«Сергіту сәті» —
шаршағанды
ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға,
денеге түскен күшті төмендетуге қажетті
өзін-өзі
тану
сабақтарының
компоненті.Бұл
жұмыс
олардың
белсенділігін
арттыру
үшін
қолданылады.Сергіту жаттығулары бір
әрекеттен
басқа
әрекетке
ауысуға
бағытталған қысқа ойындар түрінде
жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта
жақсы
көңіл-күй
тудырады,
ұқыптылықты, ұжымға топтасуға ықпал
етеді.
«Дәптермен жумыс». Дәптердегі
тапсырмаларды
орындаудағы
негізгі
мақсат -
балалардың жағдаяттарға сәйкес ойлау
қабілеттерін
қалыптастыру,
өз
іс-
әрекетінің нәтижесін білуге баулу.
Сонымен қатар төмендегідей бірнеше
міндеттерді шешуді көздейді:
•өзіндік талдау жасай білудің алғашқы
дағдыларын қалыптастыру;
•дәл осы мерзімге сәйкес өзінің іс-
әрекетін тексере білу;
Тәрбиешілер
дәптердегі
шығармашылық тапсырмаларды орындау
үшін ата-аналарға арнайы кеңес беруі
керек:
•ата-ананы сол күні өткізілген сабақ
мазмұнымен таныстыру;
•дәптердегі
тапсырмаларды
орындаудың
ретін
түсіндіру
және
орындалу барысына бағыт беру, оны
балаға қарапайым түрде түсіндіру.
«Шығармашылық жұмыс»- өзін-өзі
тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет
салу,
макет,
коллаж
жасау әртүрлі
нысанда өз
бетінше
және
ұжымдық
әрекеттер
арқылы
жүзеге
асырылады. Шығармашылық
тапсырмаларды
орындаудағы
негізгі
мақсат-
балалардың
қызығушылығын
туғызу, бір-бірімен қарым-қатынас жасай
білуге
үйрету,
ойлау
қабілеттерін
қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін
білуге баулу.