Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің



Pdf көрінісі
бет34/84
Дата21.10.2022
өлшемі11,5 Mb.
#154335
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84
Байланысты:
Журнал 40 оза-2

тапсырмаларға критерий
1.
Мағынасын толық түсіндіргенге- 5 ұпай
2.
Жақсы айтып берген оқушыға -2 ұпай
Сабақт
ың 
соңы 
Үйге тапсырма:
Электр тогының жұмысы.Джоуль –Ленц 
заңы.Металдар өткізгіштігінің электрондық теориясының 
негіздері
 (1 мин) 
1) Бүгінгі сабақта маған не ұнады...
2) Қандай қиындықтар болды?
3 ) Мен үйренгім келеді ...
Сабақты қортындылау сұрақтары
Оқушыларды критерийлер арқылы бағалау. (5 мин)


33
Республиканский научно-педагогический, методический журнал 
№40 (апрель) 2022 год 
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН 
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Өсербаева Асылхан Мұханбетқалиқызы 
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы, 
 «Жалпы білім беретін Шахта мектебі» өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі 
Еліміздің 
егемендігі 
нығайып, 
ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында 
заманына сай адамын тәрбиелеу басты 
міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, 
олардың адамдық болмысы жайлы ой 
толғап, рухани-адамгершілік білім беруді 
басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» 
қорының президенті С.Назарбаеваның 
«Өзін-өзі 
тану» 
авторлық 
бағдарламасының 
алға 
қойған 
мақсатының өзі ерекше. 
Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің 
қадірін 
өзі 
білуге, 
өзін 
сыйлауға, 
өзгелердің 
талқы-талдауына 
тәуелді 
болмауға, 
өзін-өзі 
жетілдіруге, 
өз 
бетінше шешім қабылдай алуына және өз 
сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті 
сезіне білуге тәрбиелейді. 
Жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
болып 
саналатын 
адамгершілік 
мұраларды, 
рухани-адамгершілік 
қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына 
сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса 
маңызды. 
Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің 
басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың 
тұлғалық 
потенциалының 
дамуына, 
өзіндік 
қасиетінің 
ашылуына, 
шығармашылық 
және 
танымдық 
белсенділігін ынталандыруға, балаларға 
сүйіспеншілік, 
мейірімділік, 
ақиқат, 
адалдық, 
шыншылдық, 
сұлулық, 
рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы 
арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған 
адам қалыптастыруға бағдарланған. 
«Өзін-өзі 
тану» 
бағдарламасында 
көзделетін басты мақсат - әрбір баланы 
өз бойындағы шығармашылық әлеуетін 
тани 
және 
аша 
білуге, 
өзінің 
эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-
құлық ерекшеліктерін ұғына білуге, өз 
әдет-қылығы мен тәртібін басқара және 
бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік 
туғызу. 
Оқу-әдістемелік 
кешеннің 
барлық 
компонеттері өзара байланысты және 
дамыта оқытудың мақсаттарын арнайы 
сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, 
балабақшада, үйде іске асыру көзделген 
(дәптердегі 
кейбір 
тапсырмаларды 
тәрбиеші нұсқауымен үйде орындауға 
болады). 
«Өзін-өзі 
тану» 
бағдарламасы 
сабақтары 10-15 баладан құралған шағын 
топтарда ұйымдастырылады. 
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы баланың 
даму ортасын ұйымдастырумен тығыз 
байланысты.Сабақ жүргізілетін арнайы 
бөлме кең, жарық, сабаққа қажетті құрал-
жабдықтармен 
жабдықталған 
болуы 
керек. 
Балалар 
өзін 
емін-еркін, 
психологиялық 
тұрғыдан 
жайлы 
да 
жағымды сезінетіндей, көзтартарлықтай 
көркем безендірілуі тиіс. 
Бөлмеде сабақтың мақсат-мазмұнына, 
дәптермен 
жұмыс 
істеуге 
ыңғайлы 
болатындай үстелдерді алуан түрлі етіп 
(шеңбер, қатар, қарама-қарсы және т.с.с.) 
орналастыру қажет. 
Сондай-ақ міндетті түрде музыкалық 
шығармаларды 
тыңдау 
және 
бейне 
көріністерді тамашалау үшін дыбыс 
бейнежазба 
қүралдар, 
дидактикалық 
материалдар мен фотосуреттерді іліп 
көрсету үшін тақта болуы керек. Мұндай 
бөлмелер балалардың жақсы жұмыс 
істеуіне, тамаша әсер алуына ықпал 
етеді. 
Тәрбиешінің балалармен жеке тұлға 
ретінде 
қарым-қатынас 
жасауындағы 
басты мақсаты - баланың өзі туралы 
айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы 
әңгімелеуге, оны ой елегінен өткізіп, баға 
бере білуге, тек өзіне ғана емес, 
жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, 
оларды өзіндік табиғи болмысымен 
қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге 
үйрету. 
Қарым-қатынас 
барысында 
әр 
баланың жанарына жылы шыраймен 
қарап, өзінің қимыл-қозғалысы, ым-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет