Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Лейкемия тәріздес серпілістер



Pdf көрінісі
бет377/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

 
Лейкемия тәріздес серпілістер.
Шеткері қанда лейкоциттердің (миелоидтық, моноциттік 
немесе лимфоциттік жасушалардың) жетілмеген, жас тҥрлері 
кӛптеп болуымен және олардың ҥлкен деңгейге кӛбеюін 
лейкемия тәріздес серпілістер деп айтады. Бҧл кезде 
лейкоциттердің жалпы саны 50-80 • 10
9
/л-ге дейін, кейде 
400-500 • 10
9
/л-ге дейін кӛбеюі мҥмкін. Сондықтан оларды 
лейкоздан 
ажырату 
қиындайды. 
Лейкемия 
тәріздес 
серпілістер, белгілі бір аурулардың әйгіленімі (симптомы) 
ретінде, ауыр жҧқпалы аурулардың немесе химиялық уытты 
заттармен организімнің уланулары кездерінде жиі дамиды. 
Олар бҥкіл денеге тараған ауыр туберкулез, пиелит, 
сепсистік жағдайлар, кҥл ауруы, бӛліктік пневмония
қатерлі ӛспелердің сҥйек кемігінде метастазалары, сынап 
қосындыларымен улану кездерінде байқалуы мҥмкін. 
Лейкемия тәріздес серпілістер кездерінде лейкозға тән 
қан 
ӛндіру 
ағзаларының 
жҥйелі 
гиперплазиясы 
мен 
метаплазиясы болмайды. Олар лейкозға ешқашан ауыспайды. 
Лейкопениялар
Шеткері қанда лейкоциттердің саны 4 •10
9
/л-ден тӛмен 
азаюын лейкопения дейді. Пайда болу себептеріне қарай 
олар: 
● инфекциялық (іш сҥзегі, тҧмау, қызылша, қызамық, 
туберкулез, мерез, созылмалы сепсис, сарып, безгек т. б. 
аурулар кездеріндегі) лейкопениялар; 
● уыттық ӛндірістік (бензол, мҧнай ӛнімдері, фторлық 
сутегі, кҥкірт ангидриді, ҥшнитротолуол, гидрохинон ж. б.) 
лейкопениялар; 
● дәрі-дәрмектік (амидопирин, сульфамидтік дәрілер
синтомицин, сынаптық, мышьяктық дәрілер, адриамицин, 6-
меркаптопурин, сарколизин, тиоТЭФ т. б. ӛспелерді емдейтін 
дәрілер) лейкопениялар; 
● радиациялық (иондағыш сәулелер) лейкопениялар; 
● қан аурулары (созылмалы анемиялар, лейкоздар) 
кездеріндегі лейкопениялар; 


451
● кейбір эндокриндік аурулар (акромегалия, Аддисон 
ауруы) кездеріндегі лейкопениялар; 
● жоғарғы жҥйке жҥйесі әрекеттері бҧзылғанда, сілейме, 
коллапс кездеріндегі лейкопениялар болып ажыратылады. 
Олардың даму патогенезінің негізінде:
● сҥйек кемігінде лейкоциттердің ӛндірілуі мен жетілуі 
және олардың шеткері қанға шығарылуының бҧзылыстары;
● шеткері қанда лейкоциттердің иммундық ыдырауы артып 
кетуі – жатады. 
Лейкопениялардың 
ішінде 
ерекше 
маңыздысы 
болып 
агранулоцитоз 
есептеледі. 
Бҧл 
кезде 
шеткері 
қанда 
тҥйіршікті лейкоциттердің саны қатты азайып, тіпті мҥлдем 
жоғалып кетеді.
Агранулоцитоз дамуына әкелетін себептерге: 
● 
жҧқпалар 
(іш 
сҥзегі, 
безгек, 
мерез 
т. 
б. 
қоздырғыштары); 
● химиялық заттар және дәрі-дәрмектер (бензол, бензин, 
пирамидон, фенацетин, левомицетин т. б.); 
● 
иондағыш 
сәулелер 
(рентген, 
радий 
сәулелері, 
изотоптар, нейтрондар) - жатады. 
Агранулоцитоз дамуы кезінде дене қызымы кӛтеріледі, 
тамақтың қабынуы, некроздық баспа дамиды. Бауыр мен 
кӛкбауыр 
қалыпты 
мӛлшерінде 
сақталады, 
геморагиялық 
қҧбылыстар 
болмайды. 
Бҧл 
кезде 
шеткері 
қанда 
лейкоциттердің саны қатты азаяды, нейтрофилдердің саны 
тіпті 
2-5%-ға 
дейін 
тӛмендейді. 
Эозинофилдер 
мен 
базофилдер мҥлде жоғалады. Қанда сақталған лейкоциттер 
негізінен лимфоциттерден, моноциттерден тҧрады. Қызыл қан 
тҥйіршіктері және тромбоциттер ӛзгермейді. 
Агранулоцитоздың 
бір тҥрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет