Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Тақырып 9. XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы



Pdf көрінісі
бет24/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

Тақырып 9. XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы. 
1. XVIІ ғ. Қазақ хандығының ҽлеуметтік-экономикалық жҽне саяси жағдайы.


2. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. 
3. Тҽуке ханның билікке келуі, оның саясаты. 
Тақырып10. Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті 
1. Қазақтардың дҽстүрлі кҿшпелілер мҽдениеті. Кҿшпелі шаруашылық түрлері, олардың 
ерекшеліктері. 
2. Қазақ халқының рухани мҽдениеті 
3. Қазақстанның қалалық мҽдениеті Қала мен даланың ҿзара байланысы. 
 
Қазақ хандығының нығаюы ұлғаюына «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге 
асырған кҿрнекті қазақ хандарының бірі Қасымның ролі зор болды. Тарихшы Мұхаммед 
Хайдар Дулати мырза былай деп жазған: «Керей ханнан кейінгі жерде хандық құру оның 
ұлы Мұрындық ханның үлесіне тиді»-деп атап кҿрсете келіп, бастапқы кезде Қасым 
сүлтан ҽкесінің жолын қуып, барлық істе Мұрындық ханға бағынып, соның алдында бас 
иді». Бірақ XVI ғасырдың алғашқы он жылының ҿзінде-ақ, Мұрындық (1480-1511) бас 
хан болып тұрған кезде де, замандастарының айтуына қарағанда жігерлі ҽскербасы болған 
Қасым сұлтан Керей хан мен Жҽнібек ханның толып жатқан ұлдарының ішінен оза 
шықты. 1509/10 жылдарда Мұрындық хан бола тұрса да, хандықты билеу жҽне бүкіл 
билік Қасымның қолында болды. 1511 жылда биліктен айрылған Мұрындық Дешті 
Қыпшақтан кетті де, Самарқандқа барып, сонда ҿлді. Осы кезден бастап Қазақ 
хандығындағы жоғары хандық билік Жҽнібек ханның ұрпақтарына ауысты. 
XVI ғасырдың бас кезінде қазақ билеушілерінің, ҽсіресе Қасымның сыртқы 
саясатының негізгі бағыты бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалалар үшін 
жүргізілген күрес болды. Феодалдық қоғамға тҽн осы жиі-жиі соғыстарға, бұрын аталып 
ҿткеніндей, ең алдымен экономикалық себептер негіз болған еді. 
Бұл кезде Қасым сұлтанның тҿңірегіне топтасқан қазақтардың негізгі күштеріне 
Мұхаммед Шайбани 1509 жылғы жорығында тиісе алған жоқ. Келесі қыста, 1509/10 жылы
Қасымға қарсы ол тағы жорық бастады. 1510 жылғы қыстың аяқ шенінде «тас-талқан 
болған» Шайбани ұрпағы ҽскерлерінің қалдықтары Самарқандқа қайтып барды. Нҽтижеде 
Түркістан қалаларының кҿпшілігі Қасымның иелігіне кҿшті. Шайбани ұрпағы мен Темір 
ұрпағы Захир ад-дин Мұхаммед Бабур бастаған түрлі феодалдық топтардың арасындағы 
кескілескен күрес олардың Түркістанға назар аударуына мұрша бермеді. Қасым хан 
Оңтүстік Қазақстандағы ҿз билігін нығайту үшін мұны қапы жібермей пайдаланды. 
Кҿп кешікпей Сырдария бойы қалаларының ең оңтүстіктегісі Сайрам да Қасым-ханның 
билігіне кҿшті. 1512 жылы Шайбани ұрпағы Ұбайдаллах-сұлтан Бабурды жеңіп шықты. 
Бабурдың Сайрамға қойған ҽкімі Каттабек Шайбани ұрпағының ҽскерлеріне қарсылық 
кҿрсетті, алайда қаланы ұстап тұруға шамасы келмеген соң оны қазақ ханына беруді 
ұйғарды. 1513 жылғы кҿктемнің басында, Қасымхан Қараталдағы (Жетісудағы) 
қыстауынан жазғы жайлауға кҿшейін деп жатқан кезінде оған Сайрамның ең білікті қала 
тұрғындарының бір тобы келіп, Каттабектің атынан Қасым-ханды қалаға кіруге 
шақырады.
Қасым-ханның моғол билеушілерімен арақатынастары жақсы қалыптас- ты. 
Моғолстанның орталық аудандарынан – Жетісу мен Тянь Шань ҿңірінен – олар 
ҽлдеқашан айрылған еді. Жетісудың негізгі аудандары Қасым-хан иеліктерінің құрамына 
кірді. Қырғыз тайпаларының саяси дербестігі барған сайын беки түсті. Моғол ханы сұлтан 
Саид қазақ ханымен одақ жасағысы келді. Одақ жасасудың сҽті түспегеннен кейін ол 1514 
жылдың кҿктемінде Ферғанадан шығып, Қашғарияға кетуге мҽжбүр болды. Онда ол дулат 
ҽмірлерімен күресте жеңіске жетіп, оның территориясында жаңа мемлекет – Моғолстанды 
құрды. 
Қасымханның батыстағы территориялық иеліктері ұлғая түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде 
ауыр дағдарысты басынан кешіріп жатқан еді. 


XVI ғасырдың екінші он жылында Қасымхан қазақ территориясының ұлан-байтақ 
далалық ҿңіріне ҿз үстемдігін түпкілікті орнықтырды. Бұл кезде хандықтың шекарасы 
оңтүстікте Сырдарияның оң жақ жағалауына шығып, Түркістан қалаларының кҿпшілігін 
қамтыды, оңтүстік-шығыста ол Жетісудың тау баурайы мен алқаптарының едҽір бҿлегін 
алып жатты, солтүстікте жҽне солтүстік-шығыста Ұлытау таулары мен Балқаш кҿлі 
тҿңірегі арқылы ҿтіп, Қарқаралы тауларына дейін жетті, солтүстік-батыста Жайық ҿзені 
бассейніне дейін барды. Қасымханның қол астындағы адамдардың санын замандастары 
бір миллион адам деп мҿлшерлеген. 
Қасымхан кезінде Қазақ хандығы едҽуір нығайғанына қарамастан, ҽлі орталықтанған 
мемлекет бола қоймады. Мұның ҿзі Қасымхан ҿлгеннен кейін бірден байқалды, сұлтандар 
мен басқа да феодалдардың сеператизмі сезіліп, қырқысу басталды. Ҿзара қырқысу 
кезінде Қасымханның ұлы жҽне мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасымханның немере інісі 
Тақыр (1523-1533) хан болды. Ҿз бодандары жҿнінде ҿте қатал болған оның айрықша 
дипломатиялық жҽне ҽскери дарыны да нашар болған. Оның тұсында ҿзбектермен 
арадағы соғыс жалғастырылып қана қоймай, Қасымханның бұрынғы одақтастарымен – 
маңғыт мырзаларымен жҽне моғол хандарымен ҽскери қақтығыстар басталды, оның 
үстіне олар қазақтар үшін сҽтсіз болды. Оңтүстіктегі жҽне солтүстік-батыстағы 
территорияның бір бҿлегінен айрылу осы жеңілістің салдары еді. 
Тақырдың інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен 
соғыстар тоқтаған жоқ. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан ҽлсіреген хандықты 
нығыйтып, біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) ҽрекет жасады. 
Сырдария бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар 70-ші жылдардың аяқ 
шенінде Абдулла ханның, Ташкент үлестік ҽміршісі, Бұхара хандығынан бҿлінгісі келген 
Бабасұлтанға қарсы кұресін ҿз мұдделері ұшін пайдаландып қалуға тырысты. 
Хақназардың мұрагері Жҽдіктің баласы (Жҽнібек ханның немересі - Ҽ.Ҿ.) қартайып 
қалған Шығай (1580-1582) болды. Ол ҿзінің баласы Тҽуекелмен (1586-1598) бірге 
Бабасұлтанға қарсы күресінде ҿзбек ханы Абдулланы қолдап отырды, бұл үшін «Хажант 
жерін иқта ретінде» сыйға алды. 1582 жылдың маусымыда Тҽуекел Ясы қаласының 
маңында Баба сұлтанның ҽскерлерін талқандап, оны ҿлтірді. Абдулла бұл үшін Самарқанд 
ҿңіріндегі Африкент уҽлаятын (қазіргі Самарқанд област Жамбай тумані) үлес қылып
сыйға тартты.
Қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген 
кұресі Түркістан мен оның қалаларын жҽне – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына 
қосумен аяқталды.
XVII ғасырда Қазақстан саяси жағынан бытыраңқы ел болды. Қазақ жүздері арасында 
тұрақты экономикалық жҽне саяси байланыстар қалыпта- спаған еді.
Қазақ хандығының экономикалық жағынан мешеулігі натуралды шаруашылықтың 
үстемдігі, ішкі базардың болмауы, Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың құлдырауы – 
осының бҽрі қазақ жерлерін бір орталыққа бағынатын мемлекетке біріктіруді, 
бытыраңқылықты жоюды мүмкін етпеді; ал бұл кезеңде, ҽсіресе хандықтың сыртқы саяси 
жағдайы ауыр болуына байланысты бытыраңқылық күшейе түсті. 
Жекелеген ірі қазақ сұлтандары іс жүзінде Есімханнан тҽуелсіз болды. Бұлардың 
ішінен ҽсіресе Тұрсын Мұхаммед айрықша ерекшеленді. Есім хан Түркістанда билік 
жүргізіп тұрған кезде ол Ташкентте отырып ҿзін хан деп жариялады. Қазақ хандығының 
шығыс жҽне солтүстік шығыс шептерінде ойрат феодалдарының агрессиясын тойтарудан 
қолы босамаған Есім хан біраз уақыт бойы Тұрсын ханның ҽрекеттеріне кҿнуге мҽжбүр 
болды. Бұл кезде қазақтардың екі ханының арасындағы қатынастар бірте-бірте 
шиеленісіп, ҽскери қақтығыстарға дейін барып жүрді. 1627 жылы екі ханның арасындағы 
дұшпандық Тұрсын Мұхаммедтің Есім-ханның қолынан қаза табуымен аяқталды, алайда 


Есімхан ҿзінің бақталасынан кейін кҿп жасаған жоқ. Махмұд ибн Уҽли-дің хабарлауна 
қарағанда, ол 1628 жылы қайтыс болған. 
Есімханнан кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық 
қырқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бҿлегін уақытша басып алып, бұл оңірде 
кҿшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара ҽскерлері Ташкентті алып, 
қазақтарды ығыстыра тұрса да, қазақ хандарының бірі Жҽңгір Бұхара ҽміршісін 
жоңғарларға қарсы күресу үшін ҽскери одақ жасау қажеттігіне оның кҿзін жеткізді. 
Жҽңгір ҿз ҿмірін жоңғарларға қарсы күреспен ҿткізіп, оларға қарсы жорықта қаза тапты.
1680 жылы хандықтың тағы Жҽңгірдің баласы Тҽуке ханға (1680-1718) кҿшті. Ол 
феодалдар табының айтарлықтай тобын құрайтын билер сияқты ҽлеуметтік тіректің 
кҿмегі арқалы ҿз билігін нығайтуға тырысты. Хан билігін күшейтуде, қазақ қоғамында 
ежелден қалыптасқан құқықтық дҽстүрлер мен нормаларды регламенттеуде, ішінара 
жаңартып, бір ізге түсіруде, белгілі тарихшы А.И. Левшин «Ликург» жҽне «Айдаһар» деп 
бейнелеп атаған Тҽуке хан үлкен рол атқарды. Бұл жүмыстың нҽтижесі «Жеті жарғы» 
болды. 
Бұл кезде ру аралық жҽне жүз аралық дауларды шешуге қабілеті бар билер қарсы 
күресуші тараптардың ымыраға келуіне қол жеткізе отырып, ҽдетте кҿшпелілер арасында 
біршама бедел алып, қазақ қоғамының ҽлеметтік-саяси ҿмірінде едҽуір ықпалға ие болды. 
Мұның бҽрі Қазыбек, Тҿле, Ҽйтеке, Есет жҽне тағы басқалары сияқты құдыретті билердің 
жоғарғы билікке зор ықпал жасауына мүмкіндік берді; олардың кҿңіл-күйімен,
пікірлерімен жҽне шешімдерімен тіпті ең беделді қазақ хандары (Тҽуке, Ҽбілқайыр, 
Абылай) санасып отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет