19
2.
Айқындылық немесе жүйелілік;
3.
Логикалық;
4.
Баяндауыштың ықшамдылығы, артық сӛздің болмауы.
Таза лингвистикалық тұрғыдан да мәтінге қойылатын талаптар болады.
Лексикада - ресми құжаттар мен іс қағаздарына тән сӛздер мен сӛз тіркестерін
орнымен қолдану; синтаксистік құрылымында себеп, мақсат,
шартты
бағыныңқылы сабақтастарды мазмұнына қарай жұмсау. Ғалым М.Серғалиев
ресми стильді үш шағын топқа бӛліп қарастырады: кеңсе (іс қағаздары)шағын
стилі, дипломатиялық шағын стиль, таза заң шағын стилі (Қазақ
энциклопедиясы. А.1998. 326-б.)
Кеңселік іс қағаздарына
ӛмірбаян, ӛтініш, хабардландыру, хаттама,
анықтама, жеке іс парағы
т.б. жатады. Бұдан басқа азаматтық қатынастарды
реттейтін сенімхат, қолхат, келісімшарт, тапсырыс қағаздары т.б. бар.
Бұлар
белгілі бір үлгіде жазылады, арнайы, тұрақты сӛз орамдары болады:
ӛтінемін,
хабарлаймын, сұраймын, қаперге алынсын, қатаң ескертілсін
т.б.
Қазақ тілі заңдылықтарына сәйкес құрылған, ӛзіндік лексика-
грамматикалық жүйесі бар стиль түрі іс қағаздарын, әр түрлі
құжаттарды
толтырғандағы басты талап – қазақ тілінің табиғи нормаларын жетік меңгеру.
Сонымен қатар бұл стиль түрінде эмоционалды-экспрессивті сӛздер мен
сӛз тіркестері ӛте сирек қолданылады, ол тек құттықтаулар мен үндеулерде
кездеседі.
Таза ресми құжаттарға заң, жарғы, жарлық, қаулы-қарарлар,
мемлекетаралық шарттар, үндеу т,б, жатады. Ресми
құжаттар белгілі қалыпқа
түскен үлгі бойынша жазылады да, онда саяси-публицистикалық лексика,
әкімшілік терминдер жиі қолданылады. Логикалық жүйелі құрылған ой
құрмалас сӛйлемдер арқылы беріледі. Мұнда негізгі ойдың мазмұны қысқа әрі
тұжырымды түрде жазылады, сӛздер тура және нақты мағынада қолданылады,
тұрақты сӛз орамдары болады.
Достарыңызбен бөлісу: