Картография



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз

1.2.3 Жаңа кезең 
XVIIIғ. ортасында топографиялық түсірістер біршама әскери 
ведомстволарға ауысты. 1763ж. Ресейде Бас штаб құрылды, оған елдің 
шекаралық облыстарында түсіруді жүргізу жүктелді. 1797 жылы Депо 
картасы ұйымдастырылды, оған барлық карталардың толық мемлекеттік 
архивтерін жасау қызметі берілді. Депоға карта мен атластарды құру және 
басып шығару міндеттері жүктелді, оның ішінде жоғарыда аталған «Ресей 
жүзпарақтық картасы» (1801 – 1804 жж.), 107 парақта 1:840000 масштабта 
жасалған «Ресей империясының толық картасы» бар. 
XIXғ. Ресей картографиясы үшін әскери-топографиялық қызметтерді 
қалыптастыру басталды. 1812ж. Депо карт Әскери министрлік құрамында 
әскери-топографиялық депо болып қайта қалыптастырылды, ал 1822ж. 
әскери топографтар Корпусы болып бекітілді. Олар кейіннен триангуляция 
салу, астрономиялық пункттерді бақылау, топографиялық түсірістер 
бойынша біршама жұмыстар жасады. Ғасырлар бойы орыс әскери-
топографиялық қызметтерімен 10 млн.км
2
(барлық Европа ауданына тең) 
ауданы аймағына карталар жасалған болатын. 
XIXғ. ортасында басты жер бӛлу түсірісіне математикалық базаны 
келтіру үшін Орыс географиялық қоғамы, Әскери министрлігі және Жер 
бӛлу ведомствосымен Ресей орталық губернияларында қосымша жұмыстар 


21 
жүргізілген болатын, ол Менде түсірісі (олардың жетекшілері генерал-
лейтенант А.И. Менде есімі бойынша) деп аталды. Бұл мемлекеттің 
аймағын тұтас картографиялау бойынша ғылыми-практикалық қызметті 
жүзеге асыру үшін ғылыми география мен картографиялық қызметтердің 
талпыныстарын біріктірудің бірінші тәжірибесі болды. 
Геодезиялық негізде құрылған жаңа топографиялық карталар арасында, 
ең маңызды орынды Европалық Ресейдің үш беттік картасы (1:126000) 
алды, оның басып шығарылуы XIXғ. басында басталды. Ол үшін тегіс 
рельеф беру үшін штрихтар шкаласы ӛңделді. XIX ғ. екінші жартысында 
рельефті горизонтальдармен кӛрсете бастады. 
XIXғ. тақырыптық картография пайда бола бастады және тез 
қарқынмен дамыды, олардың жетістіктері тақырыптық картографиялау 
үшін ерекше ұжымдар ұйымдарына қарағанда, ұлы ғалымдардың жеке 
пікірлерімен байланысты болды. 
1882 ж. Геологиялық комитет құрылды, оның маңызды міндеттерінің 
бірі елдің геологиялық картографиялауы болып табылады. Экономика-
географиялық карталар ерте пайда болды, П.П. Семенов–Тян–Шанский 
экономика, тұрғын елдің картасын құруда ӛз үлесін қосты, В.В. Докучаев 
топырақ картографиясының негізін қалады. «Азиаттық Ресей атласы» 
(1914 ж.) - белгілі ұлы отандық картографиялық шығарма, Сібірге, Орта 
Азияға және Шығысқа шаруаларды қоныстандырумен байланысты 
Қоныстандыру басқармасымен құрастырылған. Отандық картографияның 
маңызды бағыты арнайы топографо-геодезиялық білімнің құрылуы 
бойынша қызметтер болып табылды. Елде әлемдегі алғашқы азаматтық 
жоғары оқу орны Константиновский Жер бӛлу институты жұмыс жасады, 
ол жер бӛлу инженерлерін дайындады, олар әртүрлі дәрежелі күрделілікте 
геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізуге қабілетті болды. 
Әскери топографтар корпусы үшін мамандарды дайындауға арналған 
Әскери-топографиялық училище ашылды, ол офицерлерді шығарды. 
Әскери ведомство Бас штаб Академиясының геодезиялық факультетінде 
жоғары мамандандырылған офицер - геодезистерді дайындады, ол Петер-
бургте 1832 жылы ашылды. 
Ақсүйектер білімінде картографияны зерттеу ӛз орнын тапты. Ӛйткені, 
1884 жылдан бастап Д.Н. Анучин осы пәнді география кафедрасында 
университет курсына енгізді. 
XIXғ. картографияның дамуы географиялық қоғамдармен тығыз 
байланысты болды, оның ішінде Орыс географиялық қоғамы да бар. Қоғам 
ұйымдастырған кӛптеген экспедициялар, әртүрлі карталар мен атластарды 
құру кезінде қолданылған ғажайып материалдарды тауып әкелді. 
XIX–XX ғғ. кезеңінде география мен картография арасындағы 
байланыстарды қалыптастыру мен анықтау процестері үдей түсті. К.А. 
Салищев пікірі бойынша, картография ӛзіндік ғылым ретінде жаңа уақытта 
қалыптасты, ӛйткені осы уақытқа дейін В.Н. Татищев анықтаған 


22 
картографияға деген қатынас сақталып қалды, ол (оны математикалық 
география деп атай отырып) үш құрамдаушының біреуін физикалық және 
саясаттықпен бірге география бӛлімдері деп есептеді. 
Географияның түсініктеме сипаттамасы картография дамуының 
аналитикалық кезеңінің дамуы үшін негізін берді, ӛйткені «не қайда 
орналасқаны» туралы белгілі болды және әрі қарай жылжу қажет болды. 
Табиғи және әлеуметтік ғылымдар алдында орналастырудың кеңістіктік 
заңдылықтарын, объектілер мен құбылыстар байланыстары және 
құрылымын зерттеу есептері туындады. XIX ғ. ортасынан бастап 
географияның әртүрлі салаларында тақырыптық картографиялау салалары 
қалыптаса бастады. 
Топографиялық және тақырыптық картографиялаудың дамуы әртүрлі 
ғылымдар саласында ӛз жолымен жүрді. «Картография» терминін түсіну 
мен қолдану біркелкі болмады, бірақ жаңа заманға ұқсас болды. 
Ғасырлар шегінде картографияда жарық есім бұл 
Василий Васильевич 
Витковский
болды, құрметті профессор, әскери геодезист (1.7 - сурет). 
1.7 – сурет - Василий Васильевич Витковский 
(1856 – 1924 жж.) 
1875 жылы Әскери-инженерлік училище, одан кейін Бас штаб 
Академиясын бітіргеннен кейін, ол әскери геодезист атағын алды және 
Әскери топографтар корпусына қызметке орналасты. Витковский ӛзінің 
кӛптеген теориялық білімдерін Финляндия мен Петербург губерниясында 
триангуляция мен түсірістер кезінде практикалық қызметтерінде 
қолданды. 
Оқытушылық қызметін ол 1889 жылы бастады. Әскери-топографиялық 
училище, Әскери академия, Әскери-топографиялық мектептен басқа В.В. 
Витковский азаматтық жоғары оқу орындарында және педагогикалық 
институтта (1914 – 1915 жж.) сабақ берді. Ол дәріс оқумен қатар оқу 
нұсқауларын құрды және бірнеше ғылыми еңбектерін басып шығарды. 


23 
1898ж. оның «Практикалық геодезия» еңбегі шықты, ол триагуляцияны 
есептеумен ӛндіріс және басқа да геодезиялық жұмыстар үшін толық 
нұсқау болып табылды. 1904 жылы «Топография» басылып шықты, ол 
Әскери топографтар корпусына арналды (оның тӛртінші, түзетілген және 
толықтырылған басылымы профессор Л.В. Граур редакциясымен 1940 
жылы Ленинградта шықты). 1907 жылы В.В. Витковскийдің картография-
лық проекциялар туралы қомақты еңбегі «Картография» - үшінші үлкен 
шығармасы жарыққа шықты, ол үшін 1909 жылы автор Географиялық 
қоғамнан Ф.П. Литке премиясын алды. 
Ғалымның аталған қомақты еңбектері орыс ғылымының бетке 
ұстарлық еңбектерінің бірі болды. В.В. Витковский ӛмірінің соңғы 
жылдары «Жалпы астрономия» еңбегімен кӛп жұмыс жасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет