Кіріспе Картография – студенттер-картографтарды дайындаудағы университет-
тегі негізгі курстардың бірі. Ол келешекте мамандардың картографиялық
ӛмірді тануды қалыптастырады және оларға қоршаған ортаның кӛрінісі
туралы әдістер, кеңістіктік талдау мен модельдеу, географиялық карталар,
атластар мен басқа да картографиялық шығармалармен жұмыс негізін
береді, картографиялық ғылым мен ӛндірісінің даму перспективасымен
таныстырады.
Оқу құралын жазған кезде авторлар университеттік мектеп
географиялық картография кӛзқарастарымен және принциптеріне сүйенді,
ең алдымен профессор К.А. Салищевтің классикалық оқулықтарын
бағытқа алды, ол оқулықтар кӛптеген жылдар бойы географо-
картографиялық білімнің негізін құрды.
Кейінгі он жылдықта картография мен онымен байланысты пәндердің
даму прогрессі жаңа әдістер, технологиялар, картографиялау бағыттары
мен картографиялық шығармалардың жаңа түрлерінің пайда болуына
әкелді. Қазіргі уақытта картографияны аэрокосмостық зондтау,
геоинформатика мен телекоммуникацияның тығыз ӛзараәрекетісіз кӛрсету
ӛте қиын. Электронды карталар мен атластар, анимациялар, үшӛлшемді
картографиялық модельдер мен басқа да геобейнелер картографтар,
географтар, геологтар, экологтар және басқада Жер туралы ғылымдар
мамандары мен аралас әлеуметтік-экономикалық білім салаларында
алғашқы зерттеу құралдары болып табылады.
Оқу құралының мазмұны мен құрылымы «Геодезия және картография»
мамандықтар студенттері үшін «Картография» курс бағдарламасына
сәйкес келеді. Карта мағынасына, олардың математикалық негізіне,
картографиялық кӛріністердің әдістеріне, генерализация, карталар мен
атластар жіктелуіне қатысты дәстүрлі тақырыптар кӛрсетілген. Зерттеудің
картографиялық әдісіне маңызды орын берілген, ӛйткені ол географияда
қарастырылған, ал карта әлемді танып білу құралдарының негізі болған
және болады.