Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет25/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

Мал шаруашылығы. 
Қазақтардың XVIXVII ғасырлардағы шаруашылығының басты 
саласы, бұрынғысынша, кҿшпелі жҽне жҽртылай кҿшпелі қой, жылқы жҽне түйе ҿсіру 
болды. Ірі қараны ҿсіру шаруашылық- та мардымсыз орын алды, ҿйткені ол жыл бойы 
жайып бағуға қолайсыз еді. Қойдың еті мен сүті тамақ болды, терісі мен жүні киім, аяқ 
киім, ыдыс-аяқ, шаруашылыққа қажетті басқа да кҿптеген бұйымдар жасауға 
пайдаланылды. Жылқы шаруашылығы да бұдан кем роль атқарған жоқ. Бұл жҿнінен 
алғанда Мұхаммед Хайдардың қазақтың Қасым ханының аузына салатын мына сҿздері 
ерекше кҿңіл бҿлерлік: «Біз – қырдың адамдарымыз, біздің сирек кездесетін, қымбат 
бұйымдарымыз да, товарларымыз да жоқ.

Біздің бар байлығымыз – жылқы; оның етін 
тамақ, терісін киім қыламыз, сүйсініп ішетін сусынымыз да бие сүтінен ҽзірленеді; біздің 
жерімізде мҽуелі бақ та, керемет ғимарат та жоқ, біздің бар қызығымыз, - мал жайылымы 
мен үйір-үйір жылқы; жайылымға барып жылқыны кҿргенде сүйсініп қаламыз». 
Жылқының жергілікті тұқымы шыдамды, күй талғамайтын, қыста – тебенді, жазда – 
жайылымды. 
Кҿптеген аудандарда қазақтардың мал шаруашылығында түйе ҿсіру едҽуір орын алды. 
Ибн Рузбихан Исфаханидің айтуына қарағанда, түйе мен жылқы арба сияқты жасалып, 
үлкен доңғалақтар орнатылған баспананы алып жүретін күш кҿлік ретінде 
пайдаланылған. Қазақтардың шаруашылығында түйе жүні кҽдеге жаратылған, халық түйе 
сүтінен ашытылатын шұбатты да аса қадірлеген. 
Мал жайып кҿшіп-қону қазақ малшыларының маусымдық жайылымдарды ұтымды 
пайдалануына 
мүмкіндік 
берді. 
Кҿшпелі 
жҽне 
жартылай 
кҿшпелі 
мал
шаруашылығындағы еңбек ҿте ауыр болған, түрмыс жағдайы да оңай емес еді. 
Қазақтардың экстенсивті мал шаруашылығы ҿте-мҿте баяу жетіліп, табиғаттың дүлей 
құбылыстарына түгелдей тҽуелді болды.
Қазақтардың шаруашылық қызметінде аң аулау мен балық аулаудың біршама маңызы 
болды. 
Егиншілік
. Бірқатар аймақтарда қазақтар егіншілікпен де шұғылданған. Егіншілік 
мҽдениетінің дҽстүрлі ошақтары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, ҽсіресе Сырдария, 


Арыс, Шу, Талас ҿзендері аудандарында, Қаратаудан басталатын ҿзендердің 
аңғарларында, сол сияқты Ұлытау тҿңірегінде, Атбасар даласында шоғырланды. Зайсан 
кҿлін жағалай «егін егумен» шұғылдану ісін 1654 жылы орыс елшісі Федор Байков атап 
ҿткен. XVII ғасырдың аяқ шенінде Тҽуке ханға барып қайтқан орыс елшілері де Түркістан 
тҿңірегіндегі қазақтардың астық (бидай, арпа), сондай-ақ тары ҿсіргені жҿнінде 
хабарлайды.
Оңтүстікте егіншілік, ҿдетте, суармалы болған. Сырдарияға жақын жатқан 
ҿңірлердегі егіс майдандарында ҽдетте тарам-тарам каналдар мен арықтар жүйесі болған.
XVI ғасырда Сауран қаласының тҿңірегінде кяриздік суару жүйесі болған. 
Қалалары
. XVIXVII ғасырларда Қазақстан территориясындағы, ең алдымен Сырдария 
ауданындығы қалалар ҿмір сүріп, жекелеген реттерде тіпті ұлғая түскен. ХV ғасырдың
аяғында XVI ғасырда Сығанақ Шығыс Дешті Қыпшақтың ірі экономикалық жҽне саяси 
орталығы ретіндегі манызын сақтап қала берді. Бұл қаланың орны қазір Тҿменарық 
станциясынан солтүстікке таман 20 км. жерде Сұнақата деген атпен мҽлім. 
XVIXVII ғасырларда Ясы қаласы бүкіл Оңтүстік Қазақстанның, немесе сол заманғы 
деректемелер бойынша, Түркістан ҿңірінің аса ірі орталығы болған. Оның маңында үлкен 
егіншілікті ҿңір құраған, атап айтқанда, Иқан, Қарнақ, Қарашоқ, Сури жҽне қоныстар 
болған.
Қалалық орталық ретінде Сауран ҿз маңызын сақтап қалды. XV ғасырдың 80-ші 
жылдарында Сауранды қазақтың алғашқы хандарының бірі – Жҽнібек ханның баласы 
Еренші сұлтан билеген. Қала қазақ хандығының құрамына XVI ғасырдың аяғында 
түпкілікті кірді. Сауран Түркістандағы ең берік қамалдардың бірі болған. Қазір бұл қала 
орны Түркестан қаласының солтүстік-батыс жағына қарай 30 км. жерде жатыр. 
Қазақ хандары мен Шайбани ҽулетінің Түркістан үшін күресінің алғашқы кезеңінде, 
XV ғасырдың үшінші ширегінде XVI ғасырдың басында Отырар ҿлкенің ҽлі де болса ірі 
ҽкімшілік орталығы болып тұр еді. Отырарды билеу Сырдария бойындағы бүкіл ҿңірге 
билік құруға дҽмеленуге мүмкіндік берді.
Кейінгі орта ғасырларда Сайрам Мауараннахрдан Дешті Қыпшақ пен Жетісуға келетін 
сауда жолдарының түйіскен жеріне жатқан, халық жиі қоныстанған егіншілікті ауданға 
айналған.
Деректемелерде Сырдария ҿңіріндегі егіншілік аймағы бар басқа да қамал-қалалар – 
Аркҿк, Үзкент, Аққорған жҽне басқа қалалар аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет