5-ші құрылтай.
Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 60 пайызын 35 жасқа дейінгі
жастар құрайды. Олардың дені түрлі елдердегі жҽне Қазақстандағы жастар ұйымдарының,
студенттік бірлестіктерінің кҿшбасшылары, магистранттар, докторанттар жҽне жас
мамандар. Құрылтай аясында тұңғыш рет «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен «Жастар
рухани жаңғыруды қолдайды» атты дүниежүзі қазақ жастары кҿшбасшыларының форумы
ҿтпек. Шетелден келген қандастар қатарында Молдова Республикасы Парламентінің
депутаты, ғалым-саясаттанушы Богдан Кайдарұлы Цырдя (Киікбаев),
Ресей
Федерациясының Томск облысы губернаторының ҽлеуметтік саясат жҿніндегі
орынбасары Шыңғыс Ақатаев, РФ Алтай Республикасындағы Турата ауданының ҽкімі
Аманжол Сахарьянов, Омбы облыстық алтыншы шақырылған заң шығарушы
жиналысының
депутаты Нұрлан Қартабаев, Орынбор облысындағы Орск қалалық
кеңесінің депутаты Құрмамбай Құмақбаев, Санкт-Петербургтағы Аймақтық экономика
жҽне заң университетінің
ректоры Ерлан Ысқақов, Қырғызстан халықтары Ассамблеясы
кеңесінің мүшесі Еркін Бҿлекбаев, Мҽскеуден Алаш Орда тарихының белгілі зерттеушісі,
Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының
докторы Дина Киселева (Аманжолова), Батыс Сібір қазақтарының этнографиялық жҽне
тұрмыстық мҽдениеті жҿніндегі монографиялар авторы, доцент Шолпан Ахметова Омбы
қаласынан, Абай ҿлеңдерін ҿзбек тіліне аударған Абдолла Рүстемов, түмендік белгілі
журналист, «Кҿшпенділер» деректі кітабының авторы Қалил Қабдулуахитов бар.
Делегаттардың кҿпшілігі
қазақ тілін, ұлттық салт-дҽстүрлерді, бекзаттық мҽдени
мұраларды сақтау жҽне насихаттау, гендерлік қозғалысты дамыту жҿнінен шетелдердегі
танымал қоғам қайраткерлері болып табылады.
Ҿзінің қайнар бастауын сонау 1992 жылдан алатын ҽлем қазақтарының Құрылтайлары
жер шарының түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың іскерлік сұхбаты
алаңына айналуда. Құрылтай қазақ халқының мҽдениетіне, тарихына жҽне салт-
дҽстүрлеріне жаңаша тұрғыда қарауға, оны молайтуға мүмкіндік береді. Ол, сондай-ақ,
біздің отандастарымыздың Қазақстанға ҿз еркімен қоныстануына жол ашады. Осынау
маңызды іс-шара кҿші-қонға жауапты мемлекеттік органдарға шетелден қоныс
аударушылардың ҿздерінің тарихи отандарында бейімделуіне, этникалық кҿші-қон
мҽселелерін шешуге, кҿші-қон жҽнен білім туралы заңдарына байланысты уақыт талабын
ескеруге жаңаша тұрғыдан қарауға кҿмектеседі.
1992 – 2017 жылдар аралығында ҽлем қазақтарының басын қосқан бес құрылтай ҿтті.
Ҽлемнің қырықтан астам елінде тұратын қандастарымызға қолдау кҿрсету, жағдай жасау
жҿніндегі Дүниежүзі қазақтар Құрылтайларында талқыланып, оларды шешуде кҿптеген іс
- шаралар атқарылды. Қандастарымызға сапалы білім беруде мемлекет тарапынан қолдау
кҿрсету жҽне шетелдегі қазақтардың атамекенге мүмкіндігінше кҿбірек оралуына жағдай
туғызуды басты назарға алуда. Сол мақсатта
елімізде арнайы жоспарлар
жасалынып,қаржы бҿлінді, нҽтижесінде 1 миллионнан астам қандастарымыз атамекенге
оралды.
Тҿрткүл дүние қазақтарының басын біріктіру мақсатында шақырылған Тұңғыш
құрылтайдың тарихи маңызы ерекше. Бұл бас қосу – қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа
біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанның белгісі болды
Достарыңызбен бөлісу: