102
жаратылысы ӛзгерген жасушаны макрофагтар мен табиғи
жендет жасушалар жойып отырады, ал кейде ол ӛспе ӛсуіне
әкелуі мҥмкін.
Сонымен бірге, ӛздігінен дамитын (спонтандық) және
белгілі
бір
тҥрткілерден
дамитын
(индукциялық)
мутацияларды ажыратады. Спонтандық мутациялар организмнің
ӛзіндегі әлі толық анықталмаған себептерден (зат алмасу
ӛнімдерінің, бос радикалдардың т. б. әсерлерінен) дамиды.
Индукциялық мутация кӛптеген сыртқы орта ықпалдарының
әсерлерінен дамиды. Бҧл ықпалдарды мутагендер дейді.
Мутагендер физикалық, химиялық және биологиялық болып
ажыратылады. Физикалық мутагендер: иондағыш сәулелердің
барлық тҥрлері, ҥльтракҥлгін сәулелер, температуралық
әсерлер т. т. жатады. Мутациялардың мӛлшері әсер еткен
сәулелердің мӛлшеріне және жасушалардың бӛліну сатыларына
қарай
ӛседі.
Сәулеленген
тіндердегі
бос
белсенді
радикалдардың пайда болуы кҥрделі физикалық-химиялық
ҥрдістердің бастапқы сатысы болады. Осының нәтижесінде
молекулалардың
қайта
қҧрылуы
және
биохимиялық
реакциялардың жҥруі бҧзылады да, аяғында келіп гендердің
мутациялары мен хромосомалардың қҧрылымдары ӛзгеруіне
әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: