Пјнніҫ мақсаты: Стилистика жоәары оқу орындарыныҫ қазақ филологиясында кҙп жылдардан бері пјн ретінде ҙткізіліп келеді



Pdf көрінісі
бет4/50
Дата17.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#153337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Адамбаева Г.М. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша

тіл құралдарының стилистикасы
деп аталынады. 
Стилистика жалпы халық тілінің стильдік жүйелерін, жалпы халықтық 
тілдің ауызекі және жазба түрлері, олардың ӛздеріне тән ерекшеліктері, әдеби 
тілдің стильдерін тегіс қамтиды. 
Сӛйтіп стилистика тілдік единицалардың мәнерлегіштік мүмкіншіліктері мен 
олардың қандай формада және стильдің қай түрінде қалай қолданылатыны 
туралы мәселелерді қарастырады. 
Қарым-қатынастың әр түрлі саласында, пікір алысудың мақсат-
міндеттеріне сәйкес, ойдың мазмұнына лайық осы аталған тұлға бірліктерді 
таңдау мен ұйымдастырудың жалпыға ортақ пртнциптері қалыптасады. Бұл 
жағдай тілдік құралдардың қызмет ету процесінде әр түрлі функционалды 
стильдердің жасалуын негіздейді. Белгілі бір салада, қарым-қатынастың белгілі 
бір түрінде осы тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктеріне орай 
фунционалды стиль түрлері ажыратыла бастайды. Бұл 
функционалды 
стилистиканың 
міндеті болып саналады. Сӛйтіп стилистиканың салаларына 
мыналар жатады: 
1. тіл құралдарының стилистикасы, 2. функционалды 
стилистика, 3. кӛркем әдебиет стилистикасы.
Кӛркем әдебиет стилистикасының отандық ғылымда жеке сала болып 
қалыптасуы ғалым, академик В.В.Виноградовтың есімімен тығыз байланысты. 
4) 
Стилистика – тіл құралдарын (тұлға-бірліктер) талғап, орнымен дұрыс 
жұмсауды үйрететіндіктен, тіл мәдениеті пәнімен тығыз байланысты екендігі 
мәлім. Сондықтан қай тұрғыдан болса да сӛз болатын тіл мәселесі 
тілдік 
нормаға
барып тіреледі. Әдеби тілде сӛйлеуші адам ойын дұрыс жаеткізуді 
ғана емес, қалай айтып жеткізуді кӛздейді, тілдегі дұрыстықты ұстауға 
тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі қатар мақсат кӛзделуі қажет: ойды 
білдіру және оны мәдениетті түрде, яғни белгілі дұрыстық, кӛркемдік 
нормаларын сақтап білдіру. 
Тілдің функционалды стильдерге қарай ажыратылған нормалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет