жалпы
және
жҥйелік
патофизиология
деген екі ҥлкен бӛлімнен тҥрады. Жалпы патофизиология
ауру туралы жалпылама тҥсінікпен (жалпы нозология) және
біртектес дерттік ҥрдістермен таныстырады. Ауру туралы
жалпы тҥсінік аурудың пайда болу себептік байланыстары
(этиологиясы), олардың даму жолдары (патогенезі) туралы
тҥсініктермен байланысты. Ал, олар ӛзалдына организмнің
тҧқым қуалаушылық ерекшеліктерімен, дене бітімімен және
қоршаған орта ықпалдарына жауап қайтару қабілетімен
(реактивтілігімен) тығыз қатынаста болады. Сондықтан бҧл
тҥсініктер патофизиологияның жалпы нозология тарауына
енеді. Жалпы патофизиологияның келесі маңызды тарауы
болып біртектес дерттік ҥрдістер есептеледі. Оларға:
жасушалардың
бҥліністері,
жергілікті
қанайналым
бҧзылыстары, қабыну, қызба, зат алмасуларының біртектес
бҧзылыстары, аллергия, ӛспе ӛсуі т. б. жатады
.
Біртектес дерттік ҥрдістер
мынадай
нышандарымен
айқындалады:
● олар кӛптеген әртҥрлі себепкер ықпалдардан дамиды
және, соған қарамай, белгілі бір жалпы заңдылықтармен
немесе бір патогенездік жолмен ӛрбиді;
● олар әдетте екі қарама-қарсы, бҥліністік және
икемделістік-бейімделістік, қҧбылыстардың диалектикалық
бірлігімен, ӛзара кҥресімен сипатталады;
● олар жоғары дамыған жануарлар мен адам денесінде
бірдей заңдылықтармен ӛтеді.
Осы жағдайларда ғана
біртектес дерттік ҥрдістер деп атайды.
Жҥйелік патофизиология организмнің жекелеген
ағзалары мен жҥйелерінде дерт даму заңдылықтарын
зерттейді.
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ
ПӘНІ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ҚЫСҚАША
ТАРИХЫ.
Аурулардың пайда болуын, даму жолдары мен зардаптарын
зерттеу ҥшін жануарларға тәжірибелер жасау қажеттілігі
пайда болды. Бҥгінгі кҥні қазақ жерінде жануарларға
тәжірибе жасау кӛне заманнан басталғаны белгілі болып
отыр.
Қараҥзген
шипагер
Ӛтебойдақ
Тілеуқабылҧлы,
14
Есімханның ҧлы Жәнібек ханның тапсырмасы бойынша, XVII-
ғасырдың екінші жартысы
шамасында жазып қалдырған
қолжазбасы осы айтылғанның толық айғағы бола алады. Бҧл
ҧлы шипагер-ғалым қойлар мен дала тҥлкілеріне тәжірибе
жасап,
қанайналым
шеңберлерін
ашқаны
айқындалды.
Қойлардың басын және жҥрегін зақымдап, ми мен жҥректің
организм тіршілігіндегі маңызын зерттеген. Ол шешекке
қарсы екпелер дайындау ҥшін таналарды егіп, олардан сау
адамдарды егетін таназат (вакцина) алған. Ол кісінің
таназат алу жолы сол кездегі халықтың жергілікті тҧрмыс
жағдайларына толығынан сәйкес келеді. Мәселен, танадан
алынған вакцина жаңа сойылган малдың бҥйрек қапшығына
қҧйыльш, қараңғы жерде сақталуы ӛз заманының, тіпті
бҥгінгі
ғалымдардың ойына келмейтін, ҥлкен ғылыми
жетістігі болып есептеледі.
Сонымен бірге, бҧл ғҥлама шипагердің адам денесінің
сусыздануын және оньщ сатыларын, суға кетіп ӛлген немесе
суыққа ҥсіп қалған адамдарды тірілту жолдарын алғаш
зерттеп шешуі ӛз заманының ҥлкен ғылыми жетістіктеріне
жатады. Кӛрсетілген ғылыми еңбек баспада басыльш, кең
тарамағанымен, басқа елдердің елшілері мен саудагерлері
арқылы ауыздан ауызға беріліп, жер шары мемлекеттеріне
тарап кетуі ешбір кҥмән тудырмайды. Сондықтан еуропалық
ғылыми медицинаның дамуына бҥл ақпараттар ықпал етпеді
деуге ешбір негіз жоқ.
