456
және мегакариобластар жатады. Қалыпты жағдайда олар
эритроциттерге,
нейтрофилдерге,
моноциттерге
және
тромбоциттерге дейін нақтыланады. Жіті миелобластық лейкоз
дамуы ҥшін нақтылану қабілеті азайған, қатерлі ӛскін
туындататын, хромосомасы бҥлінген бір жасушаның пайда
болуы жеткілікті. Бҧл бластық жасушалар, апоптозға
ҧшырамай, барлық жағдайда тіршілігін сақтап қалады. Олар
жетілмейді және кемелденген жасушаларға нақтыланбайды да,
сҥйек кемігінде және басқа тіндерде жинақталып қалады.
Осыдан жетілген эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер
азайып кетеді. Бҧл лейкоздар кезінде хромосомалардың
қалыптыдан ауытқулары байқалады.
Қан жасушаларының сҥйек кемігінде болатын, жетілмеген
жас (бластық) тҥрлері шеткері қанға шығады және онда
лейкоциттердің жалпы саны тым қатты кӛбейіп кетеді.
Шеткері қанда лейкоциттердің бластық тҥрлерінің неғҥрлым
кӛп болуы тез дамитын, жіті лейкоздардың белгісі болады.
Сондықтан тез дамитын миелобластық лейкоз кезінде шеткері
қанда біршама кӛп миелобластар кездеседі. Бӛлшектелген
ядролы нейтрофильдер азаяды. Миелобластар мен бӛлшектелген
ядролы
нейтрофильдердің
арасындағы
аралық
жасушалар
(промиелоциттер, миелоциттер, метамиелоциттер және таяқша
ядролы нейтрофилдер) бірен-саран немесе мҥлде болмауы
мҥмкін. Бҧндай жағдайды лейкемиялық ҥңгір (грек. hiatus
leukaemicus)
деп
айтады
(-кесте).
Сонымен,
жіті
миелобластық лейкоз кезінде сҥйек кемігінде лейкоциттердің
жас,
бластық,
тҥрлерінің
жетіліп
кемелденуі
қатты
тӛмендеген және олардың шеткері қанға кӛптеп тҥсуі
байқалады (-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: