Публицистикалық стильге газет-жорналдар тілі, радио-телехабарлар
тілі жатады.
Ал жанрлық түрлеріне: бас мақала, ақпараттық хабар, очерк,
халықаралық
шолу
және
радио-теледидардан
берілетін
хабарлар.
Әрқайсысының ӛзіндік тілдік, сӛз қолдану ерекшелігі бар. Барлығына ортақ
тілдік ерекшеліктер тӛмендегідей: лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен
сӛздер (митинг, ереуіл, парламент, демократия), ілгеріде келтірілген
эмоционалды-экспрессивті сӛз орамдары (кӛгілдір экран, ақ халатты абзал жан,
қара алтын, дала кемесі), грамматикада қосарлы сӛздер (бұқаралық-саяси, үгіт-
насихаттық), бұйрық рай тұлғалы сӛздер (жүзеге асырайық, оңды нәтижеге
жетеміз, іске жұмылдырылсын), қаратпа сӛздер, риторикалық сұрақтардың,
әртүрлі қайталамалардың қолданысқа түсуі жиі байқалады.
Публицистикалық стильдің ауызша тараған түріне бұрыннан қалыптасқан
шешендік сӛз жатады. Шешендік сӛз (ораторство) – Ежелгі Греция мен Рим
заманынан бері қарай кӛптеген халықтардың мәдени-рухани ӛміріндегі ӛнердің
бір түрі. Шешендік ӛнер мен шешендік сӛз ӛзара тығыз байланысты
болғанымен, екеуі екі басқа түсінік атаулары: шешендік ӛнер актінің, яғни іс-
әрекеттің атауы, ол әлеуметтік қызмет атқарады. Шешендік ӛнер (риторика) -
ӛзінің нысанасы, теориясы, категориясы, тарихы бар жеке сала болып
табылады. Ал шешендік сӛз шешендік ӛнер иелерінің шаршы топ алдында
сӛйлейтін сӛзі. Бірақ кӛпшілік алдында айтылатын сӛздің барлығы шешендік
емес. Шешендік сӛз мынадай талаптарға жауап беруі керек:
а) белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ
алдында айтылатын сӛз болуы керек;
ә) әңгіме ӛзегінің дәлелі (аргументі) болуы тиіс, соның арқасында
тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында бір
әрекетке ұмтылдыруды кӛздеуі қажет:
б) тыңдаушыға жақсы әсер етіп, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы тиіс.
23
Қазіргі шешендік сӛздердің түрлері былайша ажыратылады:
1)
әлеуметтік-саяси тақырыптағы
шешендік сӛздер, бұларға митинг,
конференция, съезд, сессиялардағы сӛздер, баяндамалар, хабарламалар,
радио-теледидардан берілетін саяси, әлеуметтік шолулар т.б.
2)
академиялық шешендік
– ЖОО-дағы лекциялар, ғылыми баяндама,
хабарлама т.б.
3)
сот ісіндегі шешендікке
прокурордың айыптау сӛзі, адвокат-қорғаушының
сӛзі, айыпкердің сӛзі т.б.
4)
діни қызметте қолданылатын шешендік
(құран оқу, қазақша иман сӛздері.
Барлығына қойылатын басты талап – ойдың кӛркем, әсерлі болуы
(Р.Сыздықова)
Белгілі ғалым М.Серғалиев радио-теледидар тілі дейтін мәселелердің
жете сӛз етілмей, дұрыс қарастырылмай келе жатқандығын айта келіп: «Оны
теориялық та, практикалық та тұрғыдан зерттеп, тілінің теориясын жасайтын
мезгіл жетті»- дейді.
Радио-теледидар хабарларының тілі ерекшелігі: жаңалықтарды дер
кезінде
жеткізу
қызметінің
қалыптасуы,
материалдардың
нақтылы
тақырыпппен, жүйемен топтастырылуы, диалогқа қатынасушылардың
сӛйлеуге әзірлену дәстүрі, хабар жүргізушінің ӛзін еркін ұстап, қысылмай
сӛйлеуі,, хабардың берілу тәртібіне сәйкес техникалық құралдардың пайдалану
реті т.б. біршама тартымды сиптта кӛрінеді.
Радио-теледидар тілі ауызекі сӛйлеу тілімен тең емес, арақатынасын
ажырату керек. Сӛздерді сұрыптап, керегінше пайдалану хабардың жанрлық
ерекшелігіне қарай жүзеге асады. Ауызша сӛйлеу түрі болған соң, әдеби тілде,
оның норма-заңдылықтарын мүмкіндігінше сақтап жеткізуі қажет. Әсіресе,
орфоэпиялық норма, оны құрайтын заңдылықтарды меңгеру, тыңдарман дұрыс
түсініп қана қоймай, әсерлі қабылдауы үшін дауыс, интонация, екпін дұрыс
қою, кідіріс жасау, дауыстың сазы, қарқыны, сарыны, биіктігі тәрізді сапалық
ерекшеліктерін жетік игеру маңызды болып есептеледі.
2) Кӛркем әдебиет стилі – тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан
функционалды стильдің бір түрі. Оның пайда болуына ықпал еткен негізгі
арналары: ХV-ХІХ ғғ. аралығындағы ақын-жыраулар поэзиясы, фольклор тіліне
тән ӛлең-жырлар, лирикалық эпостар тілі, халықтың сӛйлеу тілі, Абай,
Ыбырайдан басталған жаңа кӛркем әдебиет тілі. Кӛркем әдебиет стилі – проза,
поэзия, драматургия салаларында жазылған кӛркем шығармалардың тілі.
Кӛркем әдебиет стилінің ӛзіндік ерекшеліктері бар: тіл байлығы, сӛздік
құрамның молдығы, Авторлық баяндаудың құрылымына қарай, кейіпкердің іс-
әрекет, болмысына қарай тілдің бар байлығы қолданылады: кәсіби, диалект
сӛздер, қарапайым сӛздер, тарихи, кӛнерген сӛздер, неологизмдер т.т.. Кӛркем
әдебиет стилінің тағы бір ерекшелігі – оның кӛп стильділігі. Мұнда
функционалды стильдің барлық элементтері кездеседі.
Кӛркем әдебиет стилі немесе кӛркем сӛз - ойды және сезімді образ
арқылы бейнелейтін айрықша ӛнер. Тіл кӛркем шығармада ерекше эстетикалық
қызмет атқарады.
24
Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды.
"Тілдің қимыл ӛрісі шексіз". Адам ӛз ойын жеткізу үшін ғана сӛйлесіп
қоймайды, кӛңіл күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-
сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сӛйлеу тілімізде айтушының ӛз түсінігі
бойынша, ӛз ойын тіл құралы арқылы жеткізе білуінен болса, кӛркем
шығармалар - жазушының ӛмір тануына, дүние сезінуіне, кӛзқарасына сол ӛмір
фактісін жинақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сӛйлеу
тілімізде сӛздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұмсалады, ал
кӛркем шығармада сӛздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады.
Кӛркем сӛзбен жазылған әдеби шығарма - ӛмір фактілерін жанжақты терең
қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та - бәрі де
қатысады. Тұрмыс салт, шаруашылық, экономика салаларының қалпы, даму
жолдары кӛрсетіледі. Кӛркем шығармада кептеген кейіпкерлер болады. Олар
жағымды, жағымсыз образдарға бӛлініп, топталады. Олардың әрқайсысының ӛз
алдына жеке-дара сырт пішіні - портреті - жасалып, іс-әрекеттері, ой-ӛрісі, ӛмір
тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сӛйтіп типтік
образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет
жасайды. Мұның бәрі шығарманың идеялык мазмұнын, кӛркемдік ерекшелігін
айқындауда маңызды рӛл атқарады. Шығарманың кӛркемдік қасиеті ондағы
қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен ӛмір құбылыстарының
картиналары бейнелеулер арқылы кӛрінеді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |