Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет254/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

 
Жасуша патофизиологиясы
Жасуша 
бҥліністерінің 
этиологиясы. 
Жасуша 
бҥліністеріне кӛптеген себепкер ықпалдар әкеледі. Оларды 
сырттан әсер ететін- 
экзогендік
және организмнің ӛзінде 
пайда болатын – 
эндогендік 
– деп екі ҥлкен топқа 
ажыратады. Экзогендік бҥліндіргіш ықпалдар ӛз алдына 
инфекциялық және бейинфекциялық болып бӛлінеді. Оларға

● 
биологиялық ықпалдар (микробтар, вирустар, қарапайым 
жәндіктер, майда саңырауқҧлақтар, аутоантиденелер мен 
цитотоксиндік иммундық глобулиндер т.б.); 
● 
физикалық ықпалдар (иондағыш сәулелер, ыстық немесе 
суық 
температуралар, 
электр 
соққы, 
электромагниттік 
толқындар т. б.); 
● 
механикалық ықпалдар (жарақат, жаншылу, қысылу 
т.б.); 
● химиялық ықпалдар (органикалық немесе бейорганикалық 
улы 
заттар, 
кейбір 
дәрі-дәрмектер, 
гипоксия, 
реоксигенация т.б.) 
● психогендік ықпалдар ( жан жарақаты, рухани 
кҥйзелістер, ауыр эмоциялар т.б.) – жатады. 
Эндогендік себепкер ықпалдар
туа біткен және жҥре 
пайда болған болып бӛлінеді. Туа біткен себепкер 
ықпалдарға 
жасуша 
мембранасындағы 
тҧқым 
қуалайтын 
ақаулардың болуы жатады. Бҧл кезде мембрананың қҧрамында 
кейбір нәруыздар, фосфолипидтер немесе ферменттер болмауы 
ықтимал.
Жҥре пайда болған эндогендік себепкер ықпалдарға: 


308
● 
жҥйкелік 
эндокриндік 
реттелулердің 
біріншілік 
бҧзылыстары; 
● иммундық бҧзылыстар немесе аллергиялық ҥрдістер; 
● зат алмасу ӛнімдерінің (Н
+
, К
+
, Са
2+
, асқын тотықтар 
т. б.) жиналып қалуы; 
● 
организмде 
су 
мен 
электролиттер 
алмасуының 
бҧзылыстары; 
● бҥйрек қызметінің жеткіліксіздігі; 
● ағза қызметінің тым қатты кӛтерілуі немесе ҧзақ 
мерзім болмауы; 
● жасушаның қартаюы т. т. - жатады.
Жасушаның бҥліністері пайда болуында әсер ететін 
ықпалдармен бірге, жасушаның ӛзінің ішкі жағдайы да 
маңызды. Жасушаның алғашқы жағдайына байланысты кез келген 
ықпал қорғаныстық немесе бҥліндіргіш әсер етуі мҥмкін. 
Жасушаның жағдайлары тҧқым қуалайтын қасиеттерімен 
анықталады және жҥре пайда болған авитаминоздар, созылмалы 
гипоксия, зат алмасу ҥрдістерінің ӛзгерістері т. т. 
жасушаның кӛптеген әдеттегі әсерлерге тӛзімділігін тӛмен-
детеді. Гормондық реттелудің бҧзылыстары зат алмасу 
ҥрдістерін бірінші бҧзып, сол арқылы әртҥрлі әсерлерге 
жасушаның тҧрақтылығын азайтады. Мәселен, гипертиреоз 
кезінде оның гипоксияға тӛзімділігі тӛмендейді. Қантты 
диабет кезінде микробтарға тӛзімділігі азаяды. 
Сонымен бірге, кӛптеген (биологиялық, химиялық, 
физикалық) ықпалдар жиі бірігіп әсер етуі мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет