланыстармен бекітілген 
кӛп қозғалатын жҥйе. Кейбір байланыстар жеңіл ҥзіліп, 
жаңадан пайда болып жатады. Кӛпшілік мембраналардың 
арасында жасушаның сыртқы беті маңызды орын алады. Ол 
гликопротеидтерден 
тҧрады. 
Гликопротеидтер 
жасушаның 
иммундық қасиетін анықтайды. Жасушаның сыртқы бетінің 
ӛзімен тҥйісетін басқа жасушалар мен молекулаларды 
(гормондарды, медиаторлар, цитокиндерді т. б.) танитын 
ғажап қасиеті бар. Ол цитоплазмалық мембрананың сыртындағы 
гликопротеидтермен қамтамасыз етіледі. Тану қызметі тіннің 
жасуша аралық ӛзара әсерлерінің, лимфоциттердің иммундық 
жауаптарының, гормондар мен жасуша ішіндегі ҥрдістердің 
реттелуінің, 
медиаторлардың 
әсерлерінен 
жасушалардың 
қозуының негізінде жатады. Арнайы қызмет атқаратын 
жасушаларда биологиялық мембраналары кӛптеген қҧрылымдар 
қҧрады. 
Мысалы, 
бауыр 
жасушаларының 
мембраналары 
организмде 
улы 
қосындыларды 
усыздандыруға 
жауапты 
эндоплазмалық торшалардың кҥрделі торын қҧрады. Без 
жасушаларының мембраналары гормондардың тҥзілуіне жауапты 
кӛпіршіктер мен ӛзектердің торын қалыптастырады және Гӛлдж 
жҥйесін қҧрастырады. Жҥйке жасушаларында биологиялық 
мембраналар бір жасушадан екіншісіне сыртқы хабарды 
тасымалдау, тарату және қабылдау қызметтерін атқарады. 
Бҧлшықет жасушаларының мембранасы (сарколемма), Т-жҥйесі 
деп аталатын, жіңішке тҥтікшелер ретінде, жасушаның ішіне 
кіреді. Ол жасуша ішіндегі бҧлшықет қысқаруын қадағалайтын 
саркоплазмалық 
торлармен 
қалыптасқан 
кӛпіршіктермен 
жалғасады. 
Эпителий 
жасушаларында 
биологиялық 
мембраналардың қызметі жасушаның қай жағында орналасқанына 
байланысты болады. Тіндер жағына қараған мембраналар 
иондар мен заттарды белсенді тасымалдау қызметін атқарады. 
Сыртқа қарайтын ҥстіңгі жағындағы мембраналар енжар 
тосқауыл қызметін орындайды. 


311
Биологиялық мембраналар жасуша іші мен сырты арасында 
заттар мен иондардың белгілі дәрежеде бӛлінуін ҧстап 
тҥрады. 
Жасуша 
ішінде 
К
+
иондары 
оның 
сыртындағы 
деңгейінен бірнеше есе артық. Керісінше, натрий иондары 
жасуша сыртында оның ішіндегі деңгейіне қарағанда он есе 
кӛп. 
Сонымен 
қатар 
саркоплазмалық 
торшалардың 
кӛпіршіктерінде кальций иондарының мӛлшері жоғары болады. 
Иондардың жасуша іші мен сыртында біркелкі бӛлінбеуі 
мембранадағы липидтік екі қабатта иондық «насостардың» 
немесе 
«помпалардың» 
болуымен 
қадағаланады. 
Олардың 
қызметтері АТФ-ның ыдырауынан пайда болатын энергияны 
пайдалану арқылы орындалады. Иондық «насостардың» негізгі 
ҥш тҥрі белгілі: Н
+
- АТФаза, Са
2+
- АТФаза, Nа
+
, К
+

АТФаза. Біріншісі 1 молекула АТФ ыдырағанда 2 атом Н

тасиды, Са
2+
АТФаза - 1 атом Са
2+
, Na

-, К
+
- АТФаза 3 атом 

+
және 2 атом К
+
тасиды. Бҧл насостар жасушаның әртҥрлі 
мембраналарында 
орналасқан. 
Бірақ 
Н
+
-АТФаза 
митохондрийлардың, 
Са
2+

АТФаза 
саркоплазмалық 
ретикулумның, Nа
+
, К
+
- АТФаза цитоплазмалық мембраналарда 
кӛбірек болады. Бҧл АТФазалар Н
+
, Са
2+
, Nа
+
, К

- иондарының 
бір 
келкі 
бӛлінбеуін 
қадағалайды. 
Саркоплазмалық 
ретикулумнан және жасуша сыртынан оның ішіне Са
2+
иондары 
тез арада кіруі еттің қысқаруына және жасушада нәруыз 
тҥзілуінің кӛтерілуіне әкеледі. Осы кезде саркоплазмалық 
ретикулум 
мембранасында 
Са
2+
-АТФ-аза 
әсерленіп, 
Са
2+
иондарын саркоплазмадан сорып алады. Осының нӛтижесінде ет 
талшықтарының босаңсуы болады және нәруыздардың тҥзілуі 
азаяды. Н
+
-АТФ-аза митохондрийларда тотығулық фосфорлануды 
арттыру арқылы АТФ тҥзу ҥшін қажет. Бҧл ҥрдіс 


312
митохондрийлардың 
ішкі 
қабығы 
астында 
ӛтеді. 
Онда 
тотығатын 
заттардан 
молекулалық 
оттегіге 
дейін 
электрондарды таситын ферменттердің бір тҧтас жҥйесі бар. 
Осылардың нәтижесінде тҥзілген энергия тіршілікке қажетті 
қызметтер орындалуы ҥшін пайдаланылады. Егер Са
2+ 
иондары 
не бір себептерден жасуша ішіне артық тҥссе, онда 
митохондрийлар кальцийді сорып алады. Бҧның бір жағынан 
икемделістік маңызы бар. Ӛйткені ол бҧлшықет талшықтарын 
сіресіп жиырылып қалудан сақтандыруға бағытталған. Екінші 
жағынан митохондрийларда Са
2+
иондарының жиналып қалуы, 
тотығу-тотықсыздану ҥрдістерінің бҧзылуына, энергияның аз 
тҥзілуіне әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет