Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Табиғи биологаялық тосқауылдардың жетілмеуі



Pdf көрінісі
бет82/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Табиғи биологаялық тосқауылдардың жетілмеуі 
нәтижесінде

♣ әртҥрлі ауру туындататын қоздырғыштар (микробтар, 
уыттар, улар, иондағыш сәулелер т. б.) организмге жеңіл 
ӛтіп кетеді; 
♣ жҧқпалар мен уытты заттар, бір жерде ҧсталып 
тҧрмай, бҥкіл денеге тарап кетеді; 
♣ улы заттарға, дәрілерге организмнің сезімталдығы 
кӛтеріледі. 
Жҥйке және эндокриндік жҥйелердің жетілмеуінен: 
♣ мида гипоталамус, торлы қҧрылым, кӛру тӛмпешігі 
және мидың сыртқы қыртысы ӛзара функциялық қарым 
қатынасқа бірікпеген. Олардың бҧлай бірігуі туғаннан 
кейін 4 айдан соң ғана қалыптасады. Кӛру тӛмпешігінде 
ауырусыну орталығының және оның шеткері қабылдағыштарының 
толық жетілмеуінен жаңа туған нәрестелерде ауыру сезімі 
әлсіз болады; 
♣ 
жҥйкелік-рефлекстік 
жолдармен 
дамитын 
икемделістік-бейімделістік серпілістердің жеткіліксіздігі 


99
байқалады; Қан тамырларының жҥйкелік-рефлекстік реттелуі 
жетілмеуінен нәрестелердің дене қызымы сыртқы ортаның 
температурасына байланысты болып, ол жоғары болғанда 
қатты кӛтеріліп, суық болғанда тӛмендеп кетеді. Осы 
себептен олар қансырауға да ӛте сезімтал болады;
♣ мидың сыртқы қыртысы толық жетілмеуінен және оның 
қыртыс 
асты 
орталықтарға, 
жҧлынға 
тежегіш 
әсері 
болмауынан әртҥрлі қоздырғыштарға нәрестелердің организмі 
шашыранды тараған серпілістермен жауап қайтарады. Сонымен 
бірге жҥйке талшықтарының кӛпшілігі миелин қабығымен 
қапталмаған. Мидың сыртқы қыртысының қозымдылығы тӛмен 
болып, онда тежелу ҥрдісі басым болады және ол тез 
қалжырап қалады. Тіршілікке қажетті ҥрдістер қыртыс асты 
қҧрылымдардың басым қатысуымен атқарылады. Сондықтан 
әртҥрлі ықпалдар жҥйкелік ҥрдістердің бҥкіл денеге кең 
тарауын туындатады. Осыдан жаңа туған нәрестелердің 
дерттері, 
бір 
жерге 
орнықпай, 
организмнің 
жалпы 
ӛзгерістерімен: жалпы қобалжумен, баланың жылауымен, 
тырыспа-селкілдек дамуымен, қҧсумен, ауыру сезімінің 
ауырған жерге орналаспай, бҥкіл денеге тарауымен т. с. с. 
аурудың жалпы кӛріністерімен кӛрінеді; 
♣ гипоталамус-гипофиз-бҥйрек ҥсті бездері жҥйесінің 
жетілмеуі нәтижесінде организмнің бейімделу қабілетінің 
тӛмен 
болуы 
байқалады. 
Жаңа 
туған 
нәрестелердің 
гемолиздік ауруы кезінде бҥйрек ҥсті бездерінің қызметі 
әрдайым жеткіліксіз болады. Ӛйткені эритроциттердің 
гемолизінен босаған гемоглобиннен тҥзілген тура емес 
билирубин, бҥйрек ҥсті бездерінің жасушаларында жиналып, 
оларда тотығу-фосфорлану ҥрдістерін ажыратады. Осыдан 
қоршаған ортаның жағдайларына организмнің бейімделуіне 
қажетті кортикостероидтық гормондардың тҥзілуі бҧзылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет