41
жеткіліксіздігі дамуы мҥмкін. Бҧл организмнің уыттануын
одан сайын кҥшейтеді.
Кҥйіктік ауру кезінде тіндердің нәруыздары кӛптеп
ыдыратылады.
Бҥлінген
жасушалардан
протеолиздік
ферменттердің қанға тҥсуі тіндердің антигендік қасиетін
ӛзгертіп, аутоиммундық қҧбылыстардың дамуына әкелуі
мҥмкін.
Бҧл ауру әртҥрлі жҥқпалармен жиі асқынады. Олардың
уыттары организмді одан сайын уыттандырады. Бҧл жҧқпалар
организмге бҥлінген тері арқылы ӛтеді және ішектердің
микробтары қанға тҥседі. Кҥйіктік ауру кезінде терінің
бҥлінуі оның тосқауылдық қызметін әлсіретеді, бір ядролы
фагоциттер жҥйесінің қызметі бҧзылады және ішек-қарын
жолдарының шырышты қабықтарының қорғаныстық қабілеті
азаяды.
Бҧл аурудың нәтижесінде организмнің қатты ҥдемелі
арып-азуы, дененің ісінуі, анемия, ішкі агзалардың
дистрофиялық ӛзгерістері, ӛкпе мен бҥйректің қабынуы,
бҥйрек ҥсті бездерінің сыртқы қабатының әлсіреуі т.с.с.
қҧбылыстар байқалады.
Кҥйіктік ауру жеңіл тҥрде ӛтсе артынан организмнің
сауығуы болады. Бҥл кезде бҥлінген тін толығынан
аласталынып, оның орнына тыртық тін қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: