689
Әртҥрлі
улы заттар, ауыр металдар, антинейрондық
антиденелер,
ишемия
т.б.
нейрон
мембраналарының
бҥліністеріне әкеледі. Оның даму жолдарында:
● май қышқылдарының асқын тотығуы (МАТ) артып кетуі;
● энергия тапшылықтығы - маңызды орын алады.
Май қышқылдарының асқын тотығуы (МАТ) артып кетуі.
МАТ
белгілі
деңгейге
дейін
нейрон
мембраналарының
ӛткізгіштігін реттеп, қорғаныстық қызмет атқарады.
Ал,жҥйке жҥйесінің кӛптеген дерттерінде (мәселен,
қояншық ҧстамасы, жҥйке тозуы,
жан жарақаттары мен
кҥйзелістері, ми ишемиясы, шайқалысы т.б. кездерінде) май
қышқылдарының асқын тотығуы тым артып кетеді. Осыдан бос
радикалдар мен асқын тотықтар
нейрон мембраналарының
тҧтастығын бҥліндіреді. Олардың тосқауылдық қабілеті
бҧзылуынан кальций мен натрий иондары нейрон ішіне кӛптеп
енеді, калий иондары оның сыртына шығады. Содан әрекет ету
потенциалының
қалыптасуы
және
Са
2+
насостарының
жеткіліксіздігінен мембрананың реполяризациясы бҧзылады.
Осылардың нәтижесінде нейрондардың белсенділігі кӛтеріледі
және кҥшейген дерттік қозу ошағы (генераторы)
пайда
болуына қолайлы жағдай дамиды.
Нейрон мембраналары ӛткізгіштігінің артуы иейроннан
антиген шығуына, аутоиммундық ҥрдіс дамуына әкеледі. Жҥйке
тініне
және
нейромедиаторларға
қарсы
тҥзілген
аутоантиденелер аксондық ағым бойынша нейрондардың бҥліну
аумағын ҥлкейтеді.
Жасуша ядросының мембраналары бҥліністерінен
геномның
бҥлінуі РНК мен нәруыз тҥзілуі бҧзылуы, қҧрылымдық
ӛзгерістер дамуы байқалады.
Сонымен
бірге, МАТ-на байланысты мембраналардағы
ӛзгерістер олардағы қабылдағыштардың (рецепторлардың)
биологиялық белсенді заттарды (медиаторлар, трофогендер)
байланыстыруға қабілетін ӛзгертеді.
Осының нәтижесінде
нейрондардағы рецепторлар дәрілік заттарды да байланыстыру
қабілетін жоғалтады. Содан емдік дәрілердің әсері азаяды.
Сондықтан бҧндай жағдайларды емдеу ҥшін ең алдымен
антиоксиданттар мен мембрананы тҧрақтандыратын
заттарды
пайдалану маңызды.
Сонымен қатар, жҥйке жасушаларының мембраналарында
фосфолипаза ферменттерінің артық әсерленуі байқалады. Ол
нейрондарда
лизосома
мембраналарының
ӛткізгіштігі
жоғарылауынан
және нейрондардың ішіне Са
2+
иондарының
артық енуінен болады. Осыдан, нейрон мембраналарын одан
сайын бҥліндіретін, бос май қышқылдары мен лизофосфатидтер
жиналып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: