Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет59/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

2.
 
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен 
қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы. 
«Тҽуелсіздік бҽрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев 
егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік 
болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді. Президент мақаласының алғашқы бҿлімі 
«Бағдар мен белес» деп аталып, онда осы күнге дейін елімізде атқарылған дүние 
сараланады. Алғашқы онжылдықта Қазақстан іргетасын қаласа, екіншісінде керегесін 
кеңейтіп, тарихын түгендеуге, шекарасын шегендеп, инфрақұрылымдық жобаларға баса 
мҽн берді. Үшінші онжылдықта еліміз индустриялық-инновациялық даму жолын таңдады. 
Ал алдағы тҿртінші онжылдықтағы міндет – қуатты елдің иесі жҽне кемел қалық болу, - 
дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. «Таным мен тағылым» деп аталатын екінші бҿлімде 
тарихты түгендеп, келер ұрпаққа қалдырар «Мҽдени мұраға» басымдық берілген. 
Президент азаттықтың ақ таңы оңай келмегенін айта келе, осы құндылықты бағалай білу 
үшін құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір 
бҿлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырды. «Алмас қылыш», 
«Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Кейкі батыр», «Тар заман» сияқты тарихи 
туындылармен шектелмей, ауқымды фильмдерге арқау болатын шежіреміздегі маңызды 
белестер мен оқиғаларға мҽн беру керек, - дейді Мемлекет басшысы. -Кҿркем жҽне 
деректі тарихи туындыларда мемлекеттілік жҽне мемлекетшілдік идеясы ҽрдайым кҿрініс 
табуы қажет. Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін кҿрсеткен Алаш 
қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар ҿткен ғасырдың басында тҽуелсіздік идеяларын 
халық арасында дҽріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды. 
Тҽуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың 
мұрасын жастарымызға жҽне бүкіл ҽлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы 
тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы 
жҽне бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс.деді. 
-Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері ҽлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті, 
ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым 
жоқ. Ала-құла деректер жҽне оның себеп-салдары жайлы ҽртүрлі кҿзқарастар қоғамды 
адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мҽліметтерді аса мұқият зерделеу керек. 
Білікті мамандар жүйелі зерттеумен айналысып, соған сҽйкес ашаршылық мҽселесіне 
мемлекет тарапынан баға берілгені жҿн. Біз бұл күрделі мҽселеге ұстамдылықпен жҽне 
жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Жалпы, тарихи зерттеулерді ұраншылдық пен 
даңғазасыз, таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс. 
Президент бұл мақалада бодандық бұғауынан босауға ат салысқан желтоқсаншылар 
жайын да кҿтерді.
-1986 жылы ҿрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы 
үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл ҿткенде Тҽуелсіздігімізді 
жариялауымыздың символдық мҽні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары – 


Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде 
насихатталуы керек. 
Жалпы, жаңа Қазақстанның тарихы ҽлі толық жазылмаған. Сондықтан Президент ұлттық 
мүддемізге сай академиялық үлгідегі кҿп томдықты жарыққа шығаруды тапсырды. Шетел 
аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, ҽлемнің негізгі тілдеріне 
аударуды ұсынды. Мұның стратегиялық мҽні зор. Жерімізге кҿз алартып, аумақтық 
тұтастығымызға күмҽнданатындар ҽлі де бар. Соңғы кездері азаматтарды аса 
толғандырған жер мҽселесіне қатысты Президент «Қоғам мен құндылық» бҿлімінде былай 
деп қадап жауап береді: 
Аумақтық тұтастығымызға күмҽн келтіріп, тату кҿршілік қатынастарға сына қаққысы 
келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-ҽрекеттеріне ресми жҽне 
қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен 
жүргізген жҿн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз 
қажеттігін тағы да баса айтқым келеді.
Яғни, бабалар қанымен, Алаштың жанымен осы күнге дейін сақталып келген қазақтың 
жеріне н -Жерге байланысты бҽріміз айқын білетін жҽне бұлжымайтын ақиқат – қазақтың 
жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны ҽр 
азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген 
нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы 
мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – ҿте маңызды 
мҽселе. Сондықтан, биыл Жер мҽселесі жҿніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір 
байламға келген жҿн. 
Президент барды бағалауға да шақырды. Жер қадірін жалаң ұранмен ҿлшемей, 
Кҿкжайлауға от жақпай, Кҿбейтұзды лайламай, ҽр тоқымдай жерді кҿздің қарашығындай 
сақтауға үндеді. Қоғамда үнемі қызу талқыланатын тағы бір тақырып – қазақ тілінің 
мҽртебесі 
-Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның ҽрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға 
болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін ҽлі жете 
меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа 
да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын кҿріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы 
жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны ҽлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда 
«Ештен кеш жақсы» деген сҿз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек. 
Ал мақаланың соңғы тҿртінші бҿлімі «Ұлағат пен ұстаным» деп аталып, азаматтық 
қоғамды дамыту мен саяси реформаларды жалғастыруға арналады. Білім мен біліктің 
дҽуірі – ХХІ ғасырда қазақ халқы да технологиядан қалыспай, ҽр адам ҿзін жетілдіріп
жаңа кҽсіпті игеріп, ел дамуының басты қозғаушы күші болуы тиіс. Ал ондай азаматтарға 
қамқор болу – мемлекеттің міндеті. Тҽуелсіздіктің құрдастары орда бұзар отыз жасқа 
келіп отыр. Сондықтан Президент талантты, талапты буынға сенім артып отыр. Ал басты 
ұран «Тҽуелсіздік бҽрінен қымбат» деген ұғым болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет