680
гипертензияның патогенезінде маңызды орын алады.
Жҥйке жҥйесінің патофизиологиясы
Жҥйке жҥйесі бҧзылыстарының этиологиясы.
Жҥйке
жҥйесінің
бҧзылыстарына
әкелетін
себепкер
ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі ҥлкен топқа
бӛлінеді.
Экзогендік себепкер ықпалдарға:
●
микробтар мен вирустар және олардың уыттары;
●
химиялық улы заттар (ауыр металдар,
этил немесе
метил спирттері т.б.), кейбір дәрі-дәрмектер (стрихнин,
хлороформ, кураре, антидепрессанттар,
транквилизаторлар
т.б.), ауада оттегінің тапшылығы;
●
физикалық ықпалдар (барометрлік қысым, иондағыш
сәулелер, ыстық
немесе суық температуралар, элекгр ағымы,
электромагниттік толқындар т.б.);
●
механикалық ықпалдар (бас жарақаты, ми шайқалысы);
●
психогендік ықпалдар (жан-кҥйзелістері, жағымсыз
эмоциялар);
●
ауқаттық
ықпалдар
(тағамда
нәруыздардың,
витаминдердің тапшылықтары) - жатады.
Жҥйке жҥйесінің бҧзылыстары
адамның ішетін тағамында
витаминдердің аздығынан, әсіресе
жас балалардың тамағында
нәруыздардың (протеиндердің) жетіспеуінен дамуы мҥмкін.
Адам ҥшін сӛздің маңызы ӛте ҥлкен.
Достарыңызбен бөлісу: