5
ӛнерінің, әсіресе жазу ӛнерінің, зерттеуді ӛте қажет ететін ӛзінің
техникалық
жақтары бар". Белинскийдің пікірінше, тіл ӛнерінің осы "техникалық жақтары",
яғни тілдің қолдану тәсілдері мен заңдылықтарын зерттеу мәселесі (риторика
емес), стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стильдің жалпыға танылған белгілі
анықтамасы әзірге жоқ.
Стиль
терминінің алғашқы мағыналары қазір де
жойылмағандықтан сол ұғымдар негізінде стилистиканы тіл білімінің маңызды
саласының бірі деп тануға болады; стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың
мәні зор.
Стилистика
- ең алдымен с т и л ь туралы ғылым.
Стиль
деп белгілі бір
тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу
принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін
қажетті
тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе тіліміздегі
синонимдер мен оның варианттары кӛбірек пайдаланылады. Мұндай
синонимдердің түрі әр алуан: лексикалық синонимдер мен фразеологиялық
синонимдер, морфологиялық синонимдер (варианттар) мен синтаксистік
синонимдер.
2)
Қазақ тілі стилистикасына жанама қатысы бар зерттеулер ӛткен ғасырдың
30-40 жж. кӛріне бастады, негізінен, оларда аударма мәселесі және кӛркем
әдебиеттің тілі, стилі сӛз болады. Мұндай саладағы зерттеулер ӛткен ғасырдың
соңғы жылдары кең ӛріс алды, әдеби тілдің ерекшеліктеріне баса кӛңіл қоя
бастады.
-Фольклордың тілі – Н.Адамбаева, Е.Жұбанов, Т.Қордабаев;
- Абай тілі - Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова;
М.Әуезовтің тілі – М.Балақаев, К.Аханов, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев;
- Ғ.Мүсіреповтің тілі – М.Серғалиев, Б.Шалабай т.б. ;
-Ә.Кекілбаев, М.Мағауин тілі – Р.Сыздықова және т.б. .
Ғылым
Академиясының
"Вопросы
языкознания"
жорналы
ұйымдастырған екі жылдық дискуссия материалдарына байланысты қазақ тілі
стилистикасы да кӛптеген
мәселелерді қарастыра бастады, сӛйтіп
стилистикалық зерттеулер жарық кӛре бастады. Мұндай ізденістер
функционалды стилистика мен тіл құралдары стилистикасының проблемларын
зерттеуді мақсат етеді. Мәселен, кейбір еңбектер:
-
қазан тӛңкерісіне дейінгі баспасӛз тілінің (Б.Әбілқасымов),
-
кеңес дәуіріндегі баспасӛз тілінің (С.Исаев),
-
қазақ ауызекі сӛйлеу тілінің (Р.Әмір),
-
қазіргі кездегі баспасӛз тілінің (О.Бүркітов, А.Алдашева, Б.Момынова),
-
кӛркем әд. тілінің (Р.сыздық, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев, Б.Шалабай,
Х.Кәрімов) ерекшеліктерін сӛз етеді.
Енді бір топ еңбектерде синтаксистік конструкциялар, атап айтсақ,
синтаксистік синонимдер (М.Серғалиев), сӛйлем мүшелері (Ш.Бектаева,
О.Күлкенова, М.Шаяхметова) стилистикалық зерттеуге арналды. Сол сияқты
автор сӛзі, тӛл сӛз құрылымындағы стильдік ерекшеліктер де сӛз етілуде.
Сӛздердің лексика-грамматикалық топтарының да, айталық, зат есімнің
стильдік мүмкіндіктері (Ф.Мұсабекова), проза тіліндегі етістіктің стилистикасы
(Г.Әзімжанова), есімдік сӛздердің стилі (Р.Сағынбаева) т.б.
ғалымдар біршама
6
зерттеді. Сонымен бірге стилистикасын оқытудың әдістемесі қарастырылып, ол
жайында еңбек жарық кӛрді (А.Жапбаров).
Мұндай
стилистикалық
еңбектердің
жарық
кӛруі,
дискуссия,
конференциялардың ұйымдастырылуы (1968 ж. Ашхабадта «СССР халықтары
әдеби тіліндегі стильдік жүйенің дамуы», 1984 ж. Алматыда «Соңғы
жылдардағы казақ кӛркем шығармаларының тілі» т.б.) стилистиканың дербес
ғылым саласы болып әбден қалыптасуына себепші болды. Бұған қоса ЖОО
филология факультететтерінде қазақ тілі стилистикасы міндетті пән ретінде
ӛтілетіндіктен тұрақты оқулық, бағдарламалар, әдістемелік құралдар кӛптеп
шығарыла бастады. Ғылым
саласы ретінде қазіргі дамуы, дәрежесі біршама
кӛтерілді, бұған дейінгі кехзеңдермен салыстырғанда, қазір тілді стильді-
функционалды тұрғыдан зерттеуге баса кӛңіл бӛлініп келеді.
3)
Стилистиканың зерттеу нысаны – лексика-фразеология, грамматика
және фонетика қарастыратын тілдік тұлға бірліктер. Бірақ тіл білімінің бұл
салалары тілдік единицалардың стильдік сапасын қарастырмайды.
Сӛйлеуде (речь) сӛз бен сӛйлем
құрылысының дұрыс және
айқындығының үстіне, дыбыс үйлесімділігі (благозвучие) болуы да шарт.
Дыбыс үйлесімділігі, біріншіден, біркелкі дыбыстардың бір жерге жиналуынан
сақтандырса, екіншіден, сӛйлеудің мәнерлілігін арттырады. Сондықтан дыбыс
үйлесімділігі оқуға және тыңдаушының қабылдауына үлкен жеңілдік
туғызады. Мысалы дыбыстардың мәтін ішіндегі қайталануы (ассонанс,
аллитерация), интонация, екпін, оның түрлері – стилистикалық ресурсқа ие
фонетикалық құралдар. Бұл -
Достарыңызбен бөлісу: