Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa сборник задач



Pdf көрінісі
бет16/78
Дата14.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#152963
түріСборник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
14-есеп
.
Жер телімінің ауданы.
Периметрі 48 м-ге тең шаршы пішінді жер телімі тіктөртбұрыш пішінді 
сегіз бірдей бөлікке бөлінген.
1-сұрақ.
Шаршы пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы:
____ .
2-сұрақ.
Берілген жер телімінің ауданы қанша?
Жауабы:
____ .
3-сұрақ.
Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы:
____ .
4-сұрақ.
Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы қанша?
Жауабы:
____ .
5-сұрақ.
Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы берілген жер 
телімінің ауданына қарағанда қанша кем?
Жауабы:
______ .
 
15-есеп
.
Фигураның ауданы 
19-суретте жарты дөгелектен, шаршыдан және тең бүйірлі тікбұрышты 
үшбұрыштан тұратын фигура берілген.
19-сурет
 
1-сұрақ
. Егер дөңгелектің радиусы 7,5 см болса, онда берілген фигураның 
ауданы қанша?
Жауабы:
______ . 
2-сұрақ
. Егер шаршының диагоналі 
см болса, онда берілген 
фигураның ауданы қанша?
Жауабы:
______ . 
3-сұрақ
. Егер тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың ауданы 20,25 см
2
болса, онда берілген фигураның ауданы қанша?
Жауабы:
______ . 


24 
16-есеп.
Жер телімінің ауданы.
Периметрі 20 м және ұзындығы енінен 1,5 есе артық тіктөртбұрыш пішінді 
жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлу қажет.
1-сұрақ.
Берілген жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы:
____ .
2-сұрақ.
Егер шыққан жер телімі шаршы пішінді болса, оның өлшемдері 
қандай болуы мүмкін?

Жауабы:
____ .
3-сұрақ.
Егер шыққан жер телімі тіктөртбұрыш пішінді болса, оның 
өлшемдері қандай болуы мүмкін?

Жауабы:
____ .
4-сұрақ.
Берілген жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлудің ең кіші және 
ең үлкен саны қандай?
Жауабы:
_______ .
17-есеп.
Фигураның ауданы.
Қабырғалары 25 см болатын шаршыға, бір төбесі осы тіктөртбұрыштың 
төбесімен сәйкес келетін, ал үш төбесі оның үш қабырғасының ортасы болып 
табылатын төртбұрыш іштей сызылған (20-сурет).
20-сурет 
 
 
1-сұрақ.
Боялған фигураның ауданы неге тең?
Жауабы:
________ .
2-сұрақ.
Боялған фигураның өлшемдері қандай?
Жауабы:
________ .
3-сұрақ.
Боялған фигураның периметрі неге тең?
Жауабы:
________ .
4-сұрақ.
Боялған фигураның ауданы берілген тіктөртбұрыштың ауданынан 
қанша пайыз кем?
Жауабы:
________ .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет