Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет50/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

Елімізде ҥш бағыттағы – 
шағын, жаппай және жеке жобамен жекешелендіру жасалып, кәсіпорындар 
қҧрылды.
Алғашқы тұста оның да кедергі, қиындықтары болды. Қоғамдық, ҽлеуметтік 
һҽм экономикалық бағыттарына басымдық берілді. 
Оның бірінші кҿрінісі – тұрғын үй кешеніне қатысты іске асты. Жалғасып жатқан 
инфляция жағдайында 1991 жылы тҿлем қаражаты ретінде халыққа тегін пҽтер – үйді 
жекешелендіру купондары берілді. Купондардың саны еңбек ҿтілімен анықталды. Бұл 
қадамның маңыздылығы бүкіл халықтың мемлекеттік мүлікті жекешелендіру ісіне 
қатысуға мүмкіншілік алғанында еді. Бірақ, жақсы мүмкіндікті толық іске асыру тетіктері 
болмады. 
 
Жалға беретін жҽне ұжымдық кҽсіпорындар құрылды. Аукциондарда шаруашылық 
нысандары сатыла бастады. Сҿйтіп, алғашқы халыққа қызмет кҿрсету нарығы қалыптасу 
сатысына ҿтті. Бірінші кезең қорытындысы бойынша мемлекеттік – 4771 мүлік нысаны 
жекеменшікке ҿтті. Жекешелендірілген кҽсіпорындардың жалпы санының 60%-ын 
бҿлшек сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет кҿрсету, коммуналдық 
шаруашылық жҽне басқа нысандар құрады. Сауда - 29,6% жҽне тұрмыстық қызмет 
кҿрсету 25,8% болды. Жекешелендіру реформасының бірінші сатысында ауылдағы еңбек 
ұжымдарына барлық мемлекеттік меншік негізінен ақысыз, ішінара сатылып берілді.
1993-1995 
жылдары жҥргізілген екінші кезеңде
мемлекетсіздендірудің 
бастамашылық қағидаларынан бас тартылды, монополияларға қарсы шаралар 
қолданылды. 1994 жылы Министрлер кабинеті бекіткен кестеге сҽйкес 426 аукцион-
конкурс ҿткізіліп, 4374 объект сатуға шығарылды. 1995 жылы олардың 2630-ы сатылды. 
1995 жылға дейін 9 аукцион ҿткізіліп, 532 кҽсіпорын сатылды. Олардың 409-ы толық 
сатылып, 108 кҽсіпорынның акциялары ішінара ҿтті. Ал, 15 кҽсіпорынға мүлдем алушы 
шықпады. 1993 жылы белгіленген бағамен 414,7 миллион теңге тұратын мемлекет меншігі 
сатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет