Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


 Елді демократияландыруға, саяси жҥйені жаңғыртуға бағытталған саясат. «Халық



Pdf көрінісі
бет58/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

 
1. Елді демократияландыруға, саяси жҥйені жаңғыртуға бағытталған саясат. «Халық 
ҥніне қҧлақ асатын мемлекет» тҧжырымдамасы. 
Ҽділ билеуші жайлы, кемел мемлекет құру туралы тұжырымдар ғасырлар бойы талай 
ғұламаның еңбектеріне арқау болып келеді. Ұлы ғалым Ҽбу Насыр ҽл-Фараби 
«Қайырымды қала тұрғындарының кҿзқарастары туралы трактатында» қайырымды, ізгі 
қала туралы ойларымен бҿлісіп, ҽділ билеуші басқарған, адамдары бір-біріне кҿмектесетін 
«идеал қоғам» құруды ұсынады. Ол мұндай қоғамды құру үшін қандай шарттар қажет 
екеніне дейін тоқталып, тарқатып ҿтеді.
Осы ретте, грек ойшылдары Платон мен Аристотель, ҽйгілі Кун Цзы сынды 
философтардың да кемел мемлекет құруға байланысты ұстанымдары, еңбектері кҿптеген 
саяси құрылым түрлерін құруға негізделген. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» 
тұжырымдасын да осындай тарихи еңбектерде айтылған ҿміршең ойлардың сабақтастығы 
деп қабылдауға болады. 
Президент ҿз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, 
қаржы ресурстарын дұрыс бҿлуге, халыққа ҽлеуметтік қолдау кҿрсетуге, ел аймақтары 
арасындағы теңсіздікті жоюға жҽне халықты толғандырып жүрген басқа да мҽселелерге 
ерекше кҿңіл бҿлді. Нақты мысалдар келтіріп, проблемаларды шешудің тиімді жолдарын 
да ұсынып отыр. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасымен пҽтер алу үшін кҿп балалы 
отбасының айлық табысы 320 мың теңгеден кем болмауы керек. Бұл табысы аз отбасылар 
пҽтерге қол жеткізуі қиын деген сҿз. Сондықтан осы жылдан бастап «Бақытты отбасы» 
атты жаңа бағдарлама ұсынылды. Осы бағдарлама негізінде жыл сайынғы пайыздық 
үстемақы 2 жҽне бастапқы жарна 10 пайыздан аспайды. Бұл ай сайынғы тҿлемнің арзан 
болуына ықпал етіп, жағдайы орталау отбасылардың баспаналы болуына жол ашады. 
Президент білім беру ісіне мемлекеттің дамуындағы стратегиялық маңызға ие сала 
ретінде қарап, оқулықтардың сапасы, қала мен ауыл мектептерінің білім берудегі 
алшақтығы сияқты мҽселелерді орынды кҿтерді. Мемлекет басшысы білім беру жүйесіне 
кҽсіптік бағдарлау саясатын енгізуді, сол арқылы оны еңбек нарығының сұраныстарына 
бейімдеуді жүктеді. Сондай-ақ Президент жас мамандарды ауылға жіберудің тетіктерін 
ойластыру керек екенін атап ҿтті. Жоғары оқу орындары жұмысының сапасы мен 
ғылыми-зерттеулердің тиімділігін арттыру мҽселесін назардан тыс қалдырмады. 


Жолдаудың тағы бір кҿңіл қуантарлық тұсы, ол – Президенттің қоғам мен биліктің ҿзара 
ықпалдасқан іс-қимылының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа 
шақыруы. 
Еліміздегі қоғамдық келісімді нығайту мен ұлтаралық байланысты жетілдіретін тіл 
мҽселесіне де ерекше тоқталып, бұл жҿнінде: «Еліміздегі этностық топтардың тілі мен 
мҽдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рҿлі 
күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай 
дҽрежеге жету үшін бҽріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы қазақ халқының «Ҽкім бол, 
халқыңа жақын бол» тҽмсілімен астасып жатқанын да айта кету керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет