Жалпы нозология Нозология (гректің nоsоs — ауру, дерт, Іоgоз — ілім)
ауру туралы жалпы ілім. Бҧл медицина ғылымының ең бір
кӛне кҥрделі мәселесі.
Аурудың мәнін тҥсіну ҥшін денсаулықтың не екенін
тҥсіну қажет. Бҥгінгі кҥнге дейін денсаулық толық
зерттелмеген. Дені сау адам деген тҥсініктің нағыз
белгілері әлі жинақталмаған. Мысалы, егер 1000 дені сау
деген адамды әртҥрлі ағзалар мен жҥйелердің қызметтерін
сипаттайтын
100
кӛрсеткішпен
тексерсе,
онда
тексерілгендердің 0,6% ғана сау адамдарға ілінетіні
байқалған. Осыдан адамдардың барлығы бірдей ауру деуге
болмайды. Егер организмнің сыртқы қоршаған орта (адам
ҥшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті
бҧзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады.
Денсаулықтың физиологиялық ӛлшемі болып қалыптылық немесе
белгілі бір тҧрақты ӛлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық
(қан қысымының деңгейі, дененің температурасы, қан
жасушаларының саны, қандағы әртҥрлі заттардың глюкозаның,
нәруыздардың т. б. деңгейі т. с. с.) кӛрсеткіштердің
кӛпшілікке
тән
арифметикалық
орташа
денгейімен
анықталады. Ал, бҧл кӛрсеткіштер әр жерде әртҥрлі болуы
мҥмкін. Мәселен, таулы жерлердің тҧрғындарының қанында
эритроциттердің саны орташа арифметикалық деңгейден кӛп
болады. Емтихан тапсырар алдында студенттердің қанында
глюкозаның мӛлшері мен қан қысымы кӛтерілуі байқалады.
Тамақ ішкеннен кейін шеткері қанда лейкоциттердің саны
кӛбейеді. Міне осындай т. б. жағдайларда бҧларды ауру
адамның қатарына жатқызуға болмайды. Сондықтан орташа
арифметикалық кӛрсеткіштермен денсаулық жайлы қорытынды
жасау кейде ауыр қателіктерге әкеулі мҥмкін.
Сондықтан
денсаулыққа
анықтама
беруге
тырысудың
кӛптеген ҧмтылыстары бар. Оның бәріне тоқталу мҥмкін
емес. 1946 ж. Бҥкіл әлемдік денсаулық сақтау ҧйымы (БДҦ)
денсаулық туралы мынандай анықтама берді: «Денсаулық
дегеніміз денеде дерт немесе жай кӛзбен кӛрінетін
18 ақаулардың болмауы ғана емес, адамның кӛңіл-кҥйі мен
әлеуметтік жағдайларының толық сәттілігі». Бҧл анықтамада
қоршаған ортамен организмнің байланысы мен ӛзарақатынасы
ескерілмеген.