Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


- сурет. Эндотелий жасушаларының атқаратын қызметтері



Pdf көрінісі
бет385/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

сурет. Эндотелий жасушаларының атқаратын қызметтері. 


460
Осы аталған қызметтерімен қан тамырларының эндотелий 
жасушалары қанды тамыр ішінде сҧйық кҥйінде ҧстап тҧрады. 
Тромбоциттердің ӛндірілуі сҥйек кемігінде, бауырда, 
кӛкбауырда 
(аз 
мӛлшерде 
бҥйректе) 
ӛндірілетін 
тромбопоетиннің қатысуымен реттелінеді. Сонымен бірге оны 
реттеуге интерлейкин-6, интерлейкин-11, интерлейкин-3 
қатысады. Интерлейкин-6 жҥйелі қабынулық аурулар (қҧздама 
тәріздес 
артриттер) 
кездерінде 
тромбоцитоз 
дамуын 
сергітеді.
Тромбоциттердің іштерінде тӛрт тҥрлі тҥйіршіктері 
болады: 
● тығыз (σ-) тҥйіршіктерінде серотонин, адреналин, 
норадреналин, Са
2+
, АДФ және АТФ жинақталады. Бҧлардың 
ішінде 
бірінші 
ҥшеуі 
тромбоциттердің 
агрегациясын 
сергітетін болса, АТФ оны, керісінше, тежейді; 
● альфа-тҥйіршіктерінде қан ҧюына қатысатын (V, VIII, 
XIII факторлар, Виллебранд факторы, фибриноген) факторлар, 
тромбоциттердің ӛсу факторы болады. Соңғысы қабыну, 
жараның бітуі, иммунитет дамуы кездерінде фибробластардың 
және тегіс салалы ет жасушаларының ӛсіп-ӛнуіне қуатты 
сергіткіш әсер етеді; 
● лизосомалық тҥйіршіктерінде гидролиздік ферменттер 
(β-лизиндер, лизоцим) жинақталған; Бҧлардың кӛмегімен қан 
тамырларының жарақаттары кездерінде денеге сырттан енген 
ауру туындататын микробтардан қорғайды; 
● пероксисомаларында – каталаза ферменті болады. 
Бҧл тҥйіршіктерінің ӛнімдері тромбоциттер әсерленгенде 
сыртқы ортаға бӛлініп шығарылады. Олардың әсерленуі 
эндотелий жасушаларының астындағы коллагеннің және осы 
жасушалардың сыртқы беттерінде пайда болған тромбиннің 
қатысуымен болады. Коллаген мен тромбин тромбоциттердің 
қабығындағы фосфолипаза ферментін әсерлендіріп, арахидон 
қышқылын босатып шығарады. Осыдан тромбоксансинтетаза 
ферментінің қатысуымен тромбоксан А
2
(ТхА
2
) және басқа 
гидроксимай қышқылдары тҥзіледі. ТхА
2
АДФ молекуласымен 
бірге 
тромбоциттердің 
бірімен-бірі 
ӛзара 
жабысуын 
(агрегациясын) кҥшейтеді. Сонымен қатар тромбоциттердің 
бҥлінген эндотелий жасушаларының орнына барып жабысуында 
(адгезиясында) және агрегациясында Виллебранд факторының 
маңызы зор (- сурет). 


461

сурет. 
Тромбоциттердің 
адгезиясы 
мен 
агрегациясындағы Виллебранд факторының (ВБФ) маңызы. 
Тромбоциттер гемостазға мына жолдармен қатысады: 
● олар майда тамырлардың эндотелий жасушаларымен тығыз 
байланыста 
болып, 
оларды 
қоректендіреді. 
Бҧны 
тромбоциттердің ангиотрофикалық» қызметі дейді. Егер 
тромбоциттер 
қанда 
азайып 
кетсе, 
онда 
эндотелий 
жасушаларының қоректенуі бҧзылады да, олардың дистрофиясы 
дамиды. Осыдан бҧл ӛзгерген жасушалар ӛздерінің денесі 
арқылы эритроциттерді тамыр сыртына шығарып жібереді, 
денеде тарғыл бӛртпелер пайда болады; 
● 
олардың 
тҥйіршіктерінен 
босаған 
адреналин, 
норадреналин, серотонин қан тамырларына белсенді әсер 
етіп, бҥлінген тамырлардың қатты жиырылуына әкеледі; 
● 
тромбоциттер 
тамыр 
қабырғаларындағы 
эндотелий 
жасушаларының бҥлінген жерлеріне барып жабысады. Мҧны 
тромбоциттердің адгезиясы дейді. Ары қарай олар ӛзара 
жабысып 
(агрегациясы), 
тамырдың 
бҥлінген 
жерінде 
тромбоциттік тығын қҧрады. Бҧл кезде тромбоциттер ісінеді, 
іштеріндегі 
тҥйіршіктерін 
шығарады. 
Тромбоциттердің 
агрегациясы АДФ, тромбин, коллаген, адреналин, тромбоксан 
А
2
, ішек уыттары, вирустар, антиген-антидене кешендерінің 
әсерлерінен 
болады. 
Сонымен 
бірге 
тромбоциттердің 
адгезиясы мен агрегациясы болу ҥшін кальций, магний 
иондары, фосфолипидтік фактор 3, фибриноген, Виллебранд 
факторы қажет 


462
● тромбоциттер қан ҧюында және фибринолизде қатысады. 
Қан ҧюына қатысатын тромбоциттік факторларды Р (пи) - 
әрпімен (ағылш. platelet – табақша) және араб цифрларымен 
белгілейді. Олардың ең маңыздыларына мыналар жатады:
♣ 
Р
3
-шала 
тромбопластин, 
фосфолипидтік 
фактор, 
тромбоцит 
мембранасының 
бӛлшегі, 
плазмалық 
қан 
ҧю 
факторларын әсерлендіруге қатысады; 
♣ Р
4
- антигепариндік фактор
♣ Р
5
- тромбоциттік фибриноген. 
Солармен бірге тромбоциттер фибринолиздік фактор 
немесе фибриногеннің плазминге сезімталдығын кӛтеретін 
фактор; 
фибрин-мономерлерін 
фибрин-полимерлерге 
ауыстыратын 
фактор; 
қан 
ҧйындысын 
жиырылтатын 

тромбостенин бӛліп шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет