97
кезінде реактивтілік қатты тӛмендейді, денедегі жаралар
ҧзақ уақыт бітпейді, терінің ҧсақ іріңді қабынулары
байқалады, жиі туберкулез дамиды.
Иммундық жҥйенің әсері.
Организм
реактивтілігінде
иммундық жҥйе жағдайларының маңызы ҥлкен. Иммундық
жҥйенің тҧа біткен немесе жҥре пайда болған тапшылықтары,
әртҥрлі сыртқы орта ықпалдарынан оның тежелуі -
организмнің реактивтілігін қатты ӛзгертеді (Иммундық
жҥйенің бҧзылыстарын қараңыз).
Организмнің реактивтілігінде
дәнекер тіндердің
де зор
маңызы бар. Олар макрофагтар жҥйесін қалыптастырады.
Осыдан келіп фагоцитоздық әсер, жараның жазылу қарқыны,
тосқауылдық
және
уытсыздандыру
қызметтері
дәнекер
тіндерінің жағдайларымен байланысты болады.
Организм
реактивтілігіне
адамның
қоректенуінің
бҧзылыстары да ҥлкен әсер етеді. Толық ашығу және асқа
жарымау реактивтілікті тӛмендетеді. Бҧл кездерде қабыну
сылбыр ӛтеді, антидене ӛндірілуі тӛмендейді, кӛптеген
аурулардың
ӛтуі
баяулайды,
анафилаксиялық
жағдай
дамымайды. Кӛптеген жҧқпалы аурулар дене қызуы кӛтерілмей
және қабынулық ӛзгерістерінсіз ауыр тҥрде ӛтеді. Тағамда
нәруыздардың
жетіспеуі
жҧқпалар
мен
уыттануларға
организмнің
тӛзімділігін
тӛмендетеді.
Витаминдердің,
микроэлементтердің
жетіспеулері
де
организмнің
реактивтілігін қатты ӛзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: