11
Әдеби тілдегі стильдер жүйесі сӛз етілген
еңбектерде функционалды
стильдерді топтастыру әр түрлі принциптер негізінде болып келгенмен, оларда
кӛбіне жанрлық прицип, тілдің жанрлық ерекшеліктері негізге алынады.
Сондықтан бұл еңбектерде стильдердің саны бірдей емес, бірақ ұқсас. Мысалы
А.Н.Гвозьдев алдымен кітаби (жазба) және сӛйлеу стильдері деп бӛліп, кітаби
стильдің ӛзін: ресми стиль, кӛркем
әдебиет стилі, публицистикалық стиль,
ғылыми-кӛпшілік әдебиет стилі (Очерки по стилистике русского языка М. 1985.
с.18-25).
А.И.Ефимов мынадай стильдерді бӛліп кӛрсетеді: кӛркем әдебиет,
қоғамдық-публицистикалық, ғылыми, профессионалды-техникалық, ресми іс
қағаздар және эпистолярлық (История русского литературного языка. М. 1984.
С.21-27).
Ал Р.А.Будагов стильді бұл жағынан екіге бӛледі: кӛркем стиль және
ғылыми баяндау стилі (Литературные языки и языковые стили. М. 1988 с.131-
165).
ХХ ғасырдың басындапублицистика жанрының ӛркендеуі,
ғылыми
әдебиеттердің, ресми іс қағаздарының жазылуы т.б. қазақ тілінің әр түрлі стиль
түрлерінің қалыптасып, орнығуына әсер етті. Бірақ қанша жанр болса, сонша
стильдердің болуы шарт емес. Міне, осы жағынан келгенде,
кейінгі
зерттеулерінде белгілі ғалым С.Исаев қазақ әдеби тілінде қалыптасқан, ӛзіндік
белгілері бар негізгі үш түрлі стильді кӛрсетіп берді: кӛркем стиль, ресми стиль
және бейтарап (нейтралды) стиль (Қазақ әдеби тілінің тарихы. А.1996, 16-22 б.).
Стильдерді топтастыруда әлі де бірізділік жоқ, әр түрлі кӛзқарастар бар
екендігі байқалады. Дегенмен қазақ тіл білімінде кӛптеген зерттеушілердің
кӛрсетуінше 5 түрлі функционалды стильдің айқындалғаны белгілі. Олар:
ауызекі сӛйлеу стилі, ресми іс қағаздар стилі, ғылыми стиль, публицистикалық
стиль және кӛркем стиль.
Достарыңызбен бөлісу: