Сборник задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет3/115
Дата18.10.2022
өлшемі3,47 Mb.
#153746
түріСборник задач
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Тимс,Пизаға дайындық

Түрлері
Танымдық аймақтар
Білу 
Ғылыми жаратылыстану дәлелдерін жады бойынша жаңғырту; терминдер 
мен түсініктерін анықтау; ағзаларды, процестерді, байланыстарды сипаттау; 
білімдерін дәлелдеу, мысал келтіру; мәліметтер мен жабдықтарды қолдануда 
білім арқылы көрсету.
Қолдану
Ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын салыстыру, берілген нысандарды 
жіктеу; суреттеу; модельдерді, диаграммаларды қолдану, байланысын табу, 
мәліметті және түрлі құбылыстарды түсіндіру.
Ойлау 
Мәселелерді шешу, талдау, жинақтау, жаратылыстанудың әртүрлі 
бөлімдері бойынша білімдерін ықпалдау, шешімдері мен болжамдарын 
тұжырымдау, берілген тапсырмаларға сәйкес эксперимент жоспарлау; процестер 
мен құбылыстардың басымдығы мен кемшіліктерін бағалау.



Математика
Математика пәні бойынша тапсырмалар TIMSS тапсырмаларының 
жасалуы құрылымына сәйкес әзірленген.
3-
кесте – Математика пәнінен тапсырмалар
Мазмұны 
Сандар

натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар; 
қатынас, пайыз және пропорция 
Алгебра
: тәуелділік; алгебралық өрнектер; теңдеулер және функциялар 
Геометрия
: геометриялық өлшеулер; геометриялық фигуралар; фигуралардың 
орналасуы мен қозғалысы 
Мәліметтер және ықтималдық

мәліметтермен жұмыс; мәліметтерді беру 
Сандар 
бөлімі
 
натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; 
нақты сандар; қатынас, пайыз және пропорция ұғымдарын түсінумен қатар 
оларды түрлі есептерді шығаруда қолдану біліктігін қамтиды.
Алгебра 
бөлімінің сұрақтары математикалық ситуациялық есептерді 
шығару кезінде заңдылықтарды анықтау мен алгебралық символдарды 
қолдануға бағытталған. 
 
Геометрия 
бөлімінің тапсырмаларын орындау барысында оқушылар 
жазықтықтағы 
және 
кеңістіктегі 
фигуралардың, 
қабырғалардың 
ұзындықтарының, бұрыш өлшемдерінің қасиеттеріне талдау жүргізе білуі 
керек.
Мәліметтер және ықтималдық 
бөлімі график және кесте түрінде берілген 
мәліметтері бар тапсырмалардан тұрады.
Дереккөз: 
http://text.ru/rd/aHR0cDovL3d3dy4xMDAtZWR1LnJ1L21 hdGVtYX Rpa2Ev 
MjU0ODQvaW5kZXguaHRtbD9wYWdlPTk%3D
  
Тапсырманы орындағанда төмендегі
нұсқаулықты басшылыққа алу 
ұсынылады:
1.
Тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі ақпаратты 
тауып алыңыз.
2.
Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық 
үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.
3.
Есептің шығарылуын жеңілдететін ықшамдалған сөйлемдерді 
құрастыру қажет.
4.
Қажеттілігіне қарай схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз.
5.
Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен 
белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған 
пайдалы.
6.
Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын 
шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге 
тырысыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет