Картография


 XVII–XVIII ғғ. Батыс-европалық картография



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз

1.1.4 XVII–XVIII ғғ. Батыс-европалық картография 
Американың ашылуымен және колонния жаулап алған әлемдік сауда 
жан-жақты бола бастады және оларға деген қажеттілік пен жетілдірілудің 
жоғарылауымен картаға деген қызығушылық жоғарылады. 
Нидерландылықтар картография дамуының алдыңғы шебінен 
ысырылып, ол Англия теңіздерін басқаруға ауысты. Теңіздік навигациялық 
карталарға сұраныстар жоғарылады.
Теңіздерде бойлықты нақты анықтау үшін гринвич обсерваториясы 
(1675) құрылды, онда астрономиялық бақылаулардан басқа, магниттік 
ауытқу, жел, ағындармен физика-географиялық бақылаулар жүргізілді.
XVIIғ. екінші жартысында картографиялық жұмыстар Францияда дами 
бастады, бірақ тірек нүктелерінің географиялық координаталарын 
анықтауда қиыншылықтар болды.
Ғылым тарихында ірі ашылулардың бірі трангуляция әдісін ойлап табу 
болды, оны голландық В. Снеллиус 1615 жылы ойлап тапты.


17 
Триангуляция әдісі меридиан доғасының ұзындығын есептеуге және 
геодезиялық торлардың координаталар нүктелерін анықтауға мүмкіндік 
берді. 
XVIIIғ. Францияда триангуляция жоспарлы сипаттаманы қабылдады. 
Жердің нақты формасын бекіту үшін әртүрлі ендікте Перу мен 
Лапландияда екі ірі экспедиция ұйымдастырылды. Вертикаль осі бойынша 
Жердің сығылуы, экваторға қарағанда, жоғары бойлықтардағы меридиан 
доғаларында ұзын екендігін есептеулер дәлелдеді. 
Топографиялық түсірістер Францияда XVIIIғ. екінші жартысында 
қайта жанданды. Елдің картасын (182 парақтарда) шығару созылып кетті 
және ол 1815 жылы аяқталды. 
Франциядағы Париж меридиан доғасының ұзындығын ӛлшеу негізінде 
жаңа ұзындық ӛлшем бірлігі метр (Париж меридиан ширегінің 1:10000000 
бӛлігі) енгізілді. 
Жер бедерінің кӛріністер әдістері жақсарды. Птолемей картасындағы 
перспективты суреттерден жер бедерін штрихтармен бейнелеуге ауысу 
жасалды, ол жер бедерінің кӛріністерін кӛрнекті және ӛлшемді жасай 
отырып, бірте-бірте қиындата түсті. 
XVIIIғ. аяғында саксондық әскери топограф И.Леман штрихтар 
шкаласын құру үшін математикалық есептер қолданды. 
XVIIIғ. жер бедерін горизонтальдармен бейнелеу әдісі пайда болды, ол 
үшін кӛптеген биіктік белгілері қажет болды. XIX ғ. екінші жартысында 
теміржол құрылысы, ғылыми зерттеулер, дәл аспаптарды қолданумен 
топографиялық түсірістерге байланысты мұндай анықтаулар кӛп жасалды.
Осыдан, Ұлы географиялық ашылулар, жер айналып жүзулер, 
географиялық координаталар анықтаулармен, топографиялық түсірістер 
арқасында материктер мен мұхиттар контурларымен әлемдік карталар 
жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет