35 Республиканский научно-педагогический, методический журнал №40 (апрель) 2022 год сөздер сабақта айтылатын негізгі ойды
білдіреді.
«Ойын» —
балалардың
танымдық қызығушылықтарын
жандандыру және меңгерген ұғымдар
мен іскерліктерін
бекіту
үшін
ұсынылатын
оқыту
әдісі.
Ойындар
(іскерлік,
сюжеттік-рөлді,
қимыл-
қозғалыс, дамытушылық) баланың ойлау,
есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты
психикалық
үрдістерінің
дамуына
көмектеседі.
• Ойын арқылы бала адамгершілік
құндылықтар
жөнінде
тәжірибе
жинақтайды, оқылған жағдаятты жақсы
меңгереді.
• Ойын арқылы балалар өздерінің
құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынас
жасауға үйренеді.
• Ойын
сабақ
мазмұнына
сәйкес
алынып, жеке және топтық жұмыстар
жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп,
нақты қорытынды алуға көмектеседі.
«Өзіммен-өзім»- бұл тәсіл баланың
өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне
септігін
тигізеді.Тәрбиеші
баланың
көңіл-күйін көтеру негізінде төмендегі
мәселелерді ескеруі қажет:
• балалармен
бірге
айтылатын
тақырыпқа сәйкес ойды, сұрақтарды,
мәтінді бірқалыпты үнмен, жағымды
эмоциялық көңіл-күй туындайтындай
түрде айтуы керек;
• мәтін мазмұнын баяндап тұрғанда
сазды музыка әуені баяу ойнап тұрғаны
тиімді;
• әуен сазы, баланың көңіл-күйіне әсер
ететіндей, ойлануға, өткенді елестетуге,
қиялдауға,
моральдық,
этикалық
ережелердің мінез-құлықтың жағымды
жақтарына ықпал етуі қажет.Жаттығу
аяқталғаннан кейін тәрбиеші балалармен
қысқаша әңгіме өткізеді.
«Тыныштың сәті»- балаларға
күн
сайын бірнеше минут «тыныштыққа бой
алдыра» білу өте маңызды. Бұл әрекетті
кез-келген жерде және кез- келген
уақытта
жасап
көруге
болады.
Балалардың ыңғайлы жағдайда отыруын
ескертіп, қадағалап отыру керек. Арқаны
тік ұстап еркін отырады. Бүкіл денені
босаңсытып, қолды тізеге қояды. Ойды
ізгілік күйге бейімдеу дегеніміз өзіне
және жақындарына іштей игі тілек
білдіру
болып
табылады.Толық
тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы
мен тыныс алуы реттеледі, денесі
жеңілденеді.Ол өз ойын жинақтай алу
мүмкіндігіне ие болады, өзінің сезімі мен
көңіл-күйін жақсы сезінеді.