Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


ХҤІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы отаршылдыққа қарсы кҥрес



Pdf көрінісі
бет29/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

 ХҤІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы отаршылдыққа қарсы кҥрес. 
Сырым Датұлы басқарған кҿтерiлiс патша үкіметіне қарсы бағышталған ең алғашқы 
кҿтерiлiciмiздiң бiрi едi. Осы кҿтерiлicтiң ҽр-алуан шығу себептерi бар. Соларға тоқтала 
кетейiк.Кҿтерiлicтiң негiзгi себебi жер мҽселесi едi. 
Патша үкіметінің отаршылары Кiшi жүз жерiне бiрнеше қорғандар салған едi. Сол 
қорғандар арқылы олар осы құнарлы жерлердi иелене бастады. Негiзгi мал 
шаруашылығымен айналысатын қазақтар бiрте-бiрте ҿз жерлерінен айырыла бастады. 
Жер қазақ халқы
 ү
шiн ең бiрінші, басты, үлкен мҽселе болды. 


Екiншi себебiне тоқтала кетсек онда қазақ халқы ҿз жерiнде еpкін жүре алмады, бiрте-
бiрте бас бостандығынан айырыла бастады. Кейбiр феодалдар патша үкіметінің 
жарлықтарына бас ұрып, ҿз халқының мүддeciн ойлаудан аулақтана түcтi. 
Үшiншi бiр себебi - Кiшi жүздiң солтүстiгiнде орналасқан ондаған қамау қоршаулардан 
ҽлсін-ҽлсін жасаған казак-орыс шабуылдары қазақ халқының ауылдарын талап, маза 
бермедi. Содан соң жалпы Қазақстан бойынша Қазақстанның солтүстiк жерлерi патша 
үкiметiнің қолына кҿше бастады. (10) 
Тҿртiншi себебi ең негiзгi едi. Кiшi жүз ханы Нұралы билер жиналысын ҿткiзбей, барлық 
мҽселердi ҿзi шешуге тырысты. Ҽсipесе Орал казактарының ҽскер басшысы атынан 
Чагановтың қазақтарға деген ҿктемдiгi шегiне жеттi. Осындай себептерге байланысты 
Кiшi жүз халқы арасында толқулар бола бастады. 1783 жылы патша үкiметiнiң отарлық 
саясатына қарсы ұлт-азаттық кҿтерiлiстi Кiшi жүздiң Байбақты руынан шыққан старшина, 
халық арасында беделi мол, соғыс тҽсiлiн жете меңгерген, ҿзiнiң, ерлiгiмен, 
батылдығымен кҿзге түскен, халықтың ой-арманын бiлдiре алатын Сырым Датұлы 
басқарды. Сырым Датұлының сарбаздары онша кҿп емес едi, бiрақ кҿп кешiкпей Кiшi 
жүздiң ҽр руынан кҿптеген кол келiп қосылды. Олар: Кҿтiбар сұлтан, Бекет батыр, 
Жоламан Тiленшiұлы бастаған сарбаздар едi. Жалпы кҿтерiлicшiлер саны 6 мың адамға 
жеттi. Кҿтерiлicшiлердiң бар арманы ipi жау бекiнiстерiн құрту болатын. Алайда шабуыл 
жасалар күні Нұралы хан патша үкіметіне хабарлап қойған едi. Сҿйтiп 500 адамдық қазақ 
жасақтары Сахарное, Ильецкое қамалдарына шабуыл жасаған болатын. Жаудың күні 
бұрын ҽзiрленуiне байланысты кҿтерiлiсшiлер қамалдарды ала алмады. Осы сҽтсiз 
шабуылдан кейiн Сырым Датұлы ipi шабуыл ұйымдастырмай партизандық соғыс ҽдiciне 
кҿше бастады. Сырым Датұлының партизандық соғысы Нұралы ханды аса қорқытты. 
1786 жылы Нұралы хан қолынан ешқандай ic келмейтiн, қауқары жоқ дҽрменсiз ханға 
айналды. Қолынан ешқандай ic келмейтiн, дҽрменсiз ханды екiншi Екатерина арнайы 
жарлықпен ханның тағынан тайдырды. 
Кiшi жүздің губернаторы Игельстромның реформасы жүзеге аса бастады. Игельстром 
реформасының мақсаты жойылған хандық үкiметінің орнына патша үкіметі 
тағайындайтын старшиналардың басқаруын кiргiзу едi.. Игельстром реформасы бойынша 
Кiшi жүзде шекаралық сот пайда болды. Сол шекаралық соттың кҿпшiлiк құрамы патша 
үкiметiнiң адамдары болды. Шекаралық сот админстративтiк басқару органы 
расправаларға бағынған едi. Игельстром реформасы жүзеге аса бердi. Орал орыс-
казактарының ҽскери жорықтары тоқтатылды. «Iшкi жаққа» ҿтуге 17 старшина право 
алды. 17 старшина қарамағында 40 мың адам болды. Солар түгел «Iшкi жаққа» ҿтуге 
правосы бар едi. 
Алайда Кiшi жүздегi хандық билiктiң жойылуы ipi сұлтандардың наразылығын қоздырды. 
Еуропадағы француз революциясынан корқып қалған патша ҿкіметі қазақ жерiнде 
хандықты калпына келтiруге тырысты. 
1790 жылы Уфа қаласында Нұралы хан ҿлгеннен кейiн Кiшi жүзге патша ҿкіметі Ералы 
сұлтанды хан қылып сайлады. Ералы сұлтан Абылхайырдың екiншi баласы, Нұралы 
ханның бауыры болған едi. Ералы хан болып сайланысымен Кiшi жүзде хандық үкіметке 
қарсы күрес ҿpістей түcтi. Қаруланған Кiшi жүз шаруалары билердiң ауылдарына 
шабуылды күшейттi. Патша үкiметiнiң Кiшi жүз территориясына жазалаушы отрядтар 
жiберуi халық бұқарасының наразылығын одан ҽpi ҿpicтeте түcті. 
Сырым Датұлы кҿтерілісшілерге қайта қосылып, халық қозғалысын басқаруға кірісті. 
Сырым Датұлы генерал-губернатор Петлинге жазған ҿз хатында "Патша үкіметінің 
халықты алдап-арбау арқылы кіріскенін атап кҿрсетті." 
«Бiз, башқұрттар, ноғайлар сияқты патша үкіметіне үндемей бағына алмаймыз, сондықтан 
да патша үкiметiнiң қазақтарға деген саясатына барынша қарсы күресемiз»,- деп жазды. 


Сырым Датұлы, 1792 жылы күз айында кҿтерiлiсшiлер тобымен Ильецк қорғанын жаулап 
алуға тырысты. Алдын ала Ильецк қоpғанындaғы казак-орыстар дайындалып 
отырғандықтан 29 қыркуйеск 1792 жылы Сырым Датұлы басқарған кҿтерiлicшiлердiң 
мыңға жуық адамдары Ильецк қорғанына шабуыл жасағанымен, қорғанды басып ала 
алмады. Осы бір сҽтсіз шабуылдан кҿтерілісшілер кҿтеріліс жасаудың ҽдістерін ҿзгертуге 
мҽжбүр болды. Сырым Датұлы бастаған кҿтерiлicшiлер керек кезiнде жеңiл жасақтарға 
бҿлiнiп кҿтеріліске қарсы шыққан, патша үкіметінің малайына айналған сұлтандар мен 
билердiң, ҿз халқының мүддесін сатқан старшиналардың, хан тұқымының ауылдарын 
шабуға кіpicті. Кҿтерiлiсшiлердiң күрес ҽдiciн ҿзгертуi, олардың партизандық қозғалысқа 
бой ұрғандарын кҿремiз. 1794 жылы жаз айында Ералы хан дүние салды. Патша үкiметi 
Ералы ханның ҿлiмiнен соң ұзақ уақыт келесi хан тағайындауға асықпады.
 
ХVІІ ғасырдың аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекетер, яғни 
хандықтар құрылды. Олардың ҽрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың 
иеліктеріне бҿлінді. 
Қазақ хандықтарының күрделі мемлекеттік аппараты болған емес. Басқару 
мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдық институттар немесе 
бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тҽртіп сақталып отырды. Жалпы бұлкезде қазақ 
қауымы үш жүзге бҿлінді. Үш жүздің қазағы қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген 
қазақ ханы «ұлы хан» болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды 
билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды. 
Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан ҿлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер 
жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ 
хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, 
яғни «хан кҿтеру» деп аталатын сайлаудан ҿтуге тиісті болды. Жиында хан болуға 
лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан кҿтеріп, «хан атасы» болған беделді 
адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған. 
Сыртынан қарағанда хан шексіз билік жүргізді. Хан мемлекет басқарушы, қарулы 
күштердің басшысы жҽне жоғарғы тҿре саналды. Ол сұлтандарға тҽуелсіз, ҽрбір сұлтан 
оған тҽуелдікте болды. Сұлтандар мен билер ханға жүгінді. Ханның жанында ірі 
сұлтандар, тайпа кҿсемдері, билер, батырлар, шешен-жыраулардың кеңесі құрылды. Олар 
маңызды саяси, ҽскери жҽне азаматтық мҽселелерді ақылдасып шешті. 
Қазақ хандықтарында ҽскери ұйым күрделі емес еді. Тұрақты ҽскер болған жоқ. Оған 
ҽрбір азамат-жауынгер ҿз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Жеке ҽскер 
шоғырларын сұлтандар, билер жҽне батырлар басқарды. Оның шығынын халық кҿтерді. 
Хандар кезеңіндегі қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі ҽлеуметтік топтан – 
ақсүйектер мен қара сүйектерден тұрды. Олардың экономикалық жағынан ғана емес, 
саяси жҽне құқықтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Сұлтандар деп 
аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен Мұхаммед пайғамбар жолын ұстаушылардың 
ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана ақсүйектерге жататын еді. Қоғамның қалған 
топтары мен жіктерінің бҽрі қарасүйек саналды. Қоғамның текті топтық белгілері 
бойынша бҿлінуі мен осы белгілері мен құқықтарын айыру арқылы біріктіру принципі 
дҽйекті түрде сақталды. 
Қазақ феодалдық таптық қоғамда адамдардың мүліктік жағдайына қарай бай-кедей деп 
бҿлу орын алды. Қоғамның материалдық байлықты ҿндірушілер халықтың кҿпшілігін 
құраған қазақ шаруалары еді. Шаруалардың экономикалық жағдайы бірдей болған жоқ, 
сондықтан бай-феодалға тҽуелділік дҽрежесі де ҽр түрлі болды. Олардың біраз бҿлігі 
экономикалық жағынан азды-кҿпті қамтамасыз етілген жай шаруа еді. Халықтың кҿпшілік 
бҿлігін кедей шаруалар құрады. Кедейлердің біразы кҿшпелі ҿмір құруға мүмкіндіктері 
болмағандықтан отырықшы тұрмысқа ауысты. Олар жатақтар деп аталды. Ішінара құлдар 


да кездесті. Олар жат жұртпен қиян-кескі соғыста қолға түскен тұтқындар есебінен 
ұсталды. 
Феодалдық қанау кҿптеген салық салуды ҽдетке енгізді. Олардың негізгілері: 
малшылардан – зекет соғым, сыбаға, сыйлық, егіншілер мен қолҿнершілерден – ұшыр, 
тағар, баж жҽне хараж алынды. Бұған қосымша шаруалар үстем таптың пайдасына жұмыс 
істеуге жҽне борышын еңбекпен ҿтеуге тиісті болды. Осындай ҽлеуметтік теңсіздіктің 
салдарынан шаруалардың кҿбі, ҽсіресе, ең кедей бҿліктері феодалдарға кіріптар болып, 
бай туыстарының «кҿмегіне» сүйенуге мҽжбүрлікке түсті. 
Қазақтың хандық мемлекетінің қажетіне керекті шығындар халықтан жиналатын 
феодалдық салықтардан басқа, соғыстан түсетін олжадан, сот алымынан жҽне «ықтиярлы» 
қайырымдылық қорынан құралып отырды. Ҽрине, негізгі ауыртпалық еңбекші бұқараның 
мойнына түсті. 
ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің кҿпшілігі 
оны патриархалдық қарым-қатынас деп санайды. Ҽсіресе, ол кҿшпелі жҽне жартылай 
кҿшпелі мал шаруашылығы аймақтарында басым болған. Ал, экономикалық жағынан 
неғұрлым дамыған Қазақстанның Оңтүстік аудандарында феодалдық қарым-
қатынастардың кҿбірек қанат жайғандығы атап кҿрсетіледі. Іс жүзінде қазақ қоғамы мен 
қазақ мемлекеттігі екі ҽлеуметтік-экономикалық құрылысқа негізделді. Монғол үстемдігі 
кезінде қала мҽдениеті кері кетіп, егіншіліктің құлдырауы, кҿшпелі мал 
шаруашылығының артуы патриархалдық қоғамдық қатынастарға қарай ойысуына ҽсерін 
тигізді.
Қазақтың далалық аудандарында жерді пайдаланудың қоғамдық түрі үстемдік етті. 
Жайылымдарды пайдалану құқына кҿшпелі рулар мен қауымдардың барлық мүшелері ие 
деп саналды. Бірақ соның ҿзінде ру-тайпа ақсүйектері мен қатардағы кҿшпенділердің 
арасында жерді, жайылымды пайдалануға іс жүзінде тепе-тең құқығы болмады. Ақсүйек 
феодалдардың қоныстарға иелік ету, ҿзінің отарлары мен жылқы үйірлері жҽне ҿз жақын-
жұрағаттары үшін жақсы жайылымдарды, аңшылық құратын жақсы ҿңірлерді 
пайдаланатын артықшылығы болды. Жалпы алғанда, мал жеке адамның жҽне отбасының 
меншігіне тиді. Ҿз малдарын ҿсірумен жоғарғы ақсүйектер тобы да, тайпалар мен 
рулардың кҿсемдері де жҽне рудың қатардағы мүшелері де шұғылданды. Мал кҿшпелілер 
байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты ҿлшемі болып саналды. Малдың 
басым кҿпшілігі байлардың қолында жинақталды, олардың мыңғырған малды бағатын 
жайылымдарға іс жүзінде ҿздерінің билеп-тҿстеу құқығын жүргізді. 
Қазақ жерлерінің жоғарғы басқарушысы хандар болатын. Олар тек Шыңғыс хан 
ұрпақтарынан шыққан, ҿздерінің сұлтандарымен бірігіп билік жүргізді. Демек, кҿшпелі 
халық бұқарасына малдарын жайып бағуға берілетін жерлер билеуші ҽулеттің меншігі 
болып саналды, олардың бұған құқы заңмен бекітілді жҽне салт-дҽстүр, ҽдет-ғүрыппен 
қуатталды. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, 
ҽсіресе, Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында 
қалыптасты. Олардың сойырғал (хандардың туыстарына немесе кҿшпелі шонжарлар 
ҿкілдеріне сыйға берілген жерлер), ықта (хандардың туысқандары мен жақындарына 
тарту етілген жерлерден ҿз пайдасына салық жинау құқығының берілуі, милық (ҽскери 
қызметі үшін сыйға алған жерлердің уақыт ҿте келе ірі феодалдық таза жер иелігіне 
айналуы), бақып (ислам діни иеліктеріне қарасты жерлер) сияқты жҽне басқа түрлері 
кеңінен орын алды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда 
тұратын егіншілерден, қолҿнершілерден, саудагерлерден ҿз пайдасына салықтар жинады. 
Қазақ халқы ҿте ауыр кезеңдерді басынан кешірсе де, ҿзінің ата-бабаларының ертеден 
қалыптасқан мҽдени қазыналарын сақтап қалды. Ҽрине, мҽдениеттің дамуы Қазақстанның 
барлық жерінде біркелкі жүрген жоқ. Атап айтқанда, мҽдени даму отырықшылық-қалалық 
жерлерде кҿшпелі жҽне жартылай кҿшпелі аудандармен салыстырғанда күштірек жүрді. 


Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық кешендері, Жҽнібек пен 
Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, 
Сырдария алқаптарындағы жҽне Қаратау қойнауларындағы мазарлар ҿзіндік сҽулет-
сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық ҽрі айқыншылығымен 
ерекшеленеді. 
Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағындағы мал ҿрісінде, түндерін 
жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде ҿткізген қалың қазақ, ҽлемдегі табиғат 
құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нҽтижесінде халықтың 
кҿпжылдық тҽжірибелері қорытылып,жұлдызды аспан туралыастраномиялық түсініктер 
мен білімдер жинақталған. Жҽне оның негізінде байырғы қазақ күнтізбегі қалыптасты. 
Қазақ халқы аспан ҽлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа 
жұлдыз» жҽне «кемпір қосақ» жайында ұғымын кеңейтті.
Қазақтар кҿктемде 22-наурызды күн мен түннің теңелетін кезеңін «наурыз тойы» –деп 
атап ҿтуді ертеден ҽдетке айналдырған. Бұл тойда қазақтар ағайын-тума, ауыл-аймағын 
аралап, жаңа жылмен құттықтап, молшылық пен егіндіктің түсімді болуына тілектестік 
білдіріп, бата берді. 
XV-XVІІІ ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуға 
Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұқара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рҿл атқарды. 
Алайда, ислам діні кҿшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп дүркін-
дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар жҽне түрлі саяси қарама-қайшылықтар 
еді. Сондықтан халықтың бір бҿлігі ислам дінін кҿпке дейін қабылдамай, тҽңірге, күнге, 
аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар ҿмірінде отты 
қасиеттеу үлкен рҿл атқарды.
 
Орта жүздегi жаңа ҽкімшiлiк құрылым жҽне сайлау системасы, 1773-1775 жылдардағы 
шаруалар соғысы жҽне XVIII ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы шаруалар соғысы жҽне 
Сырым Датұлының қозғалысы Қазақстандағы хан үкіметінің ҽлсiздiгiн кҿpcетті. Ықпалы 
шамалы хандар патша үкiметi саясатының жүргiзiлуiн қамтамасыз етпегенiмен ғана 
қоймай, сонымен бiрге ҿздерiнiң бҿлектенушiлiк ниеттерiн күшейттi. Ресей ҽкiмшiлiгi 
қазақ халқын түбегейлi саяси ҽкiмшiлiк реформаларға жҽне хан ҿкiметін жоюға ҽзiрлеу 
ушiн кҿpiнеу ҽлсiз xaндapғa арқа сүйедi, ал бұл шараларды жүргiзу үшiн XIX ғасырдың 
20-жылдарында қолайлы жағдайлар қалыптасқан болатын. 
1781 жылы Абылай хан ҿлгеннен кейiн Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уҽлi хан 
болып жарияланды. Уҽлі ханның қаталдығы оның қоластындағылардың наразылығын 
тудырды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жҿнiнде ҿтiнiш жасады. 1815 жылы 
Орта жүзде Уҽлінiң позициясын ҽлcipeтyгe тырысып үкімет eкi ханды, Бҿкейдi 
тағайындады. 1817 жылы Бҿкей хан жане 1819 жылы Уалi хан ҿлгеннен кейiн Орта жүзде 
жаңа хандар бекiтiлмедi. Патша ҽкмшiлiгi хан ҿкімeтін таратып «Сiбiр қырғыздары 
туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 
жылы
 
Ресейдiң XIX ғасырдағы кҿpнeктi мемлекет қайраткерi М. М. Сперанский жасады. 
Сiбiрдiң генерал-губернаторы болған ол ҿлкенiң ҽкiмшiлiк құрылымы жҿнiнде кҿп ic 
тындырды. Бұл жұмысқа болашақ декабрист, солтүстік қоғамның мүшесi Г. С. Ботеньков 
белсене қатысты.
Орта жүзде жаңа ҽкiмшiлiк құрылым мен сайлау системасы енгiзiлдi. «Уставта» 
денсаулық сақтау жҿнiнде кейбiр шаралар белгiлендi, атап айтқанда қырдағы бекiнiстер 
гарнизондарына қызмет кҿрсету үшiн ауруханалар салу, кҿшпелi халық арасында 
шешекке қарсы егу жұмысын жүргiзу белгiлендi. Қазақтарға балаларын жалпы негiзде 
империяның оқу орындарына жiберуге право берiлдi. Алайда 1822 жылғы «Уставта» Г. С. 
Ботеньков ұсынған прогрестi шаралар Қазақстандағы отарлық системаның мҽнін бҽрiбiр 
ҿезгертпеген едi. 1822 жылы Сiбiр екі бҿлiмге: бас басқармасы Иркутскiде болатын 
Шығыс бҿлiмiне жҽне орталығы Тобылда, ал
 
1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс 


бҿлiмiне бҿлiндi. «Устав» бойынша «Сiбiр қырғыздарының облысы» сыртқы жҽне iшкi 
oкpyгтapғa бҿлiндi. Округтер болыстар мен ауылдарға бҿлiндi. Округке 15-тен 20-ға дейiн 
болыс, болысқа 10-нан 12-ге дейiн ауыл, ауылға 50-ден 70-ке дейiн үй eнyi тиic болды. 
1822 жылдан 1844 жылға дейiн 8 округ құрылды. Oкpyгтepдi құрған кезде рулардың 
қоныстануын ескеру принципi бiршама сақталды. Oкpyгтepгe оқшауланған сұлтандар 
иелiктерi кipдi. Oкpyгтep Омбы облыстық басқармасына бағынды. Округтердi oкpyгтiк 
приказдар басқарды. Бұған председатель - аға сұлтан мен заседатель тағайындалатын 
ресейлiк eкi заседатель мен сайланып қойылатын eкi құрметтi қазақ eндi. Oкpyгтік приказ 
мүшелерiнiң праволарымен аға сұлтан (председатель) жҽне тҿрт заседатель пайдаланды. 
Бұйрық мҽселелердi құраудың коллегиялық тҽртiбi патша ҽкiмшілiгiне аға султанның 
билiгiн шектеуге жҽне ол арқылы ҿзiнiң мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік бердi. Аға 
сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады. Ол Ресей қызметiнiң майоры шенiнде болды жҽне 
жергiлiктi басқарманы басқаруға қойылған чиновник болып есептелдi. Он жылдық 
қызметi үшiн аға сұлтан дворян атағын алды. Oкpyгтiк приказ облыстық басқармаға 
бағынды. Болыстарды болыстық султандар басқарды. Олардың атағы мұра болып берiлiп 
отырды. Ауыл старшиналарын қазақтар (сұлтандар сайлауға қатыспады) ҽрбiр уш жылда 
бiр сайлады жҽне oкpyгтiк бұйрық арқылы бекiтетiн болды, сайлауды тек облыс 
бастықтары ғана бұза алды. 1822 жылғы "Устав" қырда сайлау жүйесiн тұңғыш рет 
енгiздi. Патша үкiмeтi жергiлiктi басқару аппаратына старшин-ру билеушiлерiн тарта 
отырып, сұлтандардың жергiлiктi басқару aппapaтындағы басқарушылык. праволарына 
бiртiндеп қысым жасай бастады. Заң аға сұлтан сайлауларының озiнде-ақ бұзылып 
отырды, ал облыcтық сұлтандар сайлауындағы icтiң жайы бұдан бетер болды. Округгердi 
ашқан кезде султан жҽне сұлтан емес болыстық билеушiлердiң саны тең дерлiк болған едi, 
ал келе-келе сұлтан емес тектен шыққан лауазымды адамдар саны ҿcтi. Қазақ 
аристократиясымен султандардың праволары мен артықшылықтарын бiртiндеп жоюға 
кipice отырып, үкімет бiрте-бiрте олардың праволарын қатардағы кҿшпендiлермен 
теңестiруге, соңынан қазақтарды мемлекеттiк шаруалар, мещандар мен кҿпестер 
сословиесi қатарына қосуға тырысты. 
"Устав" билер сотын жалпы империялық сотпен бiртiндеп алмастырып, олардың 
праволарын шектеудiң негiзiн қарады, мұның ҿзi патша ҽкiмшiлiгiнiң қазақтарды 
бақылауын күшейттi. 
Министрлер комитетiнiң жарлығы бойынша 1838 жылы Омбы 06лысы таратылды. Омбы 
Тобыл губерниясына, Петропавл осы губернияның Eciл уезiне енiп, ал Семей мен 
Ҿскемен қалалары Томск губерниясының Бийск уезiне қосылды. Сiбiр қазақтрына 
басшылық ету үшiн шекаралық басқарма құрылды. Облыстарды басқаруға шекара 
бастығы, шекаралық басқарманың председателi жҽне кеңесшi, олардың бiрi ауқатты 
қазақтардан шыққан асессор қойылды. Шекара бастығы мен шекаралық басқарманың 
председателi үкімет указдарымен тағайындалып, орнынан алынып отырды. Шекара 
бастығы сiбiр генерал-губернаторына бағынды. 
1838 жылғы "Ережеде", Сiбiр қырғыздары о6лысының орталық басқармасына кҿп кҿңiл 
бҿлінді. Аға сұлтандар бұрынғысынша үш жылға сайланды, бiрақ ендi оларды Омбының 
облыстық бастығы емес Батыс-Сiбiр генерал-губернаторы бекiтетiн болды. 
И.Тайманұлы мен М.Ҿтемісұлы бастаған шаруалар кҿтерілісі (1836-1838 жж.)
 
Қозғалыстың басталу себебі-феодалдық қанаудың, отарлық езгiнiң, зорлық пен 
зомбылықтың күшеюiнен болды. Озбырлыққа ұшыраған ауылы ҿтiнiш айтқан Исатайды 
тыңдамаған соң ол 1835 жылы ханға қарсы ашық күреске шығады. 1850
 
жылы Орынбор 
басшылығына жазған осы хандықтың экономикалық-саяси шолуында «Жҽңгiр хан Исатай 
мен оның ауылдастарын бұрынғы жайлаған жерiнен айырғасын жҽне Исатайдың Жҽңгiрге 
жеке ҿшпендiлiгiнiң салдарынан толқу басталғанын» жазған. 1835 жылы Исатай үгiт 
таратып, хан ҽмipiне бағынбауға шақырып, хан ҽдiлетсiздiгiн ҽшкерелеп, тартыспен 


ҿткiзедi. Кҿтерiлiске 1833 жылы Жҽңriр ханның ҿз қайын атасы Қарауылқожа 
Бабажанұлын Каспий теңiзi ҿңipiнe билеушi етiп тағайындауы, ханның ҽдiлетсiздiгi түрткi 
болады. 
Кҿтерiлiстiң негiзгi қозғаушы күшi - шаруалар 6олды. Оған старшин, билердiң де жеке 
ҿкiлдерi қатысты. 
Негiзгi мақсаты - хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын бiршама реттеу 
болатын. 
Исатай 1836 жылдың жазында ҿз тҿңiрегiне үстем тапқа наразы шаруаларды топтастыра 
бердi. Байлар мен билерден зорлық кҿрген шаруалар бiр-бiрлеп, тіпті тобымен кейде ауыл 
болып келiп, оған қосыла 6астайды. Мысалы: зұлым би Айғанадан 39 адам, би Тҿлегеннен 
30, Ағымнан 24 адам, Нарын құмынан 10 ауыл, Адай, Шеркеш, Алаша руларынан да 
бiрнеше ауыл қосылды. 
Исатайдан басқа қозғалысқа Махамбет Ҿтемiсұлы, Тiнҽлi Тайсойғанұлы, Қалдыбай батыр 
т.б. басшылық eтті. Исатай мен Махамбет шаруалармен үнемі кеңес ҿткiзедi. Мыңтҿбе - 
Исатайдың қонысы. Кҿтерiлicшiлер сол жерге жиналып, олардың жоғарғы органы кеңес, 
мҽслихат болғанын кҿрсетедi. Олар билер мен сұлтандарға шабуыл жасап, жер мҽселесiн 
ҿздерi шеше бастады. 
1836 жылдың қараша, желтоқсан айларында да кҿтерiлiсшiлердiң қимылы тоқталмады. 
Олардың жалпы саны 700-800 адам шамасында болды. 1837 жылы кҿтерiлicтiң жаңа 
кезеңi басталды. Егер де ҿткен 1836 ж. кҿтерiлic негiзiнен Каспийдiң солтүcтігінe 
жайылып, тиiп-қашты қақтығысулармен шектелсе, 1837 жылы кҿтерiлic кҿп жердi 
қамтиды, ал кҿтерiлicшiлер саны 3-5 есе артты. Ендi олар ханның ҿзiне қapcы шықты. 
Мұны 1837 ж. кҿтерiлicтiң екiншi кезеңi, шаpықтау шегi деп айтуға болады. Олар қapy-
жарақтарды ҿздерi соғып дайындады. . 
Исатай кҿтерiлiciнiң бiр ерекшелiгi - шаруалар бұған дейiнгi рулық, аталастық деген 
түciнiкті жайына қалдырып, ҿздерiнiң таптық мүддесін ұстайды. 
Қозғалыстан үрейленген бай-сұлтандар ҽскер басшыларына, ұлықтарға шағым жасай 
бастайды. Ал кҿтерiлicшiлер бұдан қорықпай, губернатор Перовскийге тiлектерiн қояды. 
Ҽкiмдер Исатайды алдап шақырып қолға түсiрудi жҿн кҿредi. Бiрақ, алдаудан ештеме 
шықпаған соң шекара басшылары Исатайды ұстау үшiн қарулы күштi қолдануға шешiм 
қабылдайды. Олар енді кҿтерiлicтi талқандауға кipicтi.
Патша ҽкiмшiлiгiнен күдер үзген кҿтерiлicшiлердiң қозғалысы ҽсіресе қыркүйек, қазан 
айларында кең етек жайды. 16 қыркүйекте 200 адамымен Исатай мен Махамбет Қарауыл 
қожаның ауылына шабуыл жасап, күш аз болса да айқасқа түсiп, оның қолын талқандайды 
Рейiм деген жерде болған қанды соғыста кҿтерiлicшiлер тағы жеңicке жетедi. Бұл 
шайқастағы жеңicтер Iшкi хандыққа түгел жайылып, кҿтерiлicшiлердiң еңсесін кҿтерiп, 
кҿбейте бередi.
Исатайды тұтқындауға шыққан генерал Покотиловтың caпapы да сҽтсiз аяқталады. Исатай 
мен Бекмұханбет Ҿтемicұлы бастаған шаруалар 15 қазанда Tеpектiгe шабуыл жасап, 
басып алып, кҿтерiлic орталығына айналдырады. Исатай батыр ендi кҿтерiлicшiлердi хан 
ордасына қарай бағыттады. Жҽңгiр хан губернаторларға жалынып, кҿмек сурайды. 

Бұдан хабарсыз кҿтерiлiсiшiлер Жасқұсты қоршауға алып, Қандыағаш маңында хан 
ҽскерін талқандайды. Олар Ордаға тақағанда саны 3500 адамнан асады. 
Кҿтерiлicтiң бет алысынан қорыққан Шынғали тҿре сатқындық жасап, «ойлануға 10 күн 
мерзiм сұра. Осы уақытта ҽскер де келiп улгерер» деп ақыл айтады. Кҿтерiлicшiлер 
Ордаға 4-5 шақырым жерге дейiн жақындап келедi. Жҽңгiр хан айламен уақыт ұтуды 
кҿздейдi. 
Исатайдың байсалды, ақылды, сақ, ұстамды адам болғанын зерттеушiлер де жазған. 
Исатай патша ҽскерінің қандай күш екенін, ал келсе ешкiмдi аямайтынын түciніп қан 


тҿкпей ханмен келicсҿзге келудi ойлайды. Кҿтерiлiсшiлер ҿз тағдырын Исатайға сеніп 
тапсырды. 
Патша ҽкiмшiлiгi кҿтерiлiстi талқандауға қарулы күшiн ҽзiрлеп, Ішкi Ҿзен линиясына 
аттанды. Подполковник Гекке қарауыл ҽскерімен түнде байқатпай ордаға кiредi. Жан-
жақтан жазалаушы ҽскер келе бастайды. Бұл .хабарлар жетiсiмен кҿтерiлicшiлер арасы 
қожырай бастайды. Енді ҽйел, бала-шағаны қopғay қажет болды. Исатай 5 қарашадағы 
түнде Жасқұсты тастап, 300 кiciмен Жаманқұмға кетедi. 
Осылайша кҿтерiлicшiлер ҿзара байланыссыз, хабарсыз қалып, ыдырай бастайды. Олар 
топ-топ болып байларды тонап ҿш алумен болады. 7 қарашада Гекке 2 мыңдық ҽскер, 
зеңбiрегiмен Тастҿбеде кҿтерiлicшiлермен кезiгедi. Күшiнiң 3-4 есе аздығына қapaмaстан 
олар солдаттардың қaтapын қаусатып барып, күштiң тең еместігінен ерiксiз шегiнедi. 
Бұл кезде Исатайды ұстауға 500 сом сыйлық берiледi деп жарияланады. Жазалаушы отряд 
даланы қанша кезсе де, Исатайды ұстай алмайды. 
Исатайлар Жайықтан қиындықпен ҿтiп, күшiн жинап, қайта күресуге бел байлайды. 
Сҿйтiп, кҿтерiлiстiң бiрiншi кезеңi жеңiлicпен аяқталады. Бытырыңқылық - шаруалар 
кҿтерілісінің табиғи кемшiлiгi, ең бiр осал жерi. Соған қарамастан Исатай мен Махамбет 
3000 адамның басын бiрiктiрiп, шiлде айында Ойыл ҿзенiне тоқтайды. Бұл жерде, 
Исатайдың қабiлеттi ұйымдастырушы, іpi дарынды қайраткер екенін кҿреміз. Олардың 
ендiгi мақсаты үстем таптан кек алып, .ҽдiлеттiлiк орнату еді. 
Гекке Орынбордан үлкен отрядпен шығып, 1838 ж. 8 шiлдеде Қобда ҿзенiнен ҿтiп, сол 
күні кешкі сағат 7-де Баймұханбетпен кездеседi. Баймұханбет тыңшысы арқылы 
кҿтерiлicшiлердiң екі топқа жарылып, Исатай шағын қолмен Ақмалай ҿзенiне қарай келе 
жатқанын бiлiп алады. 
Полковник Гекке мен Баймұханбет сұлтан отрядтары Ақбұлақты жағалап, Қиыл ҿзенi 
жағасынан Исатайды 500 кісімен тосып алады. Олар бiрден кҿтерiлicшiлерге зеңбiректен 
оқ атып, екi адамын ҿлтiрiп, бiрнешеуiн жарақаттайды. Шегiнген кҿтерiлicшiлердi алдап 
үш жақтан қоршауға алып, тағы да 70-80 адамын ҿлтіреді. Амалсыз шегiнiп, олар 15 
шақырымдай жерге қашады. Исатай ҿз адамдарының ең артында, кейiн қалғандарын 
қызғыштай қорып келе жатқанда Баймұханбет адамының танып кҿрсетуімен оқпен атып 
Исатайдың жирен атын жаралайды. Аты жаралы болған батыр, кҿмекке келген 
Махамбетпен Үбiнi «ҿздерiңдi, бала-шағаны сақтаңдар» деп алға жiберiп, азғана 
кҿтерiлісшiлермен аянбай соғысып, 3 рет қоршаудан шығады. Бiрақ аты жаралы Исатайды 
Баймұханбет нҿкерлерi қуып жетiп, оны атынан құлатады. Топпен жаяу соғысып жүрiп, 
еciл ер ақыры осы күресте қаhармандықпен қаза табады. Оның еpлігі, ҿжеттiгiне 
дұшпандардың ҿзi де таң қалады.
Басшыcы ҿлген кҿтерілісшiлер Ойыл ҿзенi бойындағы қалған тобына барады. Патша 
ҽскеpiнің кҿбеюiнен, олар бiрiгiп қимыл жасай алмайды. Осылайша азаттық күрес 
жеңiледi. 
Сол кезеңде шаруалар кҿтерілісiнің жеңicке жетуi мүмкін емес едi. Бұқара халық азаттық 
үшiн күрескен еpлеpді мҽңгі есiнде сақтап қалды. Исатай тап күресінің кҿрнекті 
қайраткерi, қазақтын ұлттық батыры pетінде ұрпағына үлгi. . 
Махамбет-Исатайдың тірегі, қahapман ақын, талантты күйшi ҽpi күрескер. Кҿтерiлiс 
жеңiлген соң да шаруаларды бiрiктiрiп, кҿтеруге тырысады. 0л үшiн 1838-1846 жылдар 
ҿте ауыр жағдайда, қашқындықта, қудалауда ҿтедi. Батыр ақын бiрақ мойымай, ҿмірінің 
ақырына дейiн күрестен бас тартпайды. Батыл да ҿжет қимылдың адамы Махамбет 
жалынды жырымен де, iciмен де озбырлыққа, зорлыққа қарсы аянбай күреcтi. 1846 ж. 
ақырында аңғал батыр «Қабанбай Қараой» деген жерде қапыда қалып, қанiшердiң 
қолынан қаза табады. Kүpеcтiң тарихи маңызы, патша үкiметi мен жергiлiктi би-
сұлтандармен күресуге болатыны дҽлелденді. 


Қарапайым халық қолына қару алып, ел мен жердiң қамы үшiн күpеcтi. Ерлер қаза болса 
да олардың есiмдерi, ерлiк icтері халық есiнде мҽңгiге сақталып қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет