Картография


Географиялық атластар. Олардың анықтамалары және



Pdf көрінісі
бет24/45
Дата15.10.2022
өлшемі5,48 Mb.
#153168
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
Kartografiya каз

4.4 Географиялық атластар. Олардың анықтамалары және
жіктелуі 
Жалпы бағдарлама бойынша толық шығарма ретінде орындалған, 
географиялық карталардың жүйелік жиынтығы географиялық атлас деп 
аталады. Атлас механикалық жиынтық емес, ол ӛзара байланысқан және 
бір-бірін толықтыратын, атлас қолдануымен негізделген карта жүйесі. 
Аңыз бойынша аспандық глобусты алғашқы жасаған Атлас – Ливия 
патшасы құрметіне «Атлас» атауын алғашқы рет Герард Меркатор 
енгізген. Меркатор «Атласы» 1595 жылы, ол ӛмірден кеткеннен кейін 
басып шығарылды. Атластардың жіктелуі карталар жіктелуіне ұқсас. 
Аймақты қамту бойынша: әлемдік атлас, континенттер немесе олардың ірі 
бӛліктер атласы, жеке мемлекеттік атластар, региондық атластар болып 
бӛлінеді. 
Мазмұны бойынша
ажыратылады: негізінде жалпыгеографиялық 
карталардан тұратын, жалпыгеографиялық атлас; табиғи құбылыстарды 
кӛрсететін физика-географиялық атлас (бір түрлі карта құрайтын салалық, 
кешендік салалық, әртүрлі мазмұнды құрайтын, бірақ қандай болмасын 
табиғи құбылысты ӛзара толықтырушы, кешенді, табиғаттың барлық 
жағын қамтитын); әлеуметтік-экономикалық (физика-географиялық 
атластар сияқты бӛлінеді, бірақ әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды 
кӛрсетеді); жалпы кешенді, оған физикалық, экономикалық, саясаттық 
карталар жатады, ол картографиялау объектілерінің жан-жақты 
сипаттамасын береді. 
Қолданысы бойынша
бӛлінеді: оқу атласы, ғылыми-анықтамалық, 
туристік, жолдық, әскери. 
Формат бойынша
атластар атлас картасының аудандық қосындысына 
байланысты жіктеледі. Үлкен (үстелдік) - 15м
2
, орта – 6-дан 14 м
2
-қа дейін, 
қалталық - 5м
2
-тан жоғары емес болып бӛлінеді. Атлас сапасы үшін 
атластың ішкі бірлігі мен толықтылығымен анықталатын оның 
толықтылығы маңызды. Атлас, егер ондағы оның қолдануы мен ой 
тұңғиықтарынан тұратын барлық сұрақтары мен тақырыптары берілген 
болса толық болып есептеледі. Атластың ішкі бірлігі ӛзара 
толықтылықпен, келісумен, олармен жұмыс кезінде карталарды салыстыру 
ыңғайлылығымен жасалады. Осылай, әртүрлі карталар атластарында 
рельефті салыстыру оның кӛрінісінің бір әдісі қолдануы кезінде 
жеңілдетіледі. Алғашқыда біздің елімізде атластар альбом ретінде 
жинақталған болатын, бірақ 30 – жылдардан бері оларды жеке парақтар 
ретінде жасай бастады. Үлкен атластар әдетте тұрақты түрде шығарылып 
отырады. Кӛбінесе кестелер, мәтіндер енгізіледі. Атластар қолданысының 
ыңғайлылығы үшін соңында оларға географиялық атаулар кӛрсеткіштері 
беріледі. 


51 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет