303
қоздырғыштары)
әсерлерінен; Осыдан макрофагтар әсерленіп,
қабыну дәнекерлерін ӛндіре бастайды
● макрофагтардың ферменттерімен ыдыратылмайтын заттар
(мәселен, кҥрделі поликанттар, декстран, зимозан, кӛмір,
кремний ҧнтақтары т. б.) әртҥрлі ағзалардағы (бауыр, ӛкпе
т. с. с.) макрофагтармен жҧтылады да, оларды
әсерлендіреді.
Әсерленген макрофагтар химиялық тартқыштар ӛндіріп
моноциттердің қаннан тінге шығуына әкеледі. Бҧл химиялық
тартқыштарға моноциттердің хемотаксистік протеині-1, С
4
және Д
4
-лейкотриендер, Е
2
-простагландиндер, комплемент
қҧрамбӛлшектері т. б. жатады.
Сонымен бірге әсерленген
макро-фагтар биологиялық тотықтырғыштар ӛндіріп, қабыну
ошағындағы басқа жасушалардың мембраналарында майлардың
асқын тотығуын туындатады.
Макрофагтардың лизосомалық ферменттері (коллагеназа)
коллагенді ыдыратады. Коллагеннің ыдырау ӛнімдері қандағы
моноциттерге кҥшті хемотак-систік әсер етеді.
Сонымен
қатар
әсерленген
макрофагтар
қан
тамырларының
ӛткізгіштігін
жоғарылатады
(С
4
-
,
Д
4
-лейкотриендер,
304
тромбоксан,
лизосомалық
ферменттер
т.
б.).
Осылай
әсерленген
макрофагтардың
айналасына
қаннан
шыққан
моноциттер жиналады, гранулема (тҥйіршіктер) қалыптасады.
Моноциттер
қабыну
сіңбелеріне
тҥскеннен
кейін
фибронектин ӛндіреді. Осыдан макрофагтар дәнекер тіннің
коллаген талшықтарына жайылып жабысады. Мҧның фагоцитоздық
қызмет атқару ҥшін маңызы зор. Макрофагтардың қызмет
атқаруында олардың лимфоциттермен функциялық бірігуінің
маңызы бар. Бҧл жасушалардың ӛзара
әсерлері инфекциялық
қабыну ошағында арнайы иммундық қызмет атқаруға қатысады.
Макрофагтар
микробтарды
жҧтып,
оларды
жартылай
ыдыратады. Осылай ӛңделген антиген макрофагтың сыртқы
мембранасына қайта шығарылып, иммундық жауаптың кҥшін
анықтайтын нәруыздардың тҥзілуін қадағалайтын гендермен
байланысады. Тек осылай ӛңдеуден ӛткен
антигенді Т-
лимфоциттер таниды. Осындай созылмалы қабыну ошағындағы
макрофаг пен Т-лимфоциттердің ӛзара әрекетесуін антигенге
тәуелді әрекет деп атайды.
Сонымен бірге, макрофагтар лимфоциттердің ӛсіп-ӛнуін
және олардың белсенділігін кҥшейтетін зат (интерлейкин I)
ӛндіреді.
Ал,
белсенділігі
кӛтерілген
лимфоциттер
макрофагтарды әсерлендіретін цитокиндер шығарады. Бҧлардың
кӛпшілігі
гликопротеидтерге
жатады.
Макрофагтардың
миграциясын тежейтін цитокин,
олардың мембраналарының
жабысқақтығын ҧлғайтады, макрофагтармен ӛндірілетін қабыну
медиаторларының
ӛндірілуін
кӛбейтеді.
Сонымен
қатар
лимфоциттер макрофагтардың ӛзара жабысуын, олардың ӛсіп-
ӛнуін кҥшейтетін және созылмалы қабынуға тән кӛп ядролы
алып жасушалар қҧратын макрофагтардың ӛзара бірігуін
арттыратын цитокиндер ӛндіреді.
Цитокиндер макрофагтардың
бактерияларды жоятын әсерлерін жоғарылатады.
Сонымен бірге, әсерленген макрофагтар сҥйек кемігінде
моноциттердің ӛндірілуін ҧлғайтатын зат шығарады. Содан
моноциттер қабыну ошағындағы әсерленген макрофагтардың
орнын ҧдайы толтырып тҧратындықтан қабыну сҥзілмелерінің
тез тарап кетуі болмайды. Сондықтан қабыну созыла береді.
Созылмалы қабыну науқас адамның ӛмір
бойына созылуы
ықтимал.
Мезгіл-мезгіл
оған
нейтрофилдер
мен
жаңа
макрофагтар
тҥсуінен
созылмалы
қабынудың
асқынулары
байқалады. Осыдан келіп дәнекер тінінің бҥліністері
қайталанып, онда жаңа талшықтар ӛсіп кетеді, ағзаның
қызметі бҧзылуына әкелетін беріштену дамиды. Осылай
созылмалы бауырдың қабынуы — циррозға, ӛкпенің қабынуы —
пневмосклерозға,
бҥйректің
қабынуы
—
нефросклерозға
т.с.с. әкеледі.