Медицинаның ӛзекті мәселелерін жануарларда тәжірибе
жасап шешу еуропалық ғылыми медицинада эксперименттік
дерттану (патология) немесе патологиялық физиология деп
аталды.
1819 ж. Я. Л. Гэйллиот ең алғаш патологиялық
физиология атауын қолданьш, «Жалпы
патология және
патологиялық физиология» атты оқулығын жариялады. Бҧл
атауды немістің ҧлы патологы Р. Вирхов (1847) кеңінен
қолданды.
Эксперименттік дерттанудьщ негізін қалаушы болып
Франсуа Мажанди (1738—1855), Клод Бернар (1813—1878), В.
В, Пашутин (1845—1901) есептеледі.
1878 ж. В. В. Пашутин жалпы және эксперименттік
патологияны медициналық факультеттердің оқу курсына
енгізді.
1930
жылдары
бҧрынғы
Кеңестер
Одағында
патофизиология медицивалық пән деп аталып, медицина
саласында жоғары білім беру бағдарламасына енгізілді.
Сонымен Ресейде бірінші жалпы және эксперименттік
патология кафедрасын Қазан университетінде В. В. Пашутин
(1845—1901) ашты және ол 1878 ж. патофизиологиядан
15
алғашқы нҧсқауды жазды. В. В. Пашутиннің ғылыми
бағыттары:
зат
алмасулары
мен
энергия
алмасуының
бҧзылыстары, патофизиологияның маңызды мәселелерінің бірі
болып есептеледі. Оның толық және жартылай ашығу, жылу
алмасуының
бҧзылыстары,
оттегі
жеткіліксіздігі,
гиперкапниялар туралы ізденістері бҥгінгі кҥнге дейін
маңызын жоғалтқан жоқ.
Ол патофизиологиядан кӛптеген мамандар дайындады.
Ресейде
патофизиологияның
ілім
және
пән
ретінде
қалыптасуына орыстың ҥлы физиологы И. П. Павловтың (1849—
1936) қосқан орасан еңбегін атамауға болмайды. Ол
жануарлардың тіршілік қҧбылыстарына жаңа кӛзқараспен
қарап, патологияда нервизм ілімін дамытты, қанайналым,
асқорыту жҥйелері, жоғары жҥйке әрекеттері туралы
ілімдерді толықтырды.
Қазақстандағы бірінпгі патофизиология кафедрасы Алматы
мединститутында, яғни бҥгінгі Қазақ ҧлттық медицина
университетінде, 1933 жылы ашылды. 1933—1946 ж. бҧл
кафедраның меңгерушілері болып: проф. Глеклер Н. Э.,
доцент Четвертак Д. С., профессор Лейтес С. М. және
профессор Очкур П. П. қызмег атқарды. 1946 - 1969
ж.аралығында кафедраны профессор Глозман О. С. басқарды.
Ол ӛзінің шәкірттерімен екі ҥлкен ғылыми проблемалар
тӛңірегінде шҧғылданды. Оның біріншісі: уланған дененің
қанын донордың қанымен толық ауыстыру операциясы. Кезінде
оның ҥлкен амалдық манызы болды және талай адамдарды
ӛлімнен арашалап қалды Екіншісі: тез қансырау және шок
проблемасы екінші дҥние жҥзілік соғыс кезінде ерекше
кӛзге тҧскен мәселе екендігі және онын қазіргі бейбіт
кҥндерде де ӛте манызды екендігі ешбір кҥмэн туғызбайды..
Профессор
О.
С.
Глозман
кептеген
патофизиология
мамандарын дайындады. Солардың ішінде профессорлар:
Насыбуллина X. С., Сәулебекова М. С., Каримов М. А.,
Макашев К. М„ Маманова X. Е, т.б. бар. Профессор
Насыбуллина X. С. 1969 - 1991 жылдары аралығында Алматы
мединститутыньщ
патофизиология
кафедрасын
меңгеріп,
кӛптеген нәтижелі еңбектер атқарды. Ол оқушыларымен
бірге, бҥгінгі кҥннің талабына сай, кӛптеген ықпалдардың
организмге бірігіп әсер етулерін зерттеді. Мәселен,
қансырау мен гипокинезияның, ішімдіктің, қантты диабет
пен қансыраудың т. с. с. организмге біріккен асерлерінің
практикалық манызы зор екені ешқандай кҥмән келтірмейді.
Профессор Каримов М. А. шәкірттерімен бірге Қазақ
онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында
әртҥрлі химиялық заттардың организмде ӛспе дамуына
16
тигізетін маңызын зерттеуде елеулі еңбектер атқарды.
Профессор Сәулебекова М. С. оқушыларымен бірге Қазақ
тағам тану институтында нәтижелі еңбек етті.
1951 ж. Қарағанды мединститутында, бҥгінгі медицина
академиясында, патофизиология кафедрасы ашылды. Бҧл
кафедраны ҧйымдастырып, айтарлықтай еңбек еткен профессор
Я. А. Лазарис (1904 - 1989) оқушыларымен бірге екі ҥлкен
ғылыми мәселелермен шҧғылданды:
● ӛкпе ісінуінің патогенезі және оны тәжірибеде емдеу
жолдары,
● қантты диабет және оның патогенезі.
Бірінші мәселе бойынша ӛкпе ісінуі кезінде ӛкпе
қылтамырлары қабырғаларының ӛткізгіштігі жоғарылауында
жҥйке жҥйесінің маңызы кӛрсетілді. Екінші мәселе бойынша
қантты диабеттің эксперименттік ҥлгісін жануарларға
аллоксан енгізу арқылы алуды алғаш ҧсынды. Аллоксандық
және дитизондық диабеттерді тәжірибеде зерттеу арқылы
қантты диабеттің патогенезін анықтауға айтарлықтай ҥлес
қосты.
1955
ж.
патофизиология
кафедрасын
Семейдің
мединститутында,
бҥгінгі
медицина
академиясында,
профессор Назарова Т. А. (1915-1986) ҧйымдастырды. Оның
негізгі
ғылыми
бағыты
әртҥрлі
шок
жағдайларының
(жарақаттық, гемотрансфузиялық т. б.) жҥйкелік рефлекстік
жолдармен дамуын терең зерттеуде болды. Организмнің
сезімтал рецепторлары орналасқан әртҥрлі аумақтарын (ҧйқы
артериясының
синокаротидтік
аумағын,
ішектердің
бӛліктерін, кӛкбауырды) тҧтас қан жҥйесінен оқшаулап,
оларға бӛтен қанмен әсер ету арқылы шок дамуында
жҥйкелік-рефлекстік жолдардың маңызы ҥлкендігін кӛрсетті.
Профессор Назарова Т. А. Қазақстанда патофизиологиядан
ӛзінің мектебін ашқан ғалым. Оның шәкірті доцент Қ. А.
Шаймарданов
(1936-2004)
Семей
мединститутының
патофизиология кафедрасын оншақты жыл басқарды. 1997
жылдан бастап 2004 жылға дейін бҧл кафедраны Т. А.
Назарованың шәкірті профессор В. И. Кравцов басқарып
жарақаттық шок кезіндегі иммунитеттің ӛзгерістері туралы
докторлық диссертация қорғады.
1959 ж. Ақтӛбе мединститутында (қазіргі медицина
академиясында)
патофизиология
кафедрасын
профессор
Маманова X. Е. (1918—1977) ҧйымдастырды. Ол иммунология
саласында
біршама
еңбектер
атқарды.
Оның
оқушысы
профессор Қасенов Қ. О. кӛрсетілген кафедраны 1977 жылдан
2001 жылға дейін меңгеріп, организмге жылан уының әсерін,
оны емдеу жолдарын іздестіруде нәтижелі еңбектер атқарды.
17
1967 ж. Ақмола мединститутында, бҥгінгі қазақ медицина
акаде-миясында, патофизиология кафедрасы ашылды. Ол
кафедраны кейін ҧзақ жыл профессор В. Г. Корпачев (1936—
1998) меңгеріп, организмнің тӛтенше ауыр жағдайларын,
постреанимациялық патологияны зерттеуде ғылымға елеулі
ҥлес қосты. Ол
кӛптеген патофизиология мамандарын
дайындап қалдырды. Соның ішінде профессор Е. Д. Дәленов,
профессор Н. Қ. Хамзина т.б. атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |