Денсаулық деп организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделіп, ӛзінің ішкі тҧрақтылығын қалыпты деңгейде сақтап қалатын жағдайын айтады. Осыған
байланысты кӛптеген ғалымдар ауруды ҧдайы ӛзгеріп тҧратын
сыртқы
ортаның
ықпалдарына
организмнің
бейімделу
қабілетінің бҧзылуы — деп анықтайды.
Ауру денсаулықтан мына жағдайлармен ерекшеленеді:
● ол ауру туындататын экзогендік немесе эндогендік
себепкер ықпалдардан дамиды;
● ол ағзалар мен тіндерде қҧрылымдық, зат алмасулық
және функциялық ӛзгерістердің пайда болуымен кӛрінеді.
Бҧл ӛзгерістер ағзаның бҥліністерімен және бҧзылған
функцияларының теңгерілуімен қабаттасады;
●
ол
қоршаған
ортаның
ҧдайы
ӛзгеріп
тҧратын
ықпалдарына
организмнің
икемделіп
-
бейімделу
мҥмкіншіліктерінің шектелуімен кӛрінеді;
● ол организмнің рухани және кҥш-қуат жҧмсау
мҧқтаждықтарын ӛтеу мҥмкіншіліктерінің тӛмендеуімен және
еңбек жасындағы ересек адамдардың еңбекке қабілеті
азаюымен байқалады;
●
ол
адамның
кӛңіл-кҥйінің
және
кҥш-қуатының
сәтсіздігіне әкеледі.
Сонымен
, ауру - деп тҧтас организмнің қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып-бейімделу мҥмкіншіліктерінің шектелуімен кӛрінетін, дерт туындататын сыртқы немесе ішкі ықпалдардан дамитын, оның биологиялық және әлеуметтік мҧқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалы жағдайын айтады. Ауру
тҥсінігі
дерттік
серпіліс
(патологиялық реакция), дерттік ҥрдіс (патологиялық
процесс), дерттік жағдай (патологиялық жағдай) деген
тҥсініктерге жақын тҥрады.