94
кҥйдіріп емдеу т.с.с.) қолдану кездерінде байқалады.
Сонымен реактивтілік организмнің тӛзімділігі емес, ол
тӛзімділіктің белсенді тҥрімен жақын келетін тҥсінік. Кей
жағдайларда реактивтілік тӛмен болғанда тӛзімділік жоғары
болуы мҥмкін. Мәселен, жануарлардың қысқы ҧйқысы кезінде
орталық жҥйке жҥйесі тежелген, зат алмасу ҥрдістері
азайған,
дене
қызымы
тӛмендеген,
осының
бәрі
реактивтіліктің тӛмендегенін кӛрсетеді. Ал, бҧл кезде
оттегі жетіспеуіне, жҧқпаларға, уыттарға организмнің
тӛзімділігі жоғары болады.
Реактивтілікті тҥрлік, топтық, даралық деп ажыратады
Тҥрлік реактивтілік.
Тҥрлік реактивтіліктің мысалы
ретінде кейбір жануарлардың қыс мезгілінде ҧйқыға жатуын,
қҧстар мен балықтардың жыл маусымына қарай
орын ауыстыруларын т.с.с. келтіруге болады. Бҧл
реактивтілік жануарлардың жалпы тҥрін және жеке бастарын
сақтап қалуға, олардың жаңа ҧрпақтарын жалғастыруға
бағытталған.
Сонымен бірге адам жануарлардың
кейбір жҧқпалы дерттерімен ауырмайды. Мәселен, адам ірі
қара малдың немесе иттердің обасымен ауырмайды, осыған
сәйкес
қҧстар
қалыпты
жағдайда
кҥйдіргі
ауруымен
ауырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: