Әдебиеттер
1. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы А. 1996.
2. Әміров Р. Ауызекі сӛйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. А. 1971
3. Серғалиев М., Нұрғожина Ш. Қазақтың сӛйлеу тілінің эмоционалды-
экспрессивті лексикасы. А. 1995
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің фунционалды стильдерін атаңыз.
2.
Ауызекі сӛйлеу тілінің стилінің ӛзіндік ерекшеліктері қандай?
3.
Жазба тіл стилінің ӛзіне тән айырым белгілерін атаңыз
Тӛртінші дәріс
Стилистикалық қате және оның түрлері
1. Стилистикалық қателерге сипаттама
2. Стилистикалық емес қателер:
а) лексикалық қателер, ә) фразеологизмдерді қолдануда кететін қателер, б)
морфологиялық қателер, в)синтаксистік қателер
3. Стилистикалық қателер:
а) Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің садарынан
болатын қателер, ә) тілдің стилистикалық талғамының тӛмендігінен болатын
қателер, б) функционалды стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер
1)
Стилистикалық қате белгілі бір сӛйлеу жағдайына сай келмейтін,
стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Тілді
жұмсауда күнделікті ӛмірде түрлі нлрмадан тыс ауытқулар болып жатады.
Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді ӛзінің
негізгі мағынасына сәйкес ӛз орнымен қолданбаудан болатын қателіктер т.б.
Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық
нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Стилистикалық
қате кӛп жағдайда тілдік талғамның тӛмендігінен болады. Тілдік талғам – тілді,
сӛзді жұмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық
қатенің ӛзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында – тілдік
талғамсыздықтың кӛрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің
болмаын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының
қатарына жатады.
Стилистикалық қателердің алдын алып, олармен үнемі күрес жүргізіп
отыру жалпы халықтың сӛйлеу мәдениеті мен стилистикалық сауаттылығын
кӛтереді. Халықтың тілді қолдана білу мәдениеті күллі қоғамның рухани
сауаттылығының кӛрінісі әрі ӛлшемі болып табылады.
Тілде неғұрлым жиі ұшырасатын нормадан тыс ауытқулардың алдын алу
үшін стлистикалық және стилистикалық емес қате түрлерін ажыратып алу
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |