С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ЖМ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-1 ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
|
I.3. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
№ 1 Тақырып. ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КУРСЫНА КІРІСПЕ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ
Мақсаты: жалпы нозологияның негізгі түсініктерін меңгеру
Дәріс жоспары:
-
Патологиялық физиология курсына кіріспе. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде.
-
Жалпы нозология, жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Денсаулық және ауру. Аурудың негізгі нышандары. Ауру алды туралы түсінік.
-
Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай.
-
аурудың сатылары, сипаттамалары.
-
Өлім, өлу кезеңдері, сипаттамасы.
-
Тірілтудің ұстанымдары. Тірілтілген ауру туралы түсінік.
Дәрістің тезистері
Патофизиология (грекше Pathos – ауру, дерт, physis – табиғат, қызмет, logos - ғылым) – ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.
Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Патофизиологияның міндеттері
Патофизиологияның негізгі тәсілі – патофизиологиялық эксперимент.
Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі: адам ауруларын жануарларда үлгілеу.
Нозология – ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).
«Денсаулық– бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ.
«Ауру – әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.
Аурудың нышандары -
Науқастың шағымы
-
Дерттің айғақты әйгіленімдері
-
Қоршаған ортаға науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі
-
Еңбекке қабілетінің төмендеуі
Ауру алды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.
Ауру алдының нышандары
-
Жүктеме кезінде бейімділік мүмкіншіліктерінің шектелуі
-
Байқалған өзгерістердің қайтымдылығы
-
Жүктемелік сынамалармен анықталады (Мартине, Генче, Штанге)
Дерттік серпіліс –(re – қарсы, action - әсер, серпіліс) –
Қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы
Дерттік үрдіс – зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің жиынтығы
Біртектес дерттік үрдістер:
-
Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,
-
Көп себепті (полиэтиологиялы),
-
әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,
-
айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,
-
эволюцияда барысында түзілген
Дерттік жағдай –организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.
Аурудың сатылары:
-
аурудың басталуы
-
нағыз ауру сатысы
-
аурудың аяқталуы
Жұқпалы аурулар сатысы:
-
инкубациялық кезең
-
хабаршы сатысы
-
айқындалу кезеңі
-
аурудың аяқталуы
Аурудың аяқталуы
-
сауығу (толық, шала)
-
созылмалы түрге ауысуы
-
өлім
Өлім
|