Картография


 Картография мағынасы және оның басқа ғылымдармен



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз

2.1 Картография мағынасы және оның басқа ғылымдармен
байланысы 
Ежелгі заманда адамдар Жердің нақты формасы мен шамасын білмеген 
және оны жазық немесе сүйір диск түрінде бейнелеген. Жердің шар түрі 
дәлдеулермен бірте-бірте жинала бастады. Б.э.д. VIIғ. Жер – шар екендігі 
белгілі болды. Б.э.д. IVғ. ӛмір сүрген грек ғалымы Аристотель осы дәлелді 
жалпылады және толықтырды.
Б.э.д. ІІғ. Эратосфен Асуан және Александрия арасындағы меридиан 
доғасын градуспен ӛлшеп, Жердің нақты шамасын анықтады. Ол әлемнің 
бірінші картасын құрды. 
Бірақ орта ғасырларда ғылым үшін қиын уақыттар туды. Ғалымдарды 
Жер – шар деген тұжырымы, олар үшін инквизиция оты және қинауымен 
аяқталды. 
Тек қана XVIғ. жер шартәріздес деген идея нақты бекітілді. XVIIғ. 
Ньютон ол полюстерде сүйірленген және эллипсоид дегендігін дәлелдеді, 
ал XIXғ. жердің нақты фигурасы дұрыс емес форма, ешқандай 
математикалық формуламен есептелмейтіндігі дәлелденді. Бұл фигураны 
геоид деп атады (И. Листинг, 1808 – 1882 жж.). 
Геодезия
 
(грек тілінен аударғанда «жер бӛлу») – пландарда және 
карталарда жер бетін бейнелеу, Жер фигурасы мен оның ӛлшемдері таным 
пәні болып табылатын ғылым.
Қазіргі уақытта геодезистер Жер фигурасы мен ӛлшемдерін нақты 
анықтады, мемлекеттік геодезиялық торды құрды, ол ӛз кезегінде 
картаның нақты кӛрінісінің бар екендігін, географиялық кеңістікті 
модельдеуге мүмкіндік берді. Геодезиялық ӛлшеулер Жер бетінде, оның 
қойнауларында, атмосферада және космоста арнайы жоғары дәлдікті 


31 
(теодолиттер, 
жарыққашықтықӛлшеуіштер, 
нивелир) 
аспаптармен 
жасалады. Геодезиялық ӛлшеулер нәтижелері ЭЕМ кӛмегімен ӛңделеді. 
Геодезия Жердің деңгейлік бетін, яғни толықтығын зерттейді деп 
айтуға болады. Бірақ бұл толықтылық физикалық бет учаскелерінің ауданы 
бойынша кішігірім, онда адам тұратын және жұмыс жасайтын бірнеше 
бӛліктерден тұрады. Оларды зерттеу, арнайы жұмыстар нәтижелерінде 
пландар мен карталарда бейнелеу, яғни түсірістер деп аталатын түсінік 
топография («топо» - орын, «графо - жазу») пәні болып табылады.
Кішігірім жергілікті жердің учаскелер ауданы бойынша топографиялық 
карталарда (пландарда) бейнелеу әдістері мен түрлерін зерттейтін пән 
топография
 
деп аталады. 
Топографиялық түсірістер топографиялық картаның, планның 
тұпнұсқасын құру бойынша жұмыс кешенін кӛрсетеді.
Геодезия және топография байланысы туралы профессор В.В. 
Витковский былай деді: «Жер кеңістігін оның бӛліктері бойынша білу, ал 
оның бӛліктерін зерттеу толықтылықты білуді қажет етеді, яғни Жер 
ӛлшемдері мен жалпы түрі геодезияда зерттеледі». 
Осы себептен, барлық үш ғылым – геодезия, топография және 
картография – бір-бірімен тығыз байланысты. Геодезиядан толықтылық 
туралы – Жер фигурасы және оның ӛлшемдері туралы белгілі, топография 
аймақ ауданы бойынша кішігірім жергілікті жердің картасын (осы 
карталар елдің кең кеңістігі үшін бар екендігін атап ӛтейік) жасауға 
мүмкіндік береді, картография осы жер кеңістігінің оның барлық түрлілігі 
және қандай болмасын ӛлшемдерін графикалық кӛріністер әдістерін 
меңгереді.
Карталар жергілікті жердің кішігірім учаскесінен жер бетіне дейінгі 
қандай болмасын кеңістігін біруақытта толық түрде кӛрсетуге мүмкіндік 
береді. Олардың қажетті сапалық және сандық сипаттамалары әртүрлі 
картометриялық параметрлерді алуға мүмкіндік береді, яғни кейіннен 
талдау үшін қажетті картографиялық ақпарат. Кейбір табиғи және 
әлеуметтік құбылыстардың таралу заңдылықтарын бекітуге, объектілер 
мен құбылыстардың орналасуы туралы кӛрнекі кӛріністі беруге, олардың 
ұқсастығын тек картографиялық ақпарат кӛмегімен орнатуға болады. 
Карта кеңістік пен уақытты модельді график түрінде сақтайды. 
Карта география, тарих, биология және т.б. сабақтарда ғылыми таным, 
ойлауды жетілдіру құралы болып табылады. Картада құбылысты бейнелеу 
оның құрылымы мен мағынасын түсіну болып табылады. 
Әдетте картаны жасау кӛптеген мамандар ұжымы, экспедициялық 
зерттеулер міндеттерінің (мысалы, геологиялық, топырақтық, геоботаника-
лық, ландшафтық картирлеу) жұмыс мақсаты болып қалыптасады. Қандай-
да бір аймақты зерттеу басталғанда, керісінше, алдынала карта оқылады. 
Сондықтан Н.Н. Баранский айтқан карта – географияның «альфасы мен 
омегасы» деген тұжырым дұрыс. 


32 
Маманға картографиялық білім қажеті: 
- ойлану кеңістігін қалыптастыру үшін; 
- картографиялық модельмен ақпаратты алу мақсатымен жұмыс жасай 
білу үшін; 
- географиялық құбылыстардың кеңістікте таралу ерекшеліктері мен 
заңдылықтарын зерттеу мақсаттарында графикалық түрде арнайы 
ақпараттарды бейнелеу мен картаны құру үшін; 
- құбылыстар мен процестерді тарату заңдылықтарымен, географиялық 
кеңістікті танумен байланысты, география және басқа ғылымдармен оқу 
кезінде картографиялық әдістерді қолдану үшін. 
Географиялық ғылым жүйесінде картографияның орны туралы кӛрініс 
2.1 - суретте келтірілген. 
2.1 – сурет - Ғылымдар жүйесінде картографияның орны


33 
Географияда мыңжылдар бойы геометрия – кеңістік формалар тілінің 
орны ерекше болды. Әлеуметтік кеңістік туралы идеялардың дамуы 
кеңістіктік қатынастар мен құрылымдарды жазу үшін басқа жүйені ӛңдеуді 
талап етеді. 
Ақпараттарды жазу, бейнелеу, жинақтау әдістеріне географиялық әдіс 
– картографиялықты жатқызуға болады. 
Карта бейнелі-географиялық тілмен жазылған, оған шектеу 
қойылмайды. Бірақ, оның әртүрлі елде әртүрлі кезеңде даму дәрежесі мен 
ерекшеліктерін кӛрсететін ӛз қасиеті бар. Жібектегі қытай картасы, Ұлы 
географиялық ашылулар навигационды карталары, тарихи мәліметтері бар 
орыс сызбалары, қазіргі атластар, электронды карталар, әртүрлі 
геоақпараттық жүйелер әртүрлі кезеңде ескерткіш қалдырған, оның ішінде 
картада бар. Мұндағы картографияның мәнісі бағасыз. 
Карталар ғылыми зерттеулерде қолданылады, бірақ графикалық түрде 
кӛрсетілген ақпаратпен жұмыс жасай білу тек қана мамандарға ғана емес, 
сонымен қатар, басқару саласында, бизнесте, ӛзіндік экологиялық 
қауіпсіздік, адамның қандай болмасын қажеттілігі үшін керек. Карта 
мұғалімдер, экологтар, экономистер, инженерлер, агрономдар әртүрлі 
мамандықтағы адамдар үшін ақпараттар қайнар кӛзі болып табылады. 
Бұл кезде карта тілін білу негізгі орынды алады, ол адамзатпен 
мәдениет дамуы процесінде табиғи және қоғамдық процесстер туралы 
ақпараттардың таралу кеңістігін талдау үшін ӛңделген. Географиялық 
ақпаратпен жұмыс жасай білу, онымен ойлау әрекеттерін орындау, нақты 
есептерді шешу, ӛзінің әрекеттерінің мүмкін географиялық жазбасын 
қалыптастыру мен құру дағдысын алу білімді адамның қажетті сапасы 
болып табылады. 
Ғылыми зерттеу құралы ретінде картаны қолдану әдістерін ӛңдеу 
қазіргі картографияның басты міндеттерінің бірі.
Қазіргі кезде картографияның мағынасы барлық дәрежеде қоғамның 
әлеуметтік және экономикалық дамуымен басқару ақпараттық базасы да 
ӛзгеріп келеді. 
Тақырыптық карталар, электронды карталар, әртүрлі геоақпараттық 
жүйелер түрінде кеңістікте таратылған географиялық ақпарат қоғам 
дамуын басқару ақпараттық қамтамасыздандыруда маңызды орынды 
алады. 
Картография математика, есептеу техникасы, космостық түсірістер, 
Жер және қоғам туралы ғылымдармен, танымның философиялық 
теориясымен тығыз байланысты. 
Картографияның информатикамен байланысы аса маңызды орынды 
алады. Картография мен ақпараттарды беру теориясы арасындағы 
қатынастарды зерттеу үшін картографтар, әсіресе Мәскеу мемлекеттік 
университетінің ғалымдары кӛп еңбек етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет