Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


жынысына  байланысты  болады.  Ер адамдарда



Pdf көрінісі
бет84/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

жынысына 
байланысты 
болады. 
Ер адамдарда
атеросклероз, коронаросклероз, 
миокард инфаркты, гипертензиялық ауру, асқазан мен 
ҧлтабардың ойық жаралары, подагра, маскҥнемдік т.б. жиі 
кездеседі. 
Әйелдерде
эндокриндік жҥйелердің аурулары, 
қҧздама, ӛт-тас ауруы, ішектер мен тері аурулары т. б. 
жиі кездеседі. Сонымен қатар әйелдер ашығуға, қан кетуге, 
гипоксияға, организмнің сусыздануына тӛзімдірек келеді. 
Ӛмірдің орташа ҧзақтығы әйелдерде, еркектерге қарағанда, 
біршама ҧзақ. Мҧндай жынысқа байланысты реактивтілікті, 
барлық тіршілік ҥрдісгеріне әсер ететін, гормондық 
жағдайлардың ерекшеліктерімен тҥсіндіруге болады. 
Организмнің реактивтілігіне тҧқым қуалаушылық пен дене 


101
бітімінің 
ерекшеліктері 
ҥлкен 
әсер 
етеді 
(сәйкес 
тақырыптарды қараңыз). 
Қорыта келгенде, организмнің реактивтілігі дерттің 
пайда болу себептік байланыстарымен (этиологиясымен) және 
оның даму жолдарымен (патогенезімен) тығыз байланысты. 
Сол себептен оны кӛтермелеу арқылы алдын-ала кейбір 
ықпалдарға жаттықтырып кӛптеген аурулардың дамуынан 
алдын-ала сақтандыруға болады. 
ТҦҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Тектік ақпараттардың ӛзгерістерінен дамитын ауруларды 
тҧқым қуатын аурулар дейді. Оларды туа біткен аурулардан 
ажырату қажет. Туа біткен аурулардың ішінде тҧқым қуатын 
және тҧқым қумайтын (ҧрық дамуы кезіндегі ақаулар мен 
туы
лу 
кезіндегі жарақаттар және кесапаттардың нәтижесінде 
дамитын) аурулар болулары мҥмкін. Сонымен бірге кейбір 
тҧқым қуатын аурулар (Гентингтон хореясы, бҧлшық еттердің 
дистрофиясы) тек адам кемелденген шақ кездерінде ғана 
дамиды. Сондықтан оларды туа біткен ауруларга жатқызуға 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет