Каламбур –
фр
. шендестіру тәсілі. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр
басқа сӛздерге негізделген сӛз әзілі, яғни омонимдерді жұмсаудағы стильдік
тәсіл.
Қалқам, жаным,
қарағым,
Бетіңе келмес
қарағым (
С.Тор.)
Тағы сынды жан едік,
Тағы келдік тар жерге (Мах.)
5) Сӛздің экспрессивті бояуы, оның түрлері. «
Экспрессия – кӛркемдік
бояуларының саласы, ол стильдік негізгі категория»- дейді А.Ефимов (стил.
Худ. Речи. М.1957.)
Экспрессия жалпы екі тұрғыдан сӛз етіледі.
1)
лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға бейім сӛздер (контекссз
экспрессивті мағына береді.
2)
Қолданылу процесінде экспрессивтік бояу алатын есімдер, сӛз
тұлғалары.
Тілдің кӛркемділігін жетілдіру үшін, образ жасауда бұл тәсілді жиі
қолданады. Эмоциялық реңкі бар экспрессивті сӛздер кӛбінесе кӛркем әдебиет
стилінде кездеседі, ӛйткені олардың стильдік бояуы, қыр-сыры сонда ашылады.
Ақын-жазушылар шындықты кӛрсетуде, ондағы кейіпкерлердің мінезін ашып,
портретін жасауда осындай кӛтеріңікі, бейнелі, мәнерлі сӛздер қолданады.
Контекссіз экспрессиялық мағынаны білдіріп тұратын сӛздер: қанішер,
жауыз, тыраштану, ыржақтау т.б.
Қазақ тілінде әсіресе болымсыздықтың эмоционалды-экспрессивті мәні
күштірек сезіледі:
а) сӛйлемнің толымсыз формалы баяндауышының қайталанып келуі
арқылы:
Есіл, Тожан, ұмытпаспын, ұмытпаспын! Айтпа, айтпа деймін,
антұрған!
(М.Ә.) күшейту мәні басым.
ә) сӛйлемде болымсыз есімдіктердің қайталануы да оған экспрессивтік
мән береді:
Ештеңе де ішкім келмей отыр, Мәнә, ештеңе де
(С.Шайм)
б) түгіл, тұрмақ, тұрсын шылдаулары зат есім, сын есім, сан есім, қимыл
атауларымен тіркесіп, болымсыз мәнді салыстыру арқылы экспрессивтік мән
алады:
«Жек меншікті жоймақ түгіл, әзір ойлаған да емеспін»
(Ғ.Мұст.)
Хат
былай тұрсын, ас та бергізбейді
(С.Мұқ)
Достарыңызбен бөлісу: